check
A A A
Skip to content

You are here

ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІК ШЕҢБЕРІН КӘСІПТІК ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА СӘЙКЕСТІККЕ КЕЛТІРУ

Экономиканың дамуының инновациялық бағыты білімдерді өндірудің жаңа тиімді тетіктерін іздеуді, білім капиталын тәжірибелік дағдыларға және адами капиталды дамытуға беру үшін жағдайлар жасауды талап етеді.

Бәсекеге қабілетті азаматтарды қалыптастыру еңбек нарығының, білімнің және оқытудың тиімді өзара іс-қимылы көмегімен пайда болады. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда бұл мақсатқа Ұлттық біліктілік жүйені енгізу және пайдалану арқылы қол жеткізіледі, ол өзара төрт элементті қисындастыра отырып, еңбек нарығы және білім арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Бірінші және іргелі элемент – бұл Ұлттық біліктілік шеңбері және салалық біліктілік шеңберлері. Олар біртектес кәсіптер түрін талап етілетін біліктілік деңгейлері бойынша барлық еңбек нарығының және жеке салалардың ауқымында бөледі.

Екінші элемент – бұл кәсіптік стандарттар, яғни жұмыс берушілердің қандай да бір кәсіптердің білімдері мен дағдыларына қойылатын талаптары. Басқа сөзбен айтқанда, бұл еңбек нарығының кадрларға қойылатын «техникалық тапсырмасы».

Тағы бір элемент – бұл білім стандарттары және бағдарламалары. Бұл жерде жауапкершілік, кәсіптік стандарттарға сәйкес білім мазмұнының өзектілігін қамтамасыз ететін білім жүйесі жағында.

Соңғысы – бұл жұмыскердің біліктілікті бағалауы және ілеспелі тағайындауы немесе растауы.

Ұлттық біліктілік шеңбері деген не?

Ұлттық біліктілік шеңбері Ұлттық біліктілік жүйесінің іргелі элементі болып табылады.

Ұлттық біліктілік шеңбері – бұл еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымданған сипаттамасы. Қазақстанның Ұлттық біліктілік шеңбері 8 біліктілік деңгейлерінен және кәсіптік қызметтің жалпы мінездерінің сипаттамасынан тұрады.

Ұлттық біліктілік шеңберінің негізінде жұмыс берушілердің қатысуымен салалық біліктілік шеңберлері және кәсіптік стандарттар әзірленуде, оған жұмыс берушілер жұмысшылардың дағдыларына және біліктілігіне қойылатын өз талаптарын салады.

Ұлттық біліктілік шеңбері көмегімен білім жүйесін жетілдіруге болады ма?

Ұлттық біліктілік шеңбері шынымен білім және оқыту жүйесін жетілдіруге арналған құрал ретінде қолданыла алады.

Жұмысшылардың қоятын талаптары ескерілген біліктілік шеңберлеріне және кәсіптік стандарттарына оқыту бағдарламаларын бағыттай отырып, оқушылар алып жатқан біліктіліктің өзектілігі мен сапасын арттыруға болады.

Барлық Ұлттық біліктілік шеңберлері «оқыту нәтижелеріне» негізделеді. Қазақстанның Ұлттық біліктілік шеңберінде оқыту нәтижелері үш дәрежеге бөлінеді: «білімдер», «машықтар және дағдылар», «тұлғалық және кәсіптік құзыреттер». Сонымен бірге «тұлғалық және кәсіптік құзыреттер» басшылықпен әрекет ету, өз бетінше жұмысты орындау және басқаларына басшылық ету икемділігінде көрінеді.

Оқыту нәтижелері бұл, күтілетіндей, оқытылып жатқан адамның оқу аяқталғаннан кейінгі білімі, түсінігі және көрсете білу күйі. Оқыту нәтижелері бізге біліктіліктің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, біліктілік, дипломның болуы сияқты формалды көрсеткіштермен емес, жұмысшының машығы мен білімі арқылы анықталады. Көптеген елдерде, Қазақстанды қосқанда, дәстүрлі түрде тек формалды білім және диплом алу арқылы біліктілікті алуға болады. Мысалы, Қазақстанда «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі біліктілік болып саналады.

Оқыту нәтижелері білім беру бағдарламаларында және оқу процесінде әсер етсе, онда еңбек нарығы және білім жүйесі арасында өзара байланыс орнатылады. Демек, жұмыс беруші де, оқу орны да бірыңғай және анық «дескрипторларды», яғни әр түрлі біліктілік деңгейлерін анықтауды пайдаланады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, білімдерге негізделген қоғамды қалыптастыру тұрғысынан экономикалық дамыған елдер өздерінің кәсіптік білім жүйелерін жаңғыртты және оқыту нәтижелері мен құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламаларын іске асыруға ауысуды жүзеге асырды.

Оқыту нәтижелері мен құзыреттілік арасында қандай айырмашылық бар?

Оқыту нәтижелерін еңбек саласы анықтайды, ал білім кеңістігінде нәтижелер білімдерді, машықтарды және дағдыларды біріктіретін құзыреттіліктер арқылы көрінеді. Дәл оқыту нәтижелері біліктілік деңгейлерін анықтауға және оларды біліктілік шеңбері түрінде құрылымдауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда осы бағыт бойынша не жасалып жатыр?

Осы бағыттың маңыздылығы себептен 2016 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің шеңберінде «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы іске асырылуда.

Осы жобаның шеңберінде Ұлттық біліктілік жүйесі үшін негіз қалыптастыру бойынша іс-шаралар іске асырылып жатыр, ол кәсіптік стандарттардың және тәуелсіз сертификаттау жүйесі негізінде 550 кәсіптік стандарттарды, 360 білім беру бағдарламаларын қамтиды.

Соның ішінде, «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде Ұлттық біліктілік шеңберін кәсіптік және жоғары білім беру бағдарламалары мен сәйкестікке келтіруге жүйелік тәсілді әзірлеу мақсатында алдыңғы қатарлы тәжірибеге шолу жүргізу жоспарлануда.

Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің, олардың еңбек нарығының талаптарына сәйкестігінің қолданыстағы тетіктеріне шолу және бағалау жүргізу. Сондай-ақ әлемдік тәжірибеде және Қазақстанда сапаны қамтамасыз ету тетіктері зерделенеді.

Осы жұмыстың нәтижесінде кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдіснамасы және білім деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін еңбек шығындарының бағасын есептеу әдістемесі ұсынылады.

Одан басқа, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдіснамасының ұлттық сарапшыларын оқыту көзделген және Қазақстанда білім беру бағдарламаларының сертификатталған әзірлеушілерінің ортақтастығы құрылады.

Аталған жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және техникалық және кәсіптік білім бойынша – «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша – «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК үйлестіруші ұйымдарының қолдауымен іске асырылады.

Еңбек нарығының сұрауына және халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламалары құрылымының және мазмұнының жаңаруы Қазақстанның білім жүйесін дамытудың басым бағыттарына жатқызылды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, әсіресе Қазақстанның үшінші жаңғыруы жағдайында жоғары мамандандырылған жұмыс күшін өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Авторлар: Қонқаева Сандуғаш, Закиева Альмира

Changed on 30 May, 2017 - 23:19
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS