A A A
Мазмұнына өту

You are here

Халықты жұмыспен қамту – өміршең талап

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы” атты Жолдауының талаптарына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде семинар-кеңес болып өтті.

 

Халықты жұмыспен қамту – өміршең талап

Семинар-кеңестің жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарақұсова, министрліктің басшылары мен мамандары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерінің директорлары қатысты.

Министр кеңеске қатысушыларды жұмыспен қамту саласының осы күнгі жағдайы мен көкейкесті проблемаларымен таныстырып өтті.

 

Қазіргі таңда республиканың ең­бек рыногындағы жағдай түзеліп ке­леді. Жұмыссыздық деңгейі жаңадан ашылған жұмыс орындарында жұ­мыс­пен қамтылған азаматтар саны­ның ұлғаюы мен экономикалық өсім­нің нәтижесінде халықтың эконо­ми­калық белсенділігінің артуы арқа­сын­да тұрақты төмендей түсуде.

 

Мәселен, Қазақстан Республика­сы­­ның Статистика жөнін­дегі агент­ті­гінің мәлімдеуінше, үстіміздегі жыл­дың екінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 7,7 пайызды құрады (2005 жыл­дың екінші тоқсанында – 8,0 пай­ыз). Ең төмен жұмыссыздық деңгейі Шығыс Қазақстан облысында ор­ныққан – 6,7 пайыз, Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 6,9 пайыз және Солтүстік Қазақстан облысында 7 пайыз болып отыр.

 

Облыстар әкімдерінің мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың жеті айы ішінде жылдық тапсырма 158,8 мың жұмыс орны көлемінде көзделсе де, іс жүзінде елде 160,8 мың жұмыс орны құрылды.

 

Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған ха­лық­ты жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес 2006 жылы 137,4 мың жұ­мыс­­сызға жұмысқа орналасуға жәр­дем­десу көзделіп отыр. Үстіміздегі жылдың жеті айы ішінде 117,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Егемен Казахстан

2006-08-29

29 тамыз, 2006 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші