check
A A A
Skip to content

You are here

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасы іс-шараларының жоспарын іске асыру туралы ақпарат (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыреті бойынша)

     
     
 
 
 
 

Р/с

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары»

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасы                іс-шараларының жоспары

Аталған бағыт бойынша өткізілген, өткізіліп жатқан және жоспарланған жұмыс туралы қысқаша баяндау

1

2

3

  • БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ – ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ    

кәсіптік-техникалық және жоғары білім беруде

1.11. Бизнес пен жұмыс берушілерді кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі мен ұйымдарын басқаруға, олардың қызметіне жәрдемдесуге, кәсіби стандарттарды әзірлеуге, оқитындарды практикалық даярлауға, түлектерді сертификаттауға және жұмысқа орналастыруға кеңінен тартуды қамтамасыз ету

2

Экономикалық қызметтің әртүрлі салалары үшін кәсіби стандарттарды келісу (тізілімдер)

Орындалуда: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мынадай жұмыстар атқарды:

    - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде Ұлттық біліктілік жүйесі (бұдан әрі – ҰБЖ)  бойынша норма бекітілген.

    Кодекстің 10-тарауы мынадай элементтерді: ұлттық біліктілік шеңберін, салалық біліктілік шеңберлерін, кәсіби стандарттарды, маманның кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растауды қамтитын Ұлттық біліктілік жүйесін енгізуді көздейді.

    Аталған тараумен еңбек жөніндегі уәкілетті органның және басқа мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер бірлестіктері мен  қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерін, кәсіби стандарттарды, белгіленген нысан бойынша Кәсіби стандарттардың тізілімін  әзірлеу, қызметкерлердің біліктілігін сертификаттау жүйесін енгізу құзыреті айқындалған.

     - ҰБЖ элементтерін енгізу үшін Министрлік: Кәсіби стандарттардың құрылымын және Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу, қолдану  және бекіту қағидаларын, Кәсіптік стандарттар тізілімінің нысанын әзірлеп, бұйрықтармен бекітті. 

Р/с

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары»

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасы                іс-шараларының жоспары

Аталған бағыт бойынша өткізілген, өткізіліп жатқан және жоспарланған жұмыс туралы қысқаша баяндау

1

2

3

 

 

   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» бірлескен бұйрық әзірлеп, қабылдады.

    Қазіргі кезде, Министрлік туризм және қонақжайлылық саласына арналған кәсіби стандарттарды келісіп, оларды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бекітті, ауыл шаруашылығы саласына арналған кәсіби стандарттар қаралды, Дүниежүзілік банк жобасы шеңберінде ҚР БҒМ-ның Жобаны басқару тобы әзірлеген біліктілік және кәсіби стандарттардың салалық шеңберін әзірлеу әдістемелерінің жобалары қаралды.

   Мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер бірлестіктері мен қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің заманауи және тиімді жүйесін құру бойынша жұмыстар келісіп жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Министрлік Ұлттық біліктілік жүйені дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құрды.

   Ағымдағы жылғы ақпан айында Үйлестіру кеңесінің сараптамалық тобы мемлекеттік органдардың кәсіби стандарттарды, кәсіби стандарттарды әзірлеу әдістемелерін жасау жоспарына қатысты мәселелер бойынша екі отырыс өткізді.

   Мемлекеттік органдар кәсіби стандарттарды кәсіби стандарттардың тізілімінде тіркеген кейін («Кәсіби стандарттар тізілімінің нысанын бекіту туралы» Еңбек министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі           № 363-ө-м бұйрығымен бекітілді) ақпарат Министрлікті интернет-ресурсына (www.enbek.gov.kz «Еңбек және еңбекке ақы төлеу» айдарына)  орналастырылады.         

2. ЭКОНОМИКА: ДАМУДЫҢ ЖАҢА ӨЛШЕМДЕРІ  

Қолжетімді еңбек және лайықты жалақы

3.20. Халықтың табысын арттыру

1

Өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдарды,

Орындалуда: 2012 жылы Бағдарламаға қатысушылардың құрамына

Р/с

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары»

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасы                іс-шараларының жоспары

Аталған бағыт бойынша өткізілген, өткізіліп жатқан және жоспарланған жұмыс туралы қысқаша баяндау

1

2

3

 

жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды (1,5 млн. адамды қамтумен) тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру мақсатында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын толыққанды іске асыру:

  • өз бетінше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз, табысы аз  адамдарды оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

- ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;

- еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

- ауылдық елді мекендерді дамыту.   

102,8 адам қосылды. Әлеуметтік келісімшартқа қол қойған қатысушылар қатарында 67 882 адам (66,0 %) – жұмыссыз, 27 881 адам (27,1 %) – өз бетінше жұмыспен айналысатын, 6 333 адам  (6,2 %) – табысы аз адам және 703 (0,7 %) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкер болып табылады, 2012 жылғы төртінші тоқсанда жұмыссыздардың деңгейі 5,3 % құрайды (АРКС-тың 09.01.2013 ж. бағалауы). Жұмыспен қамтылған халықтың құрамында өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың үлесі 31,2 % құрайды.

   Төртінші бағыт бойынша Бағдарламаның жоспарланған қаржыландыру мөлшері 2013 жылға арналған республикалық бюджетте 74,4 млрд. теңгені құрайды.

   Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша жүгінген адамдардың саны 2013 жылғы 1 ақпанға 5,0 мың адамды құрайды, 3,2 мың адам әлеуметтік келісімшартқа қол қойды, бос жұмыс орындар дерекқорында бар бас жұмыс орындарға 537 адам жұмысқа орналастырылды.   

   2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы ақпарат Министрліктің  интернет-ресурсында (www.enbek.gov.kz «Жұмыспен қамту» айдарына) орналастырылды.     

3.21.  Стипендиялар төлей және жалақыны ішінара субсидиялай отырып, біліктілікті арттырудың,  кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың тегін курстарымен қамтамасыз ету

1

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының өз бетінше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз және табысы аз халқы қатарындағы қатысушыларды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету 

 Орындалуда: 2102 жылы білім беретін 426 ұйымда кәсіби оқыту жүзеге асырылды. Барлығы 63 154 адам (жоспардың 100 %) оқумен, оның ішінде: кәсіби даярлау бойынша – 48 253 адам; қайта даярлау бойынша – 12 029 адам; біліктілігін арттыру бойынша – 2 872 адам қамтылды, 28 024 адам оқуды аяқтап, оның 22 287-сі жұмысқа орналастырылды.

  «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бірінші бағыт бойынша 2013 жылы 18,2 млрд. теңге  бөлінді. 

Р/с

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары»

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасы                іс-шараларының жоспары

Аталған бағыт бойынша өткізілген, өткізіліп жатқан және жоспарланған жұмыс туралы қысқаша баяндау

1

2

3

 

 

2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 33,6 адам кәсіби оқуды жалғастырды, оның ішінде 96 адам оқуды аяқтады.     

   2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы ақпарат Министрліктің  интернет-ресурсында (www.enbek.gov.kz «Жұмыспен қамту» айдарына) орналастырылды.     

2

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларын, халықтың нысаналы тобына кіретін жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына және білім беру ұйымдарының бітірушілерін жастар практикасына  орналастыру

   Орындалуда: 2012 жылы халықтың нысаналы топтарына жатқызылған жұмыссыз азаматтар қатарынан 27 551 адам (жоспар бойынша 16 870 адам – 163,3 %әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына – 24 918 адам (15 896 адам) орналастырылды.

  2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 2 166 адам уақытша жұмыспен қамтылған, оның ішіне әлеуметтік жұмыс орындарына 1 574 адам, жастар практикасына – 592 адам орналастырылды.

    2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы ақпарат Министрліктің  интернет-ресурсында (www.enbek.gov.kz «Жұмыспен қамту» айдарына) орналастырылды.     

3.22. Сатып алу құқығымен типтік жалдамалы тұрғын үй беріп, «экономикалық өсу нүктесінен» көшіруді субсидиялау жолымен жұмысты және орналасқан жерді ауыстырған кезде қолайлы жағдайды қамтамасыз ету

1

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларды көшуге субсидия берумен және сатып алу құқымен:

- бір аудан ішінде

- бір облыс ішінде

- бір облыстан басқа облысқа көшу кезінде  қызметтік тұрғын үй берумен  отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелерін жаңа тұрғылықты жерінде кейін жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге ерікті көшіруді ұйымдастыру

  Орындалуда: Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бастап 8,1 адам немесе 2,2 мың отбасы көшірілді. Еңбекке қабілетті жастағы 3,7 мың адамның 2,3 мыңы жұмысқа орналастырылды.

   2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы ақпарат Министрліктің  интернет-ресурсында (www.enbek.gov.kz «Жұмыспен қамту» айдарына) орналастырылды.     

3.23. Мемлекеттік қолдау шаралары кешенін көрсету жолымен, оның ішінде микрокредиттер беру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу

 

Р/с

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары»

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасы                іс-шараларының жоспары

Аталған бағыт бойынша өткізілген, өткізіліп жатқан және жоспарланған жұмыс туралы қысқаша баяндау

1

2

3

1

Микрокредиттер халыққа жеке меншік істі қайтарымды негізде 5 жылға дейінгі мерзімге және 3 млн. теңгеге дейін барынша көп сомада ұйымдастыру немесе кеңейту үшін беру

  Орындалуда: 2010 жылы микрокредит беруге бөлінген қаражат есебінен  2012 жылы микрокредит алушылардың саны 6 572 адамды құрады.Микрокредит алушылардың қатарынан 4 558 адам жеке ісін ашты. Микрокредиттің орташа мөлшері 2 096 мың теңге деңгейінде болды.

  2013 жылы микрокредит беруге 16 951,3 млн. теңге көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,0 % жоғары.

  Жалпы жоспарланған микрокредит алушылардың саны 8 548 адамды құрайды.

   Ағымдағы жылы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге облыстық бюджеттерге кредит беру шарттарын бекіту туралы» қаулы жобасын мақұлдады. 

   

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БАСТЫ НӘТИЖЕСІ – ТАБЫСТЫҢ ӨСУІ

4.2. Жұмыссыздық деңгейі 5,4%, ал кедейлік 6,1% шегінде қамтамасыз етілетін болады

1

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын және өңірлерді дамыту бағдарламасын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жаңа жұмыс орындарын құру бөлігінде тиімді іске асыруды қамтамасыз ету

Орындалуда: Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 96,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес 213,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. 281,5 мың, оның ішінде ауылды жерлерде 128,6 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Халықты жұмыспен қамту бойынша басқа шаралармен қатар жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде өткізілетін іс-шаралар республикадағы еңбек нарығының жай-күйіне оң әсерін тигізді.

   Елімізде жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайыздан (2011ж. 4-тоқсан)  5,3 пайызға дейін (2012ж. 4-тоқсан) төмендеді. Қаралып отырған кезеңде жұмыспен қамтылғандардың саны 8429,1 мың адамнан 8499,9 адамға дейін көбейді. Жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі 32,4 %-дан 31,2 %-ға төмендеді.

Р/с

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары»

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасы                іс-шараларының жоспары

Аталған бағыт бойынша өткізілген, өткізіліп жатқан және жоспарланған жұмыс туралы қысқаша баяндау

1

2

3

Р/с

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары»

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасы                іс-шараларының жоспары

Аталған бағыт бойынша өткізілген, өткізіліп жатқан және жоспарланған жұмыс туралы қысқаша баяндау

 

 

Жастар жұмыссыздығы 2012 жылғы 4-тоқсанда 3,9 % құрап, ол 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмен болды.

     2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы ақпарат Министрліктің  интернет-ресурсында (www.enbek.gov.kz «Жұмыспен қамту» айдарына) орналастырылды.     

 

 

«Жұмыспен қамту» айдары

2

Экономика саласының еңбек ресурстарына деген қажеттілігін болжау және еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз ету

Орындалуда: «Ұлттық талдау орталығы» АҚ Мамандықтар, салалар, өңірлер бөлінісінде кадрларға деген қажеттілікті айқындау әдістемесін әзірледі, ол Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27сәуірдегі № 163-ө-м бұйрығымен бекітілді. Әдістеме бірқатар салалар мен республиканың өңірлері бөлісінде сынақтан өтті.                  2013 жылғы қаңтардан бастап ресми статистикалық нысандарға қосымша ірі және орташа кәсіпорындардың ағымдағы қажеттілігі туралы есеп қосылады. Өңірлердің Жұмыспен қамту картасы қалыптастырылды, ол еңбек ресурстарына деген қосымша болжамды сұранысты ұсыныспен салыстыруға және тиісінше еңбек нарығындағы теңсіздікті жою бойынша шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Ол бір жағынан өңірлерде іске асырылып жатқан барлық жобалардағы қадрларға деген қажеттілік туралы мәліметтерді, екінші жағынан еңбек ресурстарының көздерін (білім беру ұйымдарының түлектері, еңбекші көшіп-қонушылар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, әскерден оралған, жұмыстан босатылған адамдар)   қамтиды. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында берген тапсырмасына сәйкес 2014 жылдан бастап еңбек ресурстарының баланстары түрінде еңбек нарығы дамуының бес жылдық болжамын әзірлеуді қамтамасыз ету жоспарланады. Министрлік микро деңгейде ортамерзімді кезеңге арналған кадрға деген қажеттілікті айқындау мақсатында 3 жылдық болашағы бар экономиканың нақты секторының кәсіпорны үшін пікіртерім әзірледі.

Пікіртерімнің негізінде салалық министрліктер экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың, сауда және қаржы секторы саласының ортамерзімді кезеңге арналған қажеттілігі туралы сауалнама өткізеді.

  Қазақстан экономикасының жаңа және ерекше салалары бойынша (атом, ғарыш, өндіріс, биотехнология және т.б.) кадрға деген қажеттілік те айқындалатын болады. 

 ЭБЖМ-ге өткізілген зерттеулерді, сондай-ақ кәсіпорынның өткізілген сауалнамасын негізге ала отырып, ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейін ҚР Үкіметіне Кадрларға деген қажеттілікті айқындау әдістемесін жетілдіру, оның ішінде кадрларға деген қажеттілікті жыл сайын бағалау бойынша ұсыныс беру тапсырылды.

  Аталған бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.

3.

Ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халық үлесінің төмендеуі

Орындалуда: 2012 жылғы 4 тоқсанда ЕТКД мөлшерінен төмен табысы бар халықтың үлесі 2,9% құрады немесе 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 0,5% төмендеді.

5. АДАМ. ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

                                                                                                Мұқтаж адамдарға қамқорлық

5.2. Барлық ниет білдіргендерді және жұмыс істеуге мүмкіндігі бар адамдарды лайықты жұмыспен қамтамасыз ету

Күнкөрісі төмен халықты әлеуметтік қолдау

1

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен 60% дейін арттыру

Орындалуда: 2013 жылғы 1 тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін кедейлік шегі ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен 40% құрайды немесе 6865 теңге.

2012 жылы атаулы әлеуметтік көмек 1,9 млрд. теңге сомасында 97,3 мың адамға тағайындалды. 2013 жылы 1 наурыздағы жағдай бойынша 244,2 млрд. теңге сомасында 41,3 мың адамға тағайындалған.

2

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағының 30% дейін төмендеуі

Орындалуда: 2012 жылдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы 33,7% , бұл оң үрдіс болып табылады.

Зейнеткерлерге лайықты өмір

    5.4. Қазақстанның зейнетақы жүйесін жетілдіру және зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу

1.

Зейнетақы жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету

Орындалуда: Мемлекет басшысының жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық салымшыларының (алушылар) жеке зейнетақы шоттарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) шоғырландыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын іске асыру шеңберінде Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының (МЖЗҚ) базасында БЖЗҚ құру болжанады.

 Министрлік ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (жаңа редакцияда), сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірледі, олар мемлекеттік органдармен келісілді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізілді (2013 жылғы ақпандағы хатпен).

  Қазіргі кезде аталған заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің  қарап, келісу ресімінен өтуде. Келісудің қорытындысы бойынша заң жобалары белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізілетін болады.

   Аталған заң жобаларын 100% мемлекеттік қатысумен және зейнетақы активтерін  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне сенімділікпен басқаруға берумен МЖЗҚ базасында БЖЗҚ құру көзделеді.

БЖЗҚ құру азаматтардың зейнетақы жинақтары қолданыстағы ЖЗҚ-дан толық көлемде аударылатын салымшылардың (алушылардың)  дербес зейнетақы шоттарының жүйесін және зейнетақы жинақтарының  сақталуына мемлекеттік кепілдіктер механизмін сақтауды болжайды. Бұл ретте өтпелі кезең енгізілетін болады, оның негізінде зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарын аудару тоқтатыла тұрады.

Жұмыс істеп тұрған жинақтаушы зейнетақы қорына БЖЗЖ инвестициялық портфелін басқарушы ретінде (зейнетақы активтерін басқару лицензиясын заңнамалық тұрғыдан инвестициялық портфельді басқару лицензиясына ауыстыру құқығы беріледі) немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына қайта ұйымдасу құқығы беріледі. 

ДЖЗЖ  зейнетақы активтерін инвестициялық басқару үшін БЗЖҚ басқару жөніндегі кеңес құру болжанады. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы БЖЗЖ зейнетақы активтерін тиімді басқару және инвестициялық стратегияларды (зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген құралдардың тізбесі)   айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуші консультативтік-кеңес органы болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіден, қаржылық нарық қатысушыларынан екі өкілден және үш тәуелсіз сарапшы кіреді.

Ұлттық Банк зейнетақы активтерін, оның ішінде ішкі және сыртқы бағалы қағаздар нарығында  сенімгерлікпен басқаратын болады. Заң жобасы Ұлттық Банкке инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыларды таңдау құқығын береді. Бұл ретте Ұлттық Банк БЖЗҚ кастодиан банк және БЖЗҚ зейнетақы активтерін есепке алу және бағалау мәселесі бойынша реттеуші болып табылады.

 

Жастар табысы – елдің табысы

5.5. Жастардың өзін-өзі іске асыруына мүмкіндік беру

1.

Жұмыссыздар қатарынан орта, техникалық-кәсіптік және жоғары оқу орындарының түлектерін Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы және өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде жастар практикасын өту үшін құрылған жұмыс орындарына орналастыру

Орындалуда: 2012 жылы кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері қатарынан  Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде – 24,9 мың адамға, ал аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз жасқа жастар практикасына жолдама берілді. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылу қорытындылары туралы ақпарат Министрліктің интернет ресурсына (www. Endek.kz «Жұмыспен қамту» айдарына) орналастырылды.

2.

«Жастар практикасын» іске асырудың ақпараттық-насихаттау жұмыстарын, оның ішінде еліміздің ЖОО мен ОАОО түлектерінің арасында жүргізу

Орындалуда: Жастарды еңбек нарығындағы жағдай туралы хабарландыру, бос жұмыс орындары, жұмыссыз  жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыспен қамту органдары жүргізген  іс-шаралар туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарының электронды және баспа құралдары арқылы тұрақты түрде жүзеге асырылады.

  Сондай-ақ жұмыспен қамту органдары мамандарының аудандарға, ауылдық округтерге баруы тәжірибеге енгізілген, онда жастармен кездесулері ұйымдастырылады, оларды жұмысқа орналастыру бөлігінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

   2012 жылдың басынан бері мерзімді баспада Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру барысы туралы жаңалық, ақпараттық-талдау материалдары тұрақты негізде жарияланды.

  Мониторингілеу деректері бойынша 2012 жылдың басынан бері республикалық телеарналар эфирінде 861-ге жуық сюжет шыққан, мерзімді  басылымдарда 863 мақала жарияланған.

Аталған бағытты жариялайтын   БАҚ басылымдары арасында «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Ел және әлем», «Литер», «Айқын», «Экспресс-Е», «Известия Казахстан», «Алаш айнасы», «Заң газеті», «Казинформ», «Bnews» ақпараттық агенттігін ерекше атауға болады.

  «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша мақалалар «Мемлекеттік мәселе», «Кәсібің – нәсібің», «Новый социальный поворот», «Запас прочности», «Регионы», «Ауыл ахуалы»  атты мамандандырылған айдарында және «Үкімет», Жұмыспен қамту, «Общество» атты арнайы жолақтарда   орналасты.

                                                                                               Жайлы өмір сүру жағдайы

5.6. Кемінде 24,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз ету

5.9. Біз күнкөрісі төмен азаматтарға жөндеуге арналған шығыстарға және қаражат жинақтауға жарналарға ақы төлеу үшін атаулы қолдау көрсететін боламыз.

1.

Күнкөрісі төмен азаматтарға кондоминимум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге тұрғын үй көмегін ұсыну

Орындалуда: 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 124,4 мың отбасыға 2 948,7 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды, оның ішінде күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминимум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі  жөндеуге 576,9 млн. теңге

 

 

 

            Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасының іс-шаралар жоспарын 2012 жылы іске асыру барысы туралы ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыреті бойынша  Министрліктің интернет ресурсында (www.enbek.gov.kz «Ресми бөлім» айдарында) орналастырылған.

 
 
 
 
     
 
 

Организация профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации участников Программы занятости 2020 из числа самостоятельного, безработного и малообеспеченного населения, а также частично занятых наемных работников

 
     
 
 

Организация добровольного переезда участников Программы занятости 2020 из населенных пунктов с низким потенциалом социально-экономического развития в населенные пункты с высоким потенциалом социально-экономического развития и центры экономического роста с целью последующего трудоустройства на новом месте жительства всех трудоспособных членов семьи, с предоставлением субсидий на переезд и типового служебного жилья с правом выкупа:

- в пределах одного района

- в пределах одной области

- из одной области в другую

 
 
 

Предоставление на возвратной основе микрокредитов участникам Программы занятости 2020 на открытие или расширение собственного дела сроком до 5 лет и максимальной суммой до 3 млн. тенге

 
 
 
 

Обеспечение эффективной реализации Программы занятости 2020 и программ развития регионов в части содействия занятости населения и создания новых рабочих мест.

 
 

Прогнозирование потребности отраслей экономики в трудовых ресурсах и обеспечение сбалансированности спроса и предложения на рынке труда.

 
 

Снижение доли населения с доходами ниже величины прожиточного минимума

 
 
 
 
 
 

Повышение порогового уровня оказания адресной социальной помощи до 60% от величины прожиточного минимума

 
 

Снижение удельного веса трудоспособного населения в составе получателей адресной социальной помощи до 30%

 
 
 
 

Обеспечение совершенствования пенсионной системы

 
 
 

1.

Содействие в трудоустройстве выпускников организаций среднего, техническо-профессионального и высшего образования из числа безработных граждан на рабочие места, созданные для прохождения молодежной практики в рамках Программы занятости 2020 и программ развития регионов

 

2.

Проведение информационно-пропагандисткой работы реализации «Молодежной практики», в том числе среди выпусников ВУЗов и ССУЗов страны

 

Комфортные условия жизни

5.6. Обеспечить строительство не менее 24,3 млн. квадратных метров жилья

5.9. Мы будем оказывать адресную поддержку малообеспеченным гражданам для оплаты расходов на ремонт и взносов на накопление средств

1.

Предоставление малообеспеченным гражданам жилищной помощи на ремонт общего имущества объектов кондоминиума

На исполнении: по состоянию на 1 января 2013 года 124,4 тыс. семьям назначена жилищная помощь в сумме 2 948,7 млн. тенге, в т.ч.   на капитальный ремонт  и (или) взносов на накопление средств  на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминимума       576,9 млн. тенге.

 

 

Categories:
Changed on 27 March, 2013 - 18:13
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS