check
A A A
Skip to content

You are here

"Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзекті мәселе" атты материал газеттің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 109-112 санында жарық көрді 

"Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзекті мәселе" атты материал газеттің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 109-112 санында жарық көрді 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Қарақұсова

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзекті мәселе

Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша халықаралық қоғамдастық 28 сәуірде Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Бұл дәстүр өндірісте қаза тапқан және жара қаттанған, кәсіптік аурулардан зардап шеккен дерді еске алу мақсатында атап өтіледі және ол кез келген өндірістік жағдайлардағы адамның өмірі мен денсаулығы басымдығына тағы бір мәрте назар аудартудың қажеттілігі ретінде қызмет етеді.

Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша әлемде жыл сайын 270 миллионға жуық жазатайым оқиғалар тіркеледі, 160 мил­ лион азаматтың кәсіптік аурулары айқындалып, 2 миллионнан астам ерлер мен әйелдер өндірісте қаза табады екен. Бұл деректер әлемдік экономика жалпы ішкі өнімнің кемінде 4 пайызынан айырылатындығын көрсетеді.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету пробле малары - Қазақстанда да көкейкесті мәселе лердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Еліміздің кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік-қүқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен санитарлық-сауықтыру іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады. Өндірістік жарақаттану деңгейі төмендеп келеді. Мәселен, 2003 жылы 1000 жұмыс істейтін адамға шаққандағы жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті ),91-ден 0,85 пайызға дейін төмендеді. Тексер улер көрсеткеніндей, экономика салаларындағы і рі кәсіпорындардың көбінде еңбекті қорғау жөн ініндегі қызметтер құрылған, олар өз мәртебесі бо йынша негізгі өндірістік қызметтерге теңест ірілген және сол ұйымның басшысына бағынад ы. Жұмыс берушілер қызметкерлердің жұмыс орындарындағы санитарлық-тұрмыстық жағдайл арын жақсарту жөнінде шаралар қолдануда. Еңбекті қорғауға, оның ішінде жеке қорғану құралдарына, арнайы тамақтануға, т.б. қосымш а қаражат бөлу мүмкіндіктерін іздестіруде.

Бірақ, қолданылып жатқан шараларға қарам астан, өндірістік жарақаттардың саны мен олардың салдарынан болатын адамдар трагедиял ары және экономикалық шығындар біздің мемлекетімізді де айналып өтіп отырған жоқ. Соңғы жылдары республика өндірісінде жыл сайын үш мыңнан астам жазатайым оқиғалар орын алады. Соның салдарынан 300-350 адам қаза табады, мындаған азамат кәсіптік аурулар­ дан зардап шегеді. Әсіресе, тау-кен металлургия кәсіпорындарындағы және құрылыс саласындағы жағдай ерекше алаңдатушылық туғызып отыр. Өндірісте зардап шеккен барлық азаматтардың 40 пайызынан астамы осы саланың үлесіне тиеді. Жол-көлік апаттары салдарынан да едәуір залал келеді. Өңірлерде өндірістік жарақаттану жағдайы бойынша ең жоғары көрсеткіштер Шығыс Қазақ стан мен Қарағанды облыстарында тіркеліп отыр.

Талдау нәтижелеріне қарағанда, қазіргі уақыт та еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау төңі регінде қалыптасқан жағдайларға жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырылуы әсер етуде. Мұндай жағдайдың қалыптасуына, сондай- ақ негізгі өндірістік қорлардың жоғары деңгейде тозуы әсер етіп отыр. Статистика органдарының мәліметтері бойынша, 2003 жылдың басына қарай тау-кен өнеркәсібіндегі негізгі қорлардың тозуы - 25,4 пайызға, химия өндірісінде - 38,4 металлургия өнеркәсібінде - 39,5 пайызға жеткен. Өндірістің техникалық түрғыдан баяу қайта жарақтандырылуы, өндірісті жаңғыртуға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қара жаттың жеткіліксіз бөлінуі, сондай-ақ өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаны ластауы да оны үлғайта түсуде.

Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалар дың өсуіне жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатыс ты құбылыстардың сақталуы көп жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласын дағы нормативтік-қүқықтық базаның жеткілік сіздігіне, оның экономикалық реформалар қарқынына үлгермей, артта қалып қоюына да байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі - еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатта "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" жаңа заң әзірленіп, ол үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап күшіне енді. Бұл заң Қазақстан Республикасындагы еңбекті қор ғаудың құқықтық, экономикалық және әлеу меттік негіздерін және мемлекеттік саясаттың еңбек қауіпсіздігі, еңбек гигаенасы мен еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттарын, сондай- ақ өндірістегі жазатайым оқиғалар мен апаттар дың алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді.

Халықаралық еңбек қауіпсіздігі стандарт тарын сақтау үшін Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі конвенция және еңбекті қорғауды басқарудың халықаралық жүйесінің жаңа үлгісі бойынша ұсынылған стандарттарды (МОТ-СУОТ 2001) бейімдеп; әлеуметтік әріптес тіктің мүмкіндіктерін барынша пайдалану көзде ліп отыр. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттары мен нормативтерін, ұсыныстарды, ережелерді, еңбек жағдайларының сараптамасын, т.б. еңбекті қорғау заңнамаларына сәйкес ғылыми тұрғыдан әзірлеуді қамтамасыз ету үшін Үкімет үстіміздегі жылы "Республикалық еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру тура лы шешім қабылдады. Бұл жұмыс Қазақстан ның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жөнін дегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдар ламасы шеңберінде жүргізілуде. Осыған байла нысты жақын арада біздің көптеген алдыңғы қатардағы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің халықаралық сертификаттары болуы тиіс. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың міндетті мониторингі енгізілуде.

Еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құру жө ніндегі аса перспективалы және экономикалык жағынан негізделген тәсілдерін белгілеу жұмыс берушілерді қауіпсіз технологиялар әзірлеу және енгізу, еңбек қауіпсіздігіне қол жеткізу және өндірістік жарақаттануды ба- рынша төмендету үшін мате риалдық және қаржы ресурс тарын ұтымды пайдалануда экономикалық ынталан дыруга сүйенеді. Бұрын қол данылган заңмен салыстырғ анда жаңа занда еңбек қаты настары тараптарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қор ғау талаптарын сақтау жөнін дегі міндеттері нақтыланған. Бұл ретте жұмыс беруші лердің қауіпсіз еңбек жағ дайларын жасаудың жауап кершілігін арттыру жөнінде шаралар көзделген. Жұмыс беруші жұмыс істейтіндердің саны 50 адамнан асатын әр кәсіпорында еңбек қауіпсіз дігі және еңбекті қорғау қызметін құратын болады.

Бұл тұрғыда еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау да маңыз ды рөл атқарады. Ол жұмыс орындарындагы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін, орын далатын жұмыстардың зияндылық, ауырлық және қауырттылық дәрежесін айқындауға мүм кіндік береді. Егер де өндіріс жағдайлары қауіп сіздік стандарттарына сәйкес келмесе, жұмыс беруші олқылықтарды жоюға және еңбектің қолайлы жағдайларын туғызуға міндетті болады. Аттестаттау нәтижелері өндірістік нысан­ дарды сертифакаттау және паспорттау, қызмет кердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру, кәсіптік қатердің класын белгілеу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі проблемаларды шешуге бағытталган ұйымдық және санитарлық- техникалық іс-шаралардың толық кешенін өткізу мақсатында пайдаланылатын болады. Заңда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағ алауды күшейту шаралары көзделген, мем лекеттік еңбек инспекторларының құқықтық мәртебесі нақтыланған. Енді жазатайым оқиғаларды зерттеп-тексеру тәртібін бекіту көзделіп отыр. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында еңбек қатынастары субъектілеріне ықпал етудің экономикалық және әкімшілік шаралары енгізіліп, қыз меткердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің шарттары мен тәртібі белгіленуде.

Бұл қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатысты басымдықты, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуды қам тамасыз етеді. Халықаралық нормалар мен талаптарды ескере отырып, еңбек заңна масының сақталуына қоғамдық бақылау (еңбек ті қорғау жоніндегі комитеттер) енгізу көзделіп отыр. Әр ұйымда құрылатын комитеттердің құрамына жұмыс берушілер мен қызмет керлердің өкілдері паритеттік негізде енуге тиіс. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқарудың жаңа жүйесін енгізу кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Бұл үшін қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жобасы және 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бағдарламасы әзірленуде.

 

Changed on 30 July, 2004 - 07:00
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS