check
A A A
Skip to content

You are here

Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтауларын мұрагерлермен қалай алуға болады?

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 1072-2 бабының 1-тармағына сәйкес мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін.

      Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар болған қайтыс болған адамның мұрагерлермен алу үшін қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде көзделген (бұдан әрі – Қағида).  Мұрагерлерге осы Қағидаларда көзделген құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап зейнетақы төлемдер он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (Қағиданың 19-тармағы).

Темы ЧАВО: 
Changed on 19 March, 2019 - 16:14
Achievements over the years of independence of RK
Targeted social assistance
Combating the worst forms of child labor
Information campaign «Safe work»
The Republican contest «Enbekzholy»
Best social projects implemented in Kazakhstan
Skills and jobs
NQS