A A A
Мазмұнына өту

You are here

Басшылық

Дәмежан Төлеубайқызы Сәдуақасова -  Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Төраға орынбасары

Дәмежан Төлеубайқызы Сәдуақасова 1964 жылы туған, қазақ, жоғары білімді.

1984 жылы Талдықорған Заң техникумын «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі құқықтану және есеп» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін магистратурасын «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша бітірген.

1981-1985 жылдары Целиноград облысының зейнетақы және жәрдемақы есептеу және тағайындау жөніндегі орталығы (инспектор, аға инспектор).

1985-1992 жылдары Целиноградтық облысполком әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі (инспектор).

1992 жылы Целиноград қаласының халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, (аға инспекторы).

1992-1997 жылдары Ақмола қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (бөлім бастығы).

1997-1999 жылдары Ақмола қаласының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (сектор меңгерушісі, бөлім бастығы)

1999-2004 жылдары Ақмола қаласының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (бөлім бастығы, басшы орынбасары).

2004-2010 жылдары Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (басшы орынбасары, директордың орынбасары, басшы орынбасары).

2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Астана қалалық филиалы (директор).

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті (департамент басшысы).

2014-2016 жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (департамент басшысы).

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің  «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен наградталған.

 

Оспанқұлов Төлеген Қапақұлы - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Төраға орынбасары

Оспанқұлов Төлеген Қапақұлы1961 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Жамбыл ауылында туған, ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1983 жылы Алматы мал дәрігерлік институтын бітірді.

2006 жылы Қызылорда академиялық экономика, экология және құқық университетін бітіріп, юриспруденция мамандығына ие болды.

Еңбек жолын 1983 жылы «Алматы облысының ТШ Қаскелен ҚЕИ-ның тәжірибелік шаурашылығының» мал дәрігері қызметінен бастады.

1986 жылдан 1988 жылдар аралығында ХХІІІ Партсъезі атындағы совхоздың бас дәрігері, сүт кешенінің бастығы қызметтерін атқарып, 1994 пен 1997 жылдар аралығында ҚЕИ ТШ-да бас мал дәрігері болып жұмыс істеді.

1998-2001 жылдары Алматы облысы Әкімінің Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанындағы еңбек инспекциясының жетекші маманы, бас маманы, сектор меңгерішісі, бөлім бастығы - Алматы облысы бойынша Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып жұмыс атқарды.

2001 жылдан бастап 2008 жылға дейін ҚР Еңбекминінің Алматы облысы бойынша департаменті директорының орынбасары – облыстың Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2008 жылдың мамыр айынан бастап – Алматы облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары - облыстың Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2009 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Еңбекминінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Райганиев Ерлан Тельманұлы - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Төраға орынбасары

Райганиев Ерлан Тельманұлы1979 жылы 27 қараша күні Қызылорда обласында дүниеге келді. 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмәмдады. 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмәмдады. 2017 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және Ресей халық шаруашылығы академиясын «іскерлік әкімшілдендіру шебері» дәрежесімен аяқтады.

Еңбек қызметін 2000 жылы маман, жетекші маман ретінде Қызылорда облысы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында бастады. 2003 – 2010 жылдары әр-түрлі қызметтерде, оның ішінде басшылық, мұнай-газ қызметінде қамтамасыз ету және сатып алу, құрылыс-жоспарлау компанияларында жұмыс жасады. 2011 жылдан 2014 жылдары Астана қаласында өндірістік компанияның директоры болды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсеінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Орынбасарының хатшылығында жұмыс істеді. 2014 тен 2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің іскі саясат бөлімінде жұмыс істеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық төсбелгімен марапатталған.

Бөлімдер:
30 мамыр, 2019 - 11:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші