check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ — НАҒЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ІСІ

Елге қызмет ету — нағыз азаматтардың ісі

 

Рақымжан ЕЛЕШЕВ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев күні кеше облыс, Астана және Алматы қаласы әкім­дерімен болған кеңесте жергі­лікті атқарушы биліктің жұ­мысын сын тезіне ала келе, халықтың мұң-мұқтажын шешуге байланысты мәселе­лерді өте орынды көтерді деп ойлаймын.

Халық алдында есеп беріп жүрген әкімдердің қызметін қай тұрғыдан бағалау керек деген сұрақ барлық уақытта да алда тұрады. Шын мәнінде әкімдер жұртшылықпен қоян-қолтық араласып жүрсе, көзден де, көңілден де таса қалатын проблемалар болмас еді. Басқаны айтпағанда, осыдан 60-70 жыл бұрын салынған ескі мектептердің орнына заманға лайықты ғимараттар салудың кезі жет­кен жоқ па? Әкімдер мұны неге өздерінің бастамасымен қолға алмайды? Ел ішінде ауылдар арасындағы тас жолды жөндеу мәселесі дәл осындай күй кешіп келді.

Президент осы өткір екі әлеуметтік мәселені жедел түрде шешуді қатаң тапсырды. Бұл — өте-мөте қажетті іс.

Екіншіден, ел басқарған азаматтардың адамгершілік-моральдық қасиеттерін көтере түсуге қатысты бірқатар жәйт­тер де айтылды. Солардың арасында жалпы шенеунік­тердің, оның ішінде әкімдер­дің тойқұмарлыққа бой ұрып, банкеттік отшашуды үдете түскені қатты сынға ұшырады. Жалғыз әкімдер емес, бюджет­тік мекемені басқарып отыр­ған шенеуніктерге де тән бо­лып отырған бұл құбылыстың теріс астары да бар. Мұның бәрін халық көріп отыр. Бұл етек алып бара жатқан мәселе тоқмейілсудің бір ұшы ғана.

Меніңше, әкімдер мен шенеуніктер алды-артына қарап, халықтың мұң-мұқта­жын шешуге келгенде бұрын­ғыдан да гөрі адал әрі белсенді болуы тиіс. Қазіргі заман талабы осылай.

Жалпы адамдардың қоғам мен мемлекетке сіңірген еңбегіне қарай құрметтеудің мәнісі мемлекеттік тұрғыда реттелгені жөн. Әйтпесе, кім лауазымды адамдарға жақын жүреді, сол кісілердің жиын-тойлары ас та төк байлыққа малынып, дүркіреп өтеді де, нағыз ерлер ескерусіз қалады.

Әрине, біз өзіміз көріп жүргендей, аудан әкімдерінің арасында көкірегіне адалдық ұялаған, биязы мінезді әрі іскер жігіттер бар. Кадр саяса­тында мұндай халық мақтаған, жұрт жақтаған азаматтардың қызметін жоғарылатып, на­зарға алған мақұл. Өйткені, ондай болашағы бар жігіттер белгілі жағдайда облыс әкімдерінің тасасында қалып жүр. Атына кір жұқтырған әкімдік қызметкерлерінің жауапкершілігін қарауда немқұрайлық та бар.

Бизнес өкілдеріне Елбасы өте орынды талап қойды. Ырыздық несібесі өз басы­нан артылып жатқан қалталы жігіттер ауыл-ауылдарда мешіт үйін тұрғызып, иман­дылық жолында өз үлестерін қосқанына разылық айтуға тиіспіз. Ендігі жерде адам­дар­дың денсаулығы мен сергектігіне сеп боларлық спорт залдары мен спорт са­райларын, шамалары келсе, спорт мектебін тұрғызып берсе, сауапты істің төресі осы ғой деймін. Бұл іске халық дән риза болар еді.

Адамға көп нәрсе керек емес. Елдік құндылықтардың игілігін халықтың ең қажетіне жұмсау атақ-даңқ шығару емес, ата дәстүрді бағалау деп түсінген абзал.

Елбасының айтқан талап­тары осындай ойға жетелейді.

 

Алматы.

 

“Егемен Қазақстан” ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

№ 147-150 (24403) 28 МАУСЫМ, СӘРСЕНБІ, 2006 жыл.

 

 

 

Материал http://www.egemen.kz сайтынан алынды .

28 маусым, 2006 - 06:00 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші