check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Үкіметте Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы қаралды

25.11.2004 

 

 Үкіметте Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы қаралды


Астана. 2004 ж. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкіметте Премьер-министр Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен кеңесте Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңес барысында айтылғанындай, Қазақстанның Жинақтаушы зей

нетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы мынадай көрсеткіштермен сипатталады. 2004 жылғы қарашаның 1-дегі жағдай бойынша, жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақтаушы азаматтардан жиналған 455 миллиардтан астам теңге шоғырланған. Қазіргі кезде 6,7 миллионнан астам жеке зейнетақы есебі ашылған, ал таза инвестициялық табыс 107, 4 миллиард теңгені құрайды. Бұдан басқа, зейнетақы қорлары мен аударуды қосқанда, жалпы құны 25 миллиард теңге болатын, міндетті және қайырымдылық зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлемі жүзеге асырылған. Өз кезегінде, 2007 жылы зейнетақы қорының көлемі 947 миллиард теңгеге жетеді деп болжанған.
Сонымен бірге, кеңеске қатысушы мемлекеттік органдар өкілдерінің, тәуелсіз сарапшылардың, сондай-ақ бірқатар басшылардың, ортақ пікірі бойынша, Қазақстанда жұмыс істейтін жинақтаушы зейнетақы қорларында, еліміздің зейнетақы жүйесінде қазіргі кезде аталған бағдарламаны әзірлеуде жаңаша шешімді қажет ететін бірқатар проблема бар.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, құжат жинақтаушы зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеуді көздейді. Міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тиімділігін арттырудың нақты тетіктерін әзірлеу, мемлекеттік кепілдікті сақтауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, төлем кезіндегі инфляция деңгейін есептей отырып енгізілген зейнетақы жарнасын, сондай-ақ салымшылар мен зейнетақы жинағын алушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету туралы әңгіме қозғалды.
Бұдан басқа, бағдарламада жинақтаушы зейнетақы қорлары портфеліндегі ұзақ мерзімді қаржылық құралдар үлесін ұлғайту мен тізбесін кеңейту, зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру қарастырылады.

Сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудағы басқа маңызды бағыт қаржы салуды жобалауды дамыту болып табылады. Инвестициялауды жобалауды қаржыландырудың балама түрін кеңейту, сарапшылардың пікірінше, оларды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша мемлекеттік кепілдікті ұсынатын жобалар тізбесін анықтауды заңды жолмен жүзеге асырады.
Ұсынылған ақпаратқа түсініктеме бере отырып, Премьер-министр экономиканың аталған секторының ауқымы мен маңызына келгенде, барлық проблемалы мәселелер бір ғана ұсынылған бағдарлама шеңберінде шешіле қоймайтынын атап өтті. Саланың мүддесін қозғайтын маңызды сипаттарды Үкіметтің өзге бағдарламалық құжатында көрініс табады. Осыған байланысты Даниал Ахметов жылдың аяғына дейін Үкімет толықтай алғанда, қаржы жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар бағдарлама әзірлеуді ойластырып отырғанын айтты. Атап айтқанда, әңгіме бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасы және әлеуметтік реформаны тереңдету бағдарламасы туралы болды. Үкімет басшысының айтуынша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша бүгін қозғалған көптеген мәселе өз шешімін табады.
Дегенмен, ұсынылған құжаттың жетістігі мен кемшілігі туралы айта келе, Премье
р-министр құжатты әзірлеушілер назарын бағдарлама аясында еліміздің жұмысқа қабілетті халқының жинақтаушы зейнетақы жүйесінде кең көлемде қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әзірлемелерге, нақты шаралар жүйесіне аударды. Бұл тұрғыдағы мазалайтын жәйт, тұрғындардың «өзі бетінше жұмыс істеуші» бөлігіне қатысты болып отыр. Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, бұл мәселені елемеушілік немесе жеткілікті көңіл бөлмеушілік орын алғандықтан, перспективалық тұрғыда едәуір әлеуметтік салдары болуда. Халықтың біраз бөлігінің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспай қалуы, ақыр соңында, бұл мемлекет бюджетіне 10-15 жылдан кейін ауыр тиюі мүмкін, деп атап өтті Даниал Ахметов. Аталған проблеманы шешуге бағытталған ұсыныс, оның пікірінше, зейнетақы жинақтары жүйесін құру жағдайында азаматтар үшін тартымды болып, олардың ресми есеп шеңберінде жоқ қаражаты мен табысын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударуын ынталандырған болар еді.
Кеңес соңында Премьер-министр бағдарламаны әзірлеушілерге айтылған бағыттарды ескере отырып, екі апта мерзімде жобаны пысықтауды қамтамасыз етуді тапсырды, ол содан кейін барып Үкімет мәжілісінде қаралады.

 

www.inform.kz сайтының  басылымы

25 қараша, 2004 - 06:00 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші