A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жаңалықтар мұрағаты

Еңбекмині зейнетақыны SMS арқылы тағайындай бастады

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, SMS-хабарлама арқылы зейнетақы тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Ақтөбе облысының тұрғындары мемлекеттен 3,5 млн теңгені заңсыз алып келген

Өздерінің нақты табыстарын жасыру арқылы Ақтөбе облысының бірнеше тұрғындары атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) заңсыз алып келген, осылайша мемлекетке шамамен 3,5 миллион теңгеден астам шығын келтірді.

назначение

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ербол Нұрғалиев 1975 жылы 10 ақпанда дүниеге келген.

«Тарих және құқық мұғалімі» және «экономика және бизнес магистрі» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Получатели АСП

Ақтөбе облысы Қобда ауданының атаулы әлеуметтік көмек алушысы (бұдан әрі - АӘК) дәнекерлеуші ​​мамандығы бойынша сертификат алып, өз ісін ашты.

Орта арнаулы білімі бар көп балалы үйдің отағасы туғандарын асырау үшін бірнеше жыл бойы дәнекерлеу жұмыстары бойынша әртүрлі тапсырыстарды орындап нәпақасын айырды. Бірақ бұл тапқан қаражаты мүлде жетпейтін еді.

марапаттау

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Нұрымбетов Біржан Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты жиналысын өткізді.

Іс-шарада министрліктің басшысы қатысушыларды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтап, Республиканың мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайтуда мемлекеттік институттарды орнатуда және Қазақстан халқының құқықтары мен бостандығын айқындауда маңызды роль атқаратынын атап өтті.

НСК

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетовтің және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Т.Дүйсенованың, Ұлттық кеңестің мүшесі болып табылатын бірқатар Министрліктердің вице-министрлерінің, «Атамекен» ҰКП, қоғамдық бірлестіктер мен компаниялардың өкілдерінің қатысуымен Салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселелері бойынша біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті.

Атлас новых профессий

Тиісті шешім Нұр-Сұлтанда өткен салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы барысында қабылданды.

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова, Ұлттық кеңеске мүше бірқатар министрліктердің вице-министрлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен компаниялар қатысты.

ОРК

Нұр-Сұлтанда өткен салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселелері жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы барысында салалық біліктілік шеңберін (бұдан әрі – СБШ) құру және Қазақстанның көлік саласы үшін кәсіптік стандарттарды (бұдан әрі – КС) одан әрі әзірлеу мәселелері қаралды.

презентация проектного офиса

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі - ЕРДО) жаңа құрылымдық бөлімшесін акционерлік қоғамның президенті Тамара Дүйсенова Нұр-Сұлтанда өткен салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында таныстырды.

Жұмыс іздеу және төлемдер туралы мәліметтер енді смартфон арқылы қол жетімді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің желісі бойынша мемлекеттік қызметтер Smart Astana мобильдік қосымшасын пайдаланушыларға қолжетімді. Мұнда азаматтың әлеуметтік мәртебесін тексеруге, шегерімдер туралы, оның ішінде жұмысынан айрылу жағдайындағы төлемдер туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Платформада қаладағы өзекті, бос жұмыс орындарының тізімі қол жетімді, сондай-ақ түйіндемені жіберуге болады.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші