check
A A A
Skip to content

You are here

Қазақстанның үшінші жаңғыруы жағдайында ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерін енгізу арқылы жаңа еңбек ресурстарын тудыру

Қазақстанның үшінші жаңғыруы жағдайында ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерін енгізу арқылы жаңа еңбек ресурстарын тудыру

Еліміздің әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігі әрбір адамның бәсекеге қабілеттілігіне байланысты. Қазақстанның мақсаты – әлемнің отыз дамыған мемлекетіне кіру адами капиталды дамытуды және ғылымды қажет ететін экономиканың талаптарына сәйкес келетін жаңа жұмыскерлер типін қалыптастыруды көздейді.

 «Болашаққа апарар көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында Елбасы, технологиялық революция таяудағы онжылдықта әрекеттегі кәсіптер бөлігінің жойылуына апаратынын атап өтті.

Еңбек нарығының тез өзгеретін сыртқы жағдайлары және талаптары кезінде бәсекеге қабілеттілік адамның осы өзгерістерге бейімделе білу және өмір бойы оқу болып саналады. Әркімнің бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте адамның өзіне байланысты болса да, еңбек ресурстарының келе жатқан ауысуына жағдай жасауға мемлекеттің стратегиялық рөлін жете бағаламауға болмайды.

Дәл осы үшін Ұлттық біліктілік жүйесі әзірленеді. Төменде осы тақырыпқа арналған сұрақтар мен жауаптар ұсынылған:

  1. Ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеу не үшін қажет болды?

Барлық заманауи әлемде азаматтардың бәсекеге қабілеттігін қалыптастыру үшін еңбек нарығының және білімнің тиімді өзара іс-қимылы Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу және пайдалану арқылы жүзеге асады, оның іргелі бөліктері Ұлттық біліктілік шеңберлері және салалық біліктілік шеңберлері болып табылады.

 Қазақстанда Ұлттық біліктілік шеңбері 2012 жылы бекітілген және 2016 жылы еңбек нарығының талаптарын және экономика дамуының заманауи үрдістерін ескере отырып жаңартылған.

  1. Осы ұлттық жүйе нені білдіреді?

Ол өзара байланысқан төрт элемент болып саналады.

Бірінші және түбегейлі элемент – бұл Ұлттық біліктілік шеңбері және салалық біліктілік шеңбері. Олар барлық еңбек нарығының және жеке салалардың ауқымында талап етілетін біліктілік деңгейлері бойынша кәсіптердің біртектес түрлерін үлестіреді.

Екінші элемент – кәсіптік стандарттар, яғни жұмыс берушілердің кез келген кәсіптері үшін білімдер мен дағдыларға қойылатын талаптар. Басқаша айтқанда, бұл еңбек нарығынан кадрларға қойылатын «техникалық тапсырмасы».

Тағы бір элемент – білім беру стандарттары және бағдарламалары. Бұл жерде білім жүйесі басымдық болып табылады, ол кәсіптік стандарттарға сәйкес білім мазмұнының өзектілігін қамтамасыз етеді.

Және соңғысы – бұл жұмысшының біліктілікті бағалауы және ілеспелі тағайындауы немесе растауы.

  1. Түбегейлі болып біліктілік шеңберлері шығады. Ұлттық біліктілік жүйесі туралы толығырақ білгіміз келеді

 Шын мәнінде бұл еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы. Қазақстандық жүйеде 8 біліктілік деңгейлері айқындалды. Яғни, адам еңбек нарығына, бастауыш деңгейге сәйкес келетін, ең аз білімдермен, машықтармен және дағдылармен кіре алады. Одан кейін жұмыс өтілін жинай отырып, жаңа білімдер ала отырып, өз дағдыларын жетілдіріп, өз қызмет жолын құрады және бірінші деңгейден жоғарырақ біліктілік деңгейлеріне қозғала алады.

Мысалы, бірінші деңгейде тек бастауыш мектеп білімін алған және жұмыс орнында базалық нұсқамаларды өткен жұмысшылар орналасады. Мұндай жұмысшы тек аға қызметкердің басшылығымен элементарлық және стандарттық тәжірибелік тапсырмаларды орындай алады және оның базалық білімдері ғана бар. Ал орта буын маманының дипломын алған колледждің түлегі өз қызмет жолын төртінші біліктілік деңгейінен бастайды. Солай көтеріле береді. Ақырғы, сегізінші деңгей ең біліктілігі жоғары маманды, өзінің саласында стратегиялық басқарушылық қызметті жүзеге асыруды, мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдарды дамытуды және нәтижеге қол жеткізуге толық жауапкершілікті көтеруді айқындайды. Әдетте бұл біліктілік деңгейге салалық министрліктердің басшыларын немесе ірі кәсіпорындардың немесе өз саласындағы ұйымның басшыларын орналастырады.

  1. Дегенмен барлық кәсіптерге ортақ критерилер бола алады ма?

Әрине, жоқ. Ұлттық жүйес негізді, жалпы стандартты айқындайды. Осыдан шыға отырып, әрбір салаға және мамандыққа - Салалық біліктілік шеңберлері әзірленеді. Сондай-ақ салалық стандарттарды әзірлеуге дәл осы саланың мамандары қатысатынын атап өткім келеді.

Мысал ретінде «құрылыс индустриясы» саласын алайық. Кәсіптік қызметке кірісе отырып, бастауыш білімі бар және жұмыс тәжірибесі жоқ жұмысшы Салалық біліктілік шеңберінің бірінші деңгейінен, яғни стажер, жүкші немесе қалаушы лауазымынан бастайды. Алайда, тиісті білім деңгейін, мысалы негізгі орта, кәсіптік-техникалық білім, бакалавр, магистр дәрежесін алып, тиісті білім мен машықтарды ала отырып, кәсіптік қайта даярлауды өтіп, жұмысшы одан әрі біліктілік шеңберінің деңгейлері бойынша жылжи алады.

Оқыту мен тәжірибенің нәтижесінде бірінші деңгейден кейін стажер біліктілік шеңберінің екінші деңгейінде арматурашы, шыны қайнатушы немесе машинист лауазымына ауысады. Одан әрі үшінші деңгей, онда арматурашы құрылыс бұйымдарын өндіруде жабдықтарды басқару операторы немесе құрылыс материалдарын өндіруде жабдықтарды баптаушы бола алады. Төртінші деңгейде жұмысшы өндіріс бойынша ауысымның мастері, диспетчер, сапа жөніндегі инженер лауазымын ала алады. Бесінші деңгейде, бакалавр немесе дипломдалған маман дәрежесі болған кезде, жұмысшы инженер-технолог, инженера-механик, бағыттау жөніндегі дизайнер және т.б. лауазымына ауыса алады. Алтыншы деңгейде жұмысшы өндірістің басшысы, жетекші энергетик, жетекші құрылымдаушы сияқты басшылық лауазымдарын алады. Магистр дәрежесін алғаннан кейін, біліктілік шеңберінің жетінші деңгейінде жұмысшы техникалық директор, бас механик немесе дамыту жөніндегі директор лауазымына үміттене алады. Біліктілік шеңберінің сегізінші деңгейінде кәсіпорынның президенті және бас директор лауазымдары саналады.

Салалық біліктілік шеңберінің негізінде, өз кезегінде кәсіптік стандарттар әзірленеді, олар кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбектің мазмұнына, сапасына және шарттарына қойылатын талаптарды айқындайды.

  1. Сонда да, бұл стандарттар – мемлекетке, жұмыс берушіге, жұмысшаға не үшін керек екені толықтай түсінікті болмай тұр? 

Осындай жүйені енгізу бәріне көмектеседі. Мемлекетке бұл еңбек нарығының және білім жүйесінің нақты саладағы стратегиясын құруға мүмкіндік береді.

 Жұмыс берушіге – өзінің қажеттіліктері туралы біліктілікте «жариялау», сондай-ақ кадрлық саясатты қалыптастыру, оқыту ұйымдастыру және жұмыскерлерді аттестаттау кезінде, лауазымдық нұсқауларды әзірлеу, жұмыстарды тарифтеу кезінде көмектеседі.

Білім беру саласына - жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін білім стандарттарын және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі.

 Жұмыскерге - өзінің кәсіптік дамуын жоспарлауға, өз біліктілігіне растау алуға, мансаптық мақсаттарын және оған қол жеткізу бойынша стратегияны айқындауға мүмкіндік береді.

  1. Біліктілік шеңберлері жұмысшыға өз мансабын жоспарлауға нақты қалайша көмектеседі?

Кәсіптік стандарттар өз қызметін жақсырақ жоспарлауға, мақсаттар қоюға мүмкіндік береді. Егер адам ортаны ауыстырғысы келсе, біліктілік шеңберлері мен стандарттар, әрекетте бар біліктілік кезіндегі ең аз еңбек шығыспен қандай ортаға қайта біліктіліктенуге болатынын айқындауға көмектеседі. Егер адам өз кәсібінде қалғысы келсе, стандарттар, өз ортасында талап етілетін болып және тиісті сыйақыны алу үшін қандай дағдыларды дамыту, қандай біліктіліктерді растау керек екенін айқындауға көмектеседі.

  1. Сіздің айтып жатқаныңыз – бұл кәсіпті таңдауға логикалық амал. Бірақ біліктілік шеңберлері мен стандарттар өз құқығын қорғауға көмектеседі, мысалы, олар еңбекақы деңгейіне қалай әсер етеді?

Кәсіптік стандарттар өз қызметін жақсырақ жоспарлауға, мақсаттар қоюға мүмкіндік береді. Егер адам ортаны ауыстырғысы келсе, біліктілік шеңберлері мен стандарттар, әрекетте бар біліктілік кезіндегі ең аз еңбек шығыспен қандай ортаға қайта біліктіліктенуге болатынын айқындауға көмектеседі. Егер адам өз кәсібінде қалғысы келсе, стандарттар, өз ортасында талап етілетін болып және тиісті сыйақыны алу үшін қандай дағдыларды дамыту, қандай біліктіліктерді растау керек екенін айқындауға көмектеседі. Кәсіптерге қойылатын талаптар бірнеше жыл сайын өзгереді және өзінің дағдыларын уақытында «күшейтпегені», жаңа білімдер алмағаны, өз құзыретін растамағаны үшін ешкім де қысқартуға түскісі келмейді.

  1. Біліктілік шеңберлерін енгізу білім беру бағдарламаларын қайта қарауды көздейді ме. Біздің оқу орындарымыз бұған қаншалықты дайын?

Ұлттық біліктілік шеңбері және кәсіптік стандарттар шын мәнінде білім жүйесі мен оқытуды жетілдіру үшін құрал ретінде қолданыла алады. Оқыту бағдарламаларын жұмыс берушілердің талаптары ескерілген біліктілік шеңберлерге және кәсіптік стандарттарға бағдарлай отырып, оқушылар алып жатқан біліктіліктің өзектілігі мен сапасын арттыруға және еңбек нарығына қойылатын талаптардың және білім жүйесі тарапынан осы дағдыларды ұсыну арасындағы өзара мықты байланысты құруға болады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, экономикалық дамыған елдер өздерінің білім жүйелерін біліктілік шеңберлерге және кәсіптік стандарттарға сәйкес жаңғыртқан.

Бұл бағытты дамытудың маңыздылығына байланысты Қазақстанда 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің шеңберінде «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы іске асырылады. Жобаны іске асырушы агенттік Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.

Осы жоба шеңберінде Ұлттық біліктілік жүйесі үшін негіз қалыптастыру бойынша іс-шаралар іске асырылады, ол 550 кәсіптік стандарттарды, кәсіптік стандарттардың негізінде 360 білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және тәуелсіз сертификаттау жүйесін дамытуды қамтиды.

  1. Біліктілік шеңберлерін жетілдіру үшін қазір Қазақстанда не істеліп жатыр?

Қазіргі уақытта «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде Ұлттық біліктілік шеңберіне талдау жүргізу, Салалық біліктілік шеңберін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды қайта қарау, оларды жақсарту бойынша ұсынымдар даярлау, Салалық біліктілік шеңберін әзірлеу бойынша сарапшылардың пулын даярлау және салалық министрліктер мен қауымдастықтарға Салалық біліктілік шеңберін әзірлеу бойынша оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.

Ұлттық біліктілік шеңберін кәсіптік және жоғары білім беру бағдарламаларына сәйкестікке келтіруге жүйелік тәсілді әзірлеу мақсатында алдыңғы қатарлы тәжірибеге шолу жүргізу жоспарланып отыр.

Осы жұмыстың нәтижесінде кәсіптік стандарттардың негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдіснамасы және білім деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін еңбек шығыны бағасын есептеу әдісі ұсынылады.

Одан басқа, кәсіптік стандарттардың негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдіснамасының ұлттық сарапшыларын оқыту көзделген және Қазақстанда білім беру бағдарламаларын әзірлеушілердің сертификатталған пулы құрылады.

Бұл жұмыс Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және техникалық және кәсіптік білім жөніндегі үйлестіуші: «Холдинг «Касипкор» КЕАҚ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі – «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдардың қолдауымен іске асырылады.

  1. Бұл жүйе тәжірибеге қашан енгізіледі? Елдегі еңбек қатынастарында не өзгереді?

Ұлттық біліктілік жүйесі Қазақстанда 2012 жылдан бастап енгізілген. Бұл процес кезеңдік екенін түсуіміз қажет, эволюциялық десе болады.

Ұлттық біліктілік жүйесі енгізу еңбек қатынастарын түбегейлі өзгертпейді, бірақ жұмысшыларға да, жұмыс берушілерге де бірыңғай талаптарды орнатады, сол арқылы ашық «ойын ережелерін» қамтамасыз етеді. Екі тараптар да  әрбір кәсіптік қызмет үшін не керегін біледі. Жұмысшы жұмыс берушінің ақылға қонымсыз талаптарынан қорғаулы болады. Жұмыс беруші өзінің жұмыскерін немен және қалай қамтамасыз ету керек екендігін біледі және өз кадрлық саясатын жоспарлауға және өткізуіне болады. ашық талаптар, орындалатын жұмыстардың сапасын арттыратын кәсіпқойлардың арасындағы бәсекелестікке және жұмыс беруші тарапынан артық біліктілікті талап етуден қорғаныс үшін мүмкіндік береді.

Changed on 20 June, 2017 - 16:12
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS