A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жаңалықтар мұрағаты

Өткен жарты жылдықта Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 8 пайызға төмендеді


АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Раушан Төленқызы/ - Қазіргі кезде елдегі экономикалық белсенді, яғни жасы 15-тен асқан еңбекке жарамды жастағы адамдардың саны 7,9 миллион болды. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,4 мың адамға, яғни 0,3 пайызға артық деген сөз. Бұл мәліметті ҚазАқпаратқа ҚР Статистика агенттінің мамандары берді.

Баспасөз релизі «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы

«Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысы қабылданды.

Маусымның 29-ында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік төлемақы мәселелеріне арналған мүдделі мемлекеттік орган өкілдерінің кездесуі өтті. Басқосуда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықты әлеуметтік төлем алушылардың санындағы өзгерістер туралы және мемлекеттік бюджеттен негізсіз төлемдер беруге жол бермеу үшін дер кезінде және нақты ақпараттандыру мәселесі талқыланды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ведомствоның баспасөз қызметінен.
Баспасөз релизі

2005 жылғы 1 шілдеден бастап «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізіледі

Заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді

АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Тоқабаев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Палата депутаттары халықты «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 маусым, 2005 - 00:00 өзгертілді
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2005 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Үкімет депутаттардың қарауына енгізген Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып өтті.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) сарапшылары, Ресей Федерациясының, Қазақстанның ғалым заңгерлері, экономистері, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» жаңа заң олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасайды

Астана. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат. Елбасы «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі
мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы туралы

2005 жылғы 1 шілдеден бастап «Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасыеың Заңы қолданысқа енгізіледі.

Ресейдің «Трансаэро» компаниясы соғыс ардагерлерін ТМД және Еуропа аймағында жеңілдікпен тасымалдамақ ниетте
Алматы. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Раушан Төленқызы/ - Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Ресейдің «Трансаэро» әуе компаниясы сәуірдің 1-і мен мамырдың 15-і аралығында соғыс ардагерлерін ТМД мен Еуропа аймағы мемлекеттеріне жеңілдікпен тасымалдамақ, деп хабарлады ҚазАқпаратқа компанияның Қазақстандағы өкілі Владимир Кушниренко.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші