check
A A A
Skip to content

You are here

Қазақстан Респбуликасындағы Ұлттық біліктілік жүйесі туралы

Бүгін Қазақстанда жұмыс берушіге кәсіптік стандарттардың негізінде, ал олар жоқ болған кезде біліктілік анықтамасының және сипаттамасының негізінде қызметкерлерге біліктілік талаптарын қоюға құқы берілді.

Оларды ұйымдар өзінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанынан және экономикалық қызмет түрлерінен тәуелсіз қолданады. Біліктілік анықтамаларын және сипаттамаларын, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге, қайта қарауға, енгізуге, өзектендіруге арналған құқықтық база әзірленген және әрекет етуде.

КСР Одағы кезінде экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығының (БТБА) 72 шығарылымы қолданылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 12 қаулысымен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк бiрыңғай анықтамалығы мен Қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын қолдану жөнiндегі ынтымақтастық туралы келiсiмге сәйкес еңбек жөніндегі өкілетті орган анықтамалықтарға мемлекеттік және орыс тілдерінде қайта қарау жұмыстарын жүргізді және БТБА-ның 68 шығарылымын қолданысқа қалдырды (соңғы екі шығарылым – тізілімдер).

Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының жалпы салалық біліктілік анықтамалығы (БА) 2002 жылы қайта қаралған, одан кейін 2010 жылы қайта қаралды және екі тілде қабылданды, «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесіне енгізілді, 2012 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

  Қазақстанда барлығы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің шамамен 8000 лауазымдары әрекет етеді, оның ішінде: шамамен 2500 қызметкерлердің лауазымдары және 5500 жұмысшылардың кәсіптері. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар ұйымдармен бірлесіп, метрополитен қызметкерлерінің біліктілік сипаттамасын әзірлеп жатыр, мәдениет және өнер, ауыл шаруашылығы, әскери-дәрігерлік персонал және т.б. қызметкерлеріне арналған сипаттамалар өзектендірілген.

Ұсынылу шарасы бойынша салалық қауымдастықтар мен жұмыс берушілер БА-ға және салалық БТБА-ға жаңа кәсіптерді енгізеді.

БТБА-ның және БА-ның барлық 68 шығарылымдары жұмыс берушілердің көптеген ұсыныстары ескеріле отырып өзектендіріледі, олардың мазмұндары тілдер туралы ҚР заңнамасы ескеріле отырып қайта әзірленеді, кәсіптердің жинақтарында алфавиттік тәртіпте мемлекеттік тілде және орыс тілдеріндегі жинақтар мемлекеттік тілге сәйкестікке келтіріледі.

Қайта қарау және жаңару шарасы бойынша анықтамалықтар «Әділет» НҚА ақпараттық-құқықтық жүйесіне енгізіледі.

Қызметкерлердің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар тауарлар мен қызметтердің сапа нормаларының нығаюына, технологияның күрделенуіне, бәсекелестіктің өсуіне байланысты үнемі өседі.

Көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелердің, атап айтқанда белгілі бір қызмет салаларында жиналған және республика экономикасының жылдам өсуіне жәрдемдесе алатын кәсіптік-біліктілік әлеуетті пайдалану тиімділігін арттырудың шешімі көп жағдайда, қызметкерлердің еңбегін реттейтін және олардың дұрыс іріктелуін, орналасуын және ұтымды қолданылуын қамтамасыз ететін нормативтік материалдардың сапасына тәуелді болады.

Егер өткен ғасырдың 90-жылдарының басына дейін кәсіптік білім алған азамат, алынған мамандығының негізінде барлық еңбек өмірі бойы жұмыс істесе, қазір ол тек өзінің еңбекке деген білімдері мен қабілеттерін пайдалану аясын ғана емес, сондай-ақ еңбектің құрылымын белгілі бір үнемділікпен өзгертуге мәжбүр болып отыр.

Жұмыс берушілердің пікірлерін ескере отырып және өндіріске инновациялық технологияларды енгізу арқылы қызметкерге қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру, қызметкерлердің жаңа лауазымдарын енгізу бойынша жұмыс Қазақстанда жалғасып жатыр, өйткені оларды экономика дамуының заманауи кезеңін еңбек регламентінің нормативтік негізіне сәйкестікке келтіру қажеттілігі мәжбүрлейді.

Қызметкерлерге қойылатын орнатылатын біліктілік талаптарының қалыптасқан жүйесі қайта қаралуда, өйткені жұмыс берушілердің көптеген кәсіптер бойынша кәсіптік және біліктілік талаптары білім стандарттарының шеңберінен шықты.

Қазіргі уақытта біліктілік сипаттамаларын жетілдіру міндеттерінің бірі оларды халықаралық практикада қолданылатын кәсіптік стандарттарға жақындату болып табылады. Кәсіптік стандарттар қызметтің басым бағыттарына арналған ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде әзірленеді, олар инновациялық өндірістер мен технологиялардың даму шаралары бойынша заманауи менеджментті ескеріп, жұмыс берушілердің сұраныстары мен ұсыныстарында қалыптасады.

Қолданыстағы кәсіптік стандарттарды қайта қарау және жаңаларын әзірлеу барысында барлық сегіз деңгейі, техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) дегейінен бастап басқару деңгейімен аяқтауды қамту арқылы біліктілік деңгейлері қайта қаралуын атап өту қажет.

2012 жылдан бастап Қазақстанда инновациялық өндірістер мен технологиялардың даму шаралары бойынша заманауи менеджментті ескеріп, жұмыс берушілердің сұраныстары мен ұсыныстарында құрылатын кәсіптік стандарттардың институты, жаңа біліктілік жүйесі құрылды және енгізілді.

2016 жылғы 1 қаңтарға республикада, экономиканың барлық басым бағыттарын қамту арқылы 449 кәсіптік стандарттар, сондай-ақ - 1686 жұмыс кәсіптері, 369 қызметтер лауазымдары әзірленді.

Ұлттық біліктілік жүйесі саласында құқықтық актілер әзірленген және пайдаланады.

Мемлекеттік секторлар мен жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеуге және бекітуге заңнамалық түрде уәкілеттікке шек қойылған. 2016 жылдан бастап еңбек нарығына кәсіптік стандарттарды әзірлеумен, қайта қараумен және ауыстырумен Ұлттық кәсіпткерлер палатасы және жұмыс берушілердің бірлестіктері айналысады. Мемлекеттік заң ұйымдары көрсететін қызметтерге салалық мемлекеттік органдар әзірлеу жүргізеді.

Ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері, салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және бекіту бойынша әдістемелік ұсынымдар өзектендірілді және бекітілді.

Осылайша, Қазақстанда қолданыстағы біліктілік анықтамалықтары мен сипаттамаларының орнына қызметтің басым бағыттары бойынша кәсіптік стандарттар белсенді енгізіліп жатыр.

Бүгінгі күні жұмыс берушіге жұмысшылардың тарифтік-біліктілік анықтамалықтары, қызметкерлердің біліктілік анықтамалықтары, кәсіптік стандарттар қажет, өйткені олар жұмыстар тізбесін, оларды сол жұмыстарға сипаттамалары және күрделілігі бойынша санаттарға және дәрежелерге шек қоюды қамтиды. Олар біліктілік (аттестациялық) комиссияларының жұмысшының біліктілік санатын және қызметкердің дәрежесін анықтау үшін қызмет етеді. Санат пен дәреже жоғары болған сайын, жұмысшының еңбегіне төленетін ақы жоғары болады.

Олардың негізінде:

  • қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптар және белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі орнатылады;
  • реттелетін кәсіптер анықталады (сертификаттың, лицензиялардың және т.б. құжаттардың қажеттілігі, оларсыз белгілі бір лауазымдағы жұмысқа кірісу мүмкін емес);
  • еңбек қызметін бекітетін құжатқа жазылатын жұмысшы кәсіптерінің және қызметкер лауазымдарының дұрыс атаулары анықталуда (қате атау зейнетақы ресімдеу, әлеуметтік аударымдар төлеу және т.б. кезінде қиындықтар туғызады);
  • білім және ғылым жүйесінің білім беру бағдарламалары және оқу жоспарлары қайта қаралып жатыр, жұмысшыларды жұмысқа қабылдау жүзеге асырылып жатыр, қызметкерлерді аттестациялау жүргізілуде және т.б.

Кәсіптік стандарттарды қайта қараумен және жаңаларын әзірлеумен бір уақытта Ұлттық кәсіптер жіктеуіші (ҰКЖ-2017) өзектендіріледі.

Ағымдағы жылы ҰКЖ 2005 жылғы кәсіптер жіктеуішінің негізінде әзірленген, оның мақсаты еңбек ресурстарының статистикалық есебінің қажеттіліктеріне жауап беретін өзекті кәсіптер жіктеуішін, кадрлар қажеттілігінің болжамын және ұлттық біліктілік жүйесін толық енгізуді құру.

ISCO-08 - КЗ 2005 ж. халықаралық жіктеуішінің 2012 жылы шыққан орысша нұсқасы өзіне сәйкестікке келтірілді және әлемдік тәжірибені ескеріп, кәсіптер топтастығының 5-деңгейімен толықтырылды, ол базалық кәсіптер топтарын 1300 дейін көбейтуге мүмкіндік берді.

            ҰКЖ-2017 құрылымдық түрде үш томнан тұрады:

            лауазымдар номенклатурасы, жоғары басшылықтан басталып және біліктілігі жоқ қызметкерлермен аяқталады;

            қызмет түрлері (салалар) бойынша кәсіптерді бөлу;

            салада кәсіптер топтары бойынша жұмыс үлгілерін қамтиды.

ҰКЖ-2017 – заманауи еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жаңа сапалы өнім, халықаралық стандарттық кәсіптер жіктеуішіне, халықаралық стандарттық білім жіктеуішіне, халықаралық 8 деңгейлі біліктілік торына (бірыңғай біліктілік шеңбері және ұлттық біліктілік шеңбері) сәйкес келетін 5 дағдылар деңгейін қамтиды және халықтың көші-қонын ескеріп, қазақстандық еңбек нарығында жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін регламенттеудің негізгі құралы және тәсілі болып табылады.

Ұлттық біліктілік жүйесі мынадай міндеттерді орындайды:

1. қолданыстағы кәсіптерді, лауазымдарды, біліктіліктерді заманауи өндірістің еңбек функцияларына қойылатын талаптарына сәйкес реттеу және бірыңғай жүйеге келтіру;

2. ынталандыруды арттыру және ұтымды оқыту траекториясын және азаматтардың мансаптық өсуін құру;

3. еңбекке ақы төлеу жүйесін реттеу және қызметкерлердің мансаптық өсімін ынталандыру;

4. барлық өмір бойы оқыту жүйесін, білімдерге негізделген қоғам құрылуының негізгі тетігі ретінде дамыту;

5. кәсіптік дайындықты және мамандар біліктілігінің растау сәйкестігін тәуелсіз және объективті бағалау жүйесін дамыту.

Автор: Ғ.М. Жазетова, ҚР біліктілік жүйесі туралы Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Еңбекті нормалау басқармасының басшысы.

Changed on 27 September, 2017 - 10:34
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
Best social projects implemented in Kazakhstan
The Republican contest «Enbekzholy»
Skills and jobs
NQS