A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жаңалықтар мұрағаты

жұмысшылардың құқықтарын қорғау

2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1 771 кәсіпорнында 43,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 6,1 млрд теңгеден астам берешегі бар екенін анықтады.  Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 5,4 млрд теңге төленді.    

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1 285 нұсқама беріліп, 141 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

іс-сапар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініштерін (бұдан әрі – АӘК) тағайындау барысымен танысу мақсатында Түркістан облысына барды. Жұмыс сапары кезінде Еңбек министрлігінің басшысы Түркістан және Кентау қалаларының Халықты жұмыспен қамту орталықтарында (бұдан әрі – ХЖҚО) болып, көпбалалы аналармен және облыстың табысы аз тұрғындарымен кездесті және АӘК-тің жаңа форматын ұсыну туралы облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің қызметкерлерімен конференция өткізді.

іс-сапар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Алматы облысына және Алматы қаласына жұмыс сапары барысында азаматтардан атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға құжаттарды қабылдау барысымен танысты және атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша өңірдің аудан әкімдіктерінің қызметкерлерімен селекторлық кеңес өткізді.

egov.kz

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру қызметін енгізді.

Бұрын жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманы алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына міндетті түрде жеке өтініш беру қажет болған. Бұл ретте анықтама бір күн ішінде қағаз тасығышта берілді. Енді анықтаманы egov.kz-те онлайн тапсырыс беру арқылы лезде алуға болады.

іс-сапар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Ақтөбе облысына атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа тетіктерін (бұдан әрі – АӘК) түсіндіру мақсатындағы жұмыс сапары барысында облыстағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

іс-сапар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмектің (бұдан әрі – АӘК) жаңа форматын  тағайындау тетіктерін және көпбалалы отбасыларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын түсіндірді.

ШЖК

Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шекті саны 2020 жылға республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 29 292 бірлікті немесе 0,32%-ды құрады.

іс-сапар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындаудың жаңа тетіктерін, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасындағы жаңашылдықтарды түсіндірді, табысы аз отбасылардың балаларына арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың тұсаукесерін өткізді және АӘК көрсету мәселелері бойынша өңірдің қалалары мен аудандары әкімдіктерінің қызметкерлерімен селекторлық кеңес өткізді.

мемқызметтер

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша 2019 жылғы тамыз айынан желтоқсан айына дейін әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Сауалнамаға барлығы 9 мыңға жуық респондент қатысты, оның ішінде азаматтар, қызмет көрсетушілердің қызметкерлері, ҮЕҰ және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері. Зерттеу Қазақстанның барлық 17 өңірін қамтыды.

іс-сапар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Бәйдібек, Сарыағаш, Қазығұрт және Созақ аудандарының, Кентау және Түркістан қалаларының Халықты жұмыспен қамту орталықтарына (бұдан әрі – ХЖҚО) барып, атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға үміткер азаматтардың құжаттарын қабылдау барысымен танысты және халыққа оны көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндірді.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші