check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 1 қаңтарындағы № 1-2 санында жарияланды . Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Г.Қарағұсовамен сұхбат Әлеуметтiк көмектiң әлеуетi әлсiремейдi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау м

"Егемен Қазақстан" газетінің
2003 жылғы 1 қаңтарындағы № 1-2 санында жарияланды .

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Г.Қарағұсовамен сұхбат

Әлеуметтiк көмектiң әлеуетi әлсiремейдi


Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлжан ҚАРАҒҰСОВА .

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасының басымдықты бағыттарының бiрi қоғамдық-саяси тұрақтылық және елдiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақты дамуының негiзiнде ел халқының өмiр сүру деңгейiн арттыру болып табылады. Бағдарламада кедейлiк көлемiн қысқарту, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, зейнетақы мөлшерiн арттыру, еңбек заңдарын және зейнетақы жүйесiн жетiлдiру көзделедi. 2003 жылы ауылдағы әлеуметтiк жағдайды жақсарту мәселесi белсендi сипатқа ие болады. Елiмiздiң мемлекеттiк-әлеуметтiк саясатының осы және басқа да аса маңызды бағыттарын iске асыру Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелдi.
Осыған орай, iшкi еңбек рыногын қорғау, шекараға iргелес еңбек миграциясы саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 тамыздағы кеңейтiлген отырысында Мемлекет басшысының 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшерiн 12 % арттыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында “Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы” Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасы әзiрлендi. 2003 жылы зейнетақыларды арттыру 2002 жылдағы тұтыну бағалары индексiнiң iлгерiлеп өсу қарқынын ескере отырып жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы халықтарының Ассамблеясында айтылған Елбасының тапсырмасы бойынша ең төменгi зейнетақы мен жалақының мөлшерi 5000 теңгеге жеткiзiлетiн болады. Жүргiзiлген алдын ала есептер бойынша Бұған қосымша 12,3 млрд. теңге қажет болады. Бұл ретте зейнетақының ең төменгi мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен алғашқы рет асады.
Осы жұмысты Кедейлiктi төмендету жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде жалғастыру көзделiп отыр. Жұмыссыздық деңгейiн төмендету жұмыспен қамту саясатының жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсiби оқыту сияқты белсендi шараларын кеңiнен пайдалану арқылы қамтамасыз етiлетiн болады.
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД елдерi арасында Қазақстан Республикасында алғашқы рет Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы Заң күшiне енгiзiлдi. Бұл заң, әсiресе, ауылдағы тұрмысы төмен адамдардың әлеуметтiк жағдайына көмек жасауға негiзделiп отыр. Атаулы әлеуметтiк көмектi алушылар санатына балалар, жұмыссыздар, жұмыс iстейтiн адамдар, мүгедектер, зейнеткерлер, студенттер және кедейлiк шегiнен төмен тұратын басқа да адамдар енгiзiлдi. Негiзiнен АӘК көп балалы отбасылардың мүшелерi алады. Өткен жылдың 11 айы iшiнде атаулы әлеуметтiк көмектi миллионнан асатын адам алды, олардың iшiнде 726,5 мың адам (64%) ауылды жерде тұрады. Атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың iшiнде жұмыс iстейтiн адамдардың ауылды жерлердегi үлесi орта есеппен алғанда – 7,5% құрады.
Отбасы — мемлекеттiң ең басты әлеуметтiк ұясы. Балалары бар отбасыларды мемлекеттiк деңгейде қолдау және балаларды тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында министрлiк “Аналар мен балаларды әлеуметтiк қорғау туралы” заң жобасын әзiрледi. Мемлекеттiк жәрдемақыларды отбасы табысына қарамастан, республикалық бюджеттен төлеу көзделiп отыр. Қазiргi уақытта заң жобасы өзге мүдделi министрлiктермен келiсу сатысында тұр. Бұл аймақтар арасындағы әлеуметтiк алшақтықтарды теңестiруге негiзделген.
Осындай шаралардың барлығы ауыл тұрғындарының әлеуметтiк жағдайын көтеруге септiгiн тигiзедi деген ойдамын.

30 шілде, 2004 - 07:00 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші