A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мемлекеттің мықтылығы халықты әлеуметтік қорғалу деңгейінен көрінеді

Мемлекеттің мықтылығы халықты әлеуметтік қорғалу деңгейінен көрінеді

 

Арка ажары (Кокшетау), № 139 (16308), 07.12.2006г.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гулжан КАРАГУСОВА: «Мемлекеттің мықтылығы халықты әлеуметтік қорғалу деңгейінен көрінеді» /Талгат Касен/

Қандай да болмасын мемлекеттің даму деңгейі алдымен ондагы еңбек қатынастары, ең төменгі жалақы деңгейі, зейнетақы мөлшері деген сияқты, қысқаша айтқанда, халықтың әл-ауқатынының жақсылығымен, әлеуметтік қорғалуы қаншалықты екендігімен айқындалады. Бұл тұрғыда, ТМД елдері арасында Казақстан алдынғы сапта тұр. Зейнетақы реформасы, басқа да тұрғындарды әл-ауқаттарын жақсарта түсуге бағытталған шаралар өз нәтижесін беруде.

Алайда, әлі де бол са шешімі табылмаған проблемалар аз емес. Осыған орай, әсіресе, қарапайым, аз қамтылған тұрғындар тара пынан т үрлі реніштер де туында п жатады.

Бүгін біз осы және басқа да мәселелер жайында біраз сұрақтарға жауап іздеп, Қазақстан Республиқасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Карагусов аны әңгімеге тартқан едік .

-Гүлжан Жанпейісқызы, әңгімемізді алдымен жуырда ғана Парламент Мәжілісінде екі оқылымда мақұлданған Еңбек кодексінен бастасақ. Бұл заңның негізгі ерекшелігі неде?

-Өзіңіз айтып отырғандай, Еңбек кодексінің жобасы Мәжілісте екі оқылымда мақұлданды. Енді регламент бойынша Сенатта қаралады. Бәрі дұрыс болса, қаңтар айының аяғында Президентке қол қоюға жіберілуге тиіс.

Бұл кодексте нарықтық қатынастар жағдайындағы еңбекке, еңбек қауіпсіздігіне, еңбек қатынастарына байланысты мәселелер толық қамтылған. Бүгінде бұрынғы Кеңестік замандағы сияқты жұмыс беруші тек мемлекет қана емес. Яғни, бұрынғы Кодексте қамтылмаған көптеген мәселелер бар. Осыған орай, түрлі түсініспеушіліктер туындап отыр. Жаңа Кодекс солардың соңғы нүктесін қоюға тиіс. Мәселен, жаңа Кодекс бойынша мемлекет тек өз құзырындағы мәселелермен ғана айналысатын болады. Атап айтсақ, ең төменгі

еңбекақы деңгейі, жұмыс істеуге дұрыс жағдай туғызу, еңбек қауіпсіздігі, ауыр жұмыстар атқаратын енбеккерлерге көбейтілген жалақы төлеу, бала емізетін аналарға, аяғы ауыр әйелдерге қосымша демалыс беру сияқты мәселелердің орындалуын қадағалайды. Қысқаша айтқанда, мемлекет тек құқықтық базаны қамтамасыз етеді.

Ал еңбекке қатысты басқа жағдайлардың бәрі жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы келісім-шартта айқындалуға тиіс.

Мәселен, еліміздегі ең төменгі жалақы жыл сайын республикалық бюджетте қаралады. Биыл ол 9200 теңге мөлшерінде белгіленді. Яғни, жұмыс берушілердің жалақыны бұдан төмендетуге құқы жок. Айтпақшы, жұмыс берушілер мұндай төмен жалақы ешқандай мамандықты, біліктілікті қажет етпейтін жұмыстар үшін ғана төленетіндігін ұмытпауға тиіс. Басқаша айтқанда, белгілі бір мамандығы бар жұмыскерлердің еңбекақысы бұдан жоғары болуға тиіс. Сондай-ақ, мемлекет еңбек қауіпсіздігіне баса назар аударады. Жыл сайынғы еңбек демалысы да 24 күннен кем болмауы керек. Жалпы, бұл Кодекстің басты ерекшелігі - жұмыс беруші мен жұмыскердің ара-қатынасы екіжақты келісім-шартта белгіленуге тиіс.

- Ең төменгі жалақыны 9200 теңге мөлшерінде тағайындауда қандай мәселелер негізге алынды. Басқаны айтпағанның өзінде, бұл дұрыс тамақ ішуге де жетпейді ғой.

- Бұл жоғарыда айтып өткенімдей, бюджетте анықталады. Бұл орайда, ең алдымен ең төменгі күнкөріс деңгейі негізге алынады. Яғни, ең төменгі жалақы осыдан кем болмауы қажет. Нақтырақ айтсақ, қазір ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 20 пайызға жоғары.

- Соңда күнкөріс деңгейі дегеніміз -өлместің амалы гой...

- Олай деп, қатты кетуге болмас. Мәселен, бізде "Азық-түлік себеті" (корзина) деген түсінік бар ғой. Міне, біз сол мөлшерді біршама көбейттік. Атап айтсак, бұрын оған 24 түрлі тағам енетін болса, өткен жылы біз оны 42-ге дейін өсірдік. Яғни, оған адам ағзасына қажетті тағам түрлері енгізілді. Сондай-ақ, сапа жағына да назар аударылды. Мысалы, бұрын оның құрамыңда қант, май, өсімдік майы көбірек болса, қазір жеміс-жидек, сүт өнімдерімен толыктырылды.

Сосын енді адам болған соң ең төменгі жалақыға иек артып отырмай, қимылдау керек қой. Соңда өзіңіз айтқаңдай, "өлместің амалы" емес, жақсы тұрмысқа жол ашылады.

- Еңбек қатынастары туралы мәселеге қайтып оралсақ. Өкінішке орай, бұл тұрғыда түсініспеушіліктер аз емес қой. Оның айғағы ретінде Атырау, Қарағаңды қалаларында орын алған оқиғаларды айтуға болады. Сонда сіздердің қарамақтарыңыздағы еңбек инспекторлары қайда қарап отыр? Ә йтеуір, айқай-шу көп...

- Еңбек инспекторлары жұмыс орындарындағы еңбек заңдылығының сақталуын қадағалайды. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі, еңбекақының уақытында төленуі, ұжымдық келісім-шарт талаптарының бұрмаланбауы сияқты талаптар бар. Біздің облыстардағы департаменттерімізде де еңбек инспекторлары қарастырылған.

- Бар екендігін білеміз. Қолдарынан не келеді? Мәселе сонда ғой.

- Өткен жылы еңбек заңдылығын бұзған 560 өндіріс нысанының жұмыстарын уақытша тоқтаттық десем, олардың "нандарын текке жеп отырмағандарына" сенесіз бе? Сондай-ақ, Әкімшілік кодексі негізінде айыппұл саламыз. Шектен шығып бара жатса істі құқық қорғау орыңдарына жібереміз.

- Бұл дұрыс делік. Дегенмен, шетелдік инвесторларға "тіс бата коймайды" деген пікір қалыптасып отыр-ау. Олардың өздерімен бірге әкелген жұмысшылары мен біздің адамдардың жалақыларындағы айырмашылық жер мен көктей ғой. Сөзіміз бен ісіміз қиыспай тұр деп ойламайсыз ба?

- Біріншіден, Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындар мен компаниялар еліміздің Заңдарын бұлжытпай орындауға тиіс. Ал еңді жалақы арасындағы алшақтыққа келетін болсақ, оны тексерудің де оңай еместігін ұмытпайық. Кәсіпкерлік және жеке кәсіпкерлік туралы заң бойынша жалақы мөлшері коммерциялық құпия болып саналады.

Жұмыс берушімен арадағы еңбек келісім-шартта сіз жалақыңыздың мөлшерін құпия сақтау туралы талап қоя аласыз. Яғни, жұмыс берушінің жұмыскердің еңбекақысы туралы мәлімет беруге құқы жоқ.

-Шетелдік компаниялар қазақстандық жұмысшыларға қиянат жасап отырғанда олай "ауызды ку шөппен сүртіп" отыруға болмайды ғой.

-Атырауда орын алған окиғаларға орай біз Премьер-Министрдің өкімімен бекітілген Үкіметгік жұмыс комиссиясы шеңберінде тексеру жүргіздік. Бір өкініштісі, айқай-шу көп, бірақ нақты дерек жоқ. Бізге ешкім де жалақы алшақтығын айғақтайтын дәйек көрсеткен жоқ. Оңдай фактілер құқық қорғау органдарына да түспеген.

Рас, біз бірнеше кәсіпорында ондай олқылықтарға жол берілтендігін анықтадық. Бұл арада оңдай келеңсіздікке жол бергендер арасында біздің қазақстандық кәсіпорындар да бар екендігін айту керек.

Енді осы тексерістер нәтижесі негізінде біз шетелдік инвесторлар кеңесіне жалақы мәселесіңде туындаған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс жіберетін болдық. Қысқаша айтқанда, жұмысшыларды алалауға жол бермейміз. Ал жұмысшылар болса өз кезегінде жұмыс берушімен арадағы келісім-шартқа мұқият қарауға тиіс. Онда екі жақтын да құқыктары мен міндетгері айқын көрсетілуі керек. Сонда бәрі заң жүзіңде шешіледі. Ал енді алдыңа қойған қағазға көзді жұмып қойып, қол коя беру жақсылыққа апармайды.

- Гүлжан Жанпейісқызы, теріскейдегі көршіміз Ресейде екінші бала туғанда 1 миллион рубль қаржылай көмек береді екен. Бұл аз ақша емес. Біздің аналардың олардан несі кем дегенім ғой.

- Біріншіден, 1 миллион емес, 250 мың рубль. Екіншіден, бала туғанда емес, ол бала 3 жасқа толғанда беріледі. Бұл оларда "аналық капитал" ("материнский капитал") деп аталады. Бұл акшаны үй алуға немесе балаға жоғары білім беруге сақтап қоюға болады. Сондай-ақ, қосымша зейнетақы корына қосымша жарна ретінде аударуға

болады. Басқаша айтқанда, бұл ақша толықтай қолға берілмейді.

Бізде әзірге мұндай жеңілдік қарастырылмаған. Алайда, бұл мәселені назарда ұстап отырмыз. Мүмкіндігінше қосымша жеңілдікгер қарастыру ойда бар.

-Өздері жеке отырған Көші-қон агенттігін комитет қылып, қайта құрып, Сіз баскарып отырған министрлік құрамына қосу қаншалықты тиімді болды?

-Шынымды айтсам, бұл бізге қосымша "бас ауруы" болып отыр. Бұрын жеке болған кұрылымның басшыларын қаралап отыр деп ойлап қалмаңыз, біраұқ ондағы былық-шылықтарды жөнге келтіру үшін 1 жылдан астам уақытымыз кетті. Біріншіден, көптеген құжаттар мүлдем тіркелмеген. Нақты деректер келтірер болсақ, 4000 оралманның кұжаты тіркеуге алынбаған. Осының бәрін ретке келтіру оңай шаруа емес. Осыған орай, қылмысты істер козғалды. Бірегей есеп жүргізілмеген ғой. Ал бұл түрлі былық-шылыққа жол берген. Тіпті, бір оралманның құжаттарын екі рет тапсырып, екі рет жәрдемақы алған жағдайлары орын алған.

Қазір біз Заңға өзгерістер енгізіп, оралмаңдарды нақты есепке алып жатырмыз. Сондай-ақ, квотаға кімнің құқығы бар екендігін айқындап алдық. Әлі де атқарар жұмыс ұшан-теңіз.

-Квота көлемі көбейді ме?

- Алдағы 3 жылға 15 мың адамнан болып белгілеңді.

- Тағы да Ресейді мысалға келтірейін, біз 15 миллион дейміз, олар басқа елдерде жүрген отандастарын шақырып, тіпті 1 миллион тұрғынға арнап қала салуға ұйғарып отыр ғой.

- Сіз Ресейдің кімдерді шақырып отырғандығына назар аудардыңыз ба? Олар тек, сұраныска ие мамандықтары бар, жұмысқа жарамды адамдарды ғана шақырып отыр. Ал, зейнеткерлерге, егде жастағы адамдарға көп кұшақ жайып отырған жоқ. Бір қарағанда, әділетсіздік болып көрінгенімен, бұл әлемде қалыптасқан жағдай. Бәрі де алдымен өз елінің экономикасын көтеруді ойлайды.

Көп жылғы тәжірибеге сүйенсек, отандастарын шақырып отырған Германияда да, Израйльде де бұл тұрғыда проблема аз емес. Оны біз де айналып өте алмаймыз.

- Бүгінгі таңда еліміздің экономикасы біршама алға басты. Қаржы да жеткілікті. Осыған орай, зейнеткерлік жасын 55-60 жасқа қайта тусіруге болмай ма?

- Өзіңіз білесіз, Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау жүзеге асырылуда. Реформаның стратегиялық бағыты - ынтымақты зейнетақы жүйесінен жинақтаушы жүйесіне біртіндеп көшу. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі еңбекке қабілетті әр адамды өзінің қарттығын өзі қамтамасыз етуге міңдеттейді. Қарапайым тілмен айтсақ, қартайғанда алатын зейнетақыңды өзін жинап аласың. Ал зейнеткерлік жасын тағайындауда елдегі демографиялық теңденциялар (халықтың қартаюы), жұмыспен камтудың ауқымы мен нысандардың өзгеруі (заңсыз жөне ішінара жұмыспен камтудың таралуы), зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттің шығын үлесінің көбеюі сынды мәселелер ескерітеді.

Бұл тұрғыдан алып қарағанда қазіргі уақытта қолданылып жүрген зейнетақы жасының белгіленуі экономикалық, заңнамалық тұрғыдан негізді деп есептеймін.

Ал ең бастысы - елімізде бүгін жұмыс істейтін бір адамға зейнеткерлік жасқа жеткен, жәрдемақы алатын үш адамнан келетінін ұмытпайық. Бұл көрсеткіш Кеңес Одағы кезінде бір жарым адамнан еді. Осының өзі-ақ біраз жайды аңғармай ма? Бір сөзбен айтқанда, әзірге зейнеткерлік жасын төмеңдетуге ешқандай мүмкіндік жоқ

- Онда мәселенің екінші жағынан келелік. Мәселен, бүгінде әрбір жұмыс істейтін адам жалақысының 10 пайызын зейнетақы қорына аударады. Халықтың басым көпшілігінің жалақысын ескерсек, қартайғанда қажетті қаржы жиналады деп айту қиындау ғой... "Былай тартсаң - арба сынады, былай тартсаң - өгіз өледі" деген осы емес пе?.. Мүмкін, 20 пайызға көбейту керек шығар.

- Бұл арада проблема бар екеңдігі рас. Сіз айтып отырған 20 пайыз да мәселені толық шешпейді.

Бұл арада бүгінгі күні жастары 40-тан асқан азаматтарға біршама жеңіл. Себебі олар мемлекет тарапынан бұрынғы жүйе бойынша ынтымақты зейнетақы да алады және жинақтаушы қордағы ақшасын да алып тұрады. Ал жастарға келер болсақ, шынында да қажетті мөлшерде қаржы жиналмайды. Қарапайым есепке жүгінер болсақ, қазіргі жалақымен (қарапайым адамдар) ең төменгі зейнетакы алып тұру үшін кем дегеңде 35 жыл жұмыс істеу керек екен.

Осы мәселелерді ескере отырып, Президентіміздің колдауымен біз осы жылдың 1 маусымынан бастап барлық зейнеткерлердің алып жүрген зейнетақысына қосымша төленетін 3000 теңге мөлшеріндегі "базалық зейнетақы" жүйесі енгізідді. Сонымен, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап орташа зейнетақы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қосқанда 11887 теңге болып отыр. Оның мөлшері 2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болады. Бұл жұмысы мен еңбек өтіліне қарамастан барлық адамға төленеді. Енді осыған зейнетақы қорында жиналған қаржыны қоссаңыз әжептәуір зейнетақы алып тұруға жағдай туады.

Мұндай түсінік мәселен өркениетті ел саналатын Германияда да бар. Бірақ онда базалық зейнетақы алу үшін сіз зейнеткерлік жасына келгенше кем дегенде 25 жыл Германияның азаматы болуға тиіссіз. Біз де уақыт келе соңдай шектеулерге барамыз.

- Сонымен зейнетақы реформасы өзін толық ақтады деп айта аламыз ба?

- Бұл тұрғыда біз негізгі мақсатымызды орындадық. Ол уақыт талабы. Нарықтық қатынастар жағдайында баска жол жоқ. Ал енді кейбір кемшіліктерге келер болсақ, стратегиялық бағытымыз айқын. Енді жетілдіре түсеміз. Бұл тұрғыда ізденіс үстіңдеміз, жұмыс жүріп жатыр.

- Гүлжан Жанпейісқызы, әңгімемізді басқа арнаға бұралық. Сіз ең көп сыналатын министрдің бірісіз. Депутаттар да Сізге шүйлігеді. Оның себебі де жоқ емес шығар. Қолыңыздан іс келетін мамансыз. Жан-жақтан қыспакқа түскен сондай бір сәттерде басқа бір тыныштау жұмысқа ауысуды ойламайсыз ба?

- Шыңдыққа жүгінсек, қай мемлекетте болса да әлеуметтік сала министрі сын тезіне көбірек ұшырайды. Әлеуметтік салаға Үкіметтен ақша сұрасаң да жакпайсың, алғаныңды үлестіргенде өзіңіз айтып отырған депутаттардың да, зейнеткерлердің де көңілінен шыкпайсың. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, адам қызыға қоятын қызмет еместігі де рас.

Дегенмен, "қасқырдан қорқып, орманға жоламай кетуге" болмайды ғой. Маған бұл жұмысты Елбасымыз тапсырды. Яғни, бұл жұмыс қолымнан келеді деп сенген болар. Мен Президенттің командасындағы адаммын. Ол кісінің тапсырмасын орындау менің парызым. Қысқаша айтқанда, "Гүлжан Жанпейісқызы, Сізге рахмет, басқа жұмыска ауысыңыз" дегенше, өз міндетімді атқаруға барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Сіз дұрыс түсініңіз, бұл жалаң ұран емес, шын сөзім.

- Айыпқа бұйырмаңыз, бірақ көкейге тағы бір қолайсыздау сұрақ келіп тұрғандығы. Сіз де орыс тілді министрлердің бірі едіңіз, казір ана тіліңізді жақсы меңгеріп алыпсыз. Амандық болса бұл тұрғыда әлі самарқаулық танытып жүрген әріптестеріңізге мемлекеттік тілді үйретуге болатын шығар.

- Мен 5 жасқа дейін әжемнің бауырында тәрбиелендім де, мүлдем орысша білмедім десем сенесіз бе? Кейіннен бала бақшасы да, мектеп те орысша болды. Сосын ол кездегі жағдайды білесіз ғой, "Адам боламын десең, орысшаға ден қой" деген саясат та өз әсерін тигізді.

Әрине, бұл бізді ақтамайды, дегенмен, шүлдірлеп жүріп, ана тілімізден алшақтағанымызды мойындау керек. Енді міне, шүкір ана сүтімен дарыған тіліме қайтып оралдым. Марқұм әкем Жанпейіс Қарақұсов университетте тарих пәнінен сабақ берген еді. Ол кісі екі тілді бірдей меңгерген адам болды. Өкінішке орай, мен кезінде біржақты кетіп қалдым. Енді соның орнын толтыруға талаптанып жүрмін. Алла жазса, қазақша ұялмай сөйлейтін жағдайға келетін шығармын. Ал әріптестерімізге келсем, ештеңе айта алмаймын. Шындығында, қазақ елінде тұрып қазақша білмеу өбестік екендігін бәрі де түсінуге тиіс. Ал қазақ баласы үшін кешірілмес күнә десем артық айтпағандық болар.

- Қазір оппозицияда жүрген азаматтардың көбімен кезінде бір кемеде болдыңыз. Көбін жақсы танисыз. Қазіргі қарым-қатынастарыңыз қалай? Кездесіп, пікір алмасып дегендей...

- Иә, мен оппозицияда жүрген азаматтардың көбін білемін, жұмыс бабымен кездесіп тұрдық. Мәселен, мен Президенттің көмекшісі қызметін атқарғанда Жармахан Тұяқбай Республика Бас прокуроры болды, Ораз Жандосовпен де жақын таныспын. Басқа азаматтарды да білемін. Біз құқықтық, демократиялық мемлекет құрудамыз. Бізде сөз, ой бостандығы бар. Яғни, әркім өз көзқарасын айтуға құқылы. Ал, саясатпен айналысқан соң ашық пікір-таластар болып жатады. Бұл заңды құбылыс. Тек, өз ойымды білдірудің жөні осы екен деп, "бет жыртысудың" қажеті жоқ деп ойлаймын. Ешкім періште емес, яғни, "менікінің бәрі жөнге" де бой ұру алысқа апармайды.

Ал енді ол азаматтармен ара-қатынасыма келер болсақ, сәлеміміз түзу, адамгершілік қатынасымызды үзген жоқпыз. Белгілі бір мәселе бойынша келіспеуге болар, бірақ өзара сыйластық болғанға не жетсін. Бірінді бірің жамаңдау, "тырнақ астынан кір іздеу" сияқты әрекеттер әлсіздің амалы деп ойлаймын. Өз ойынды айту, өз пікіріңнің дұрыстығын дәлелдеу бір басқа да, "мені тындамағанның бәрі" жау деген бір басқа. Оппозицияда жүрген азаматтарға айтарым, "Сынаңдар, ойларынды айтыңдар, бірақ "сыңарезулеп, жоқ жерден жау іздемеңдер". Үнемі "мынау дұрыс емес" деп даурыға бергеннен, оны дұрыстаудың жолын айтқан дұрыс қой. Өкінішке орай, әзірге оппозиция тарапынан салиқалы ойдан гөрі жалаң сын басым.

Сөз орайында айта кетейін, әсіресе әлеуметтік сала көп сыналады. Бізге ұрыспайтын адам жоқ. Әскери тілмен айтсақ, біздің министрлікте тыл жоқ. Мәселен, Үкімет үшін біз ең шығыны көп министрлікке жатамыз. Әлеуметтік саладағы сәл бір оң өзгеріс қыруар қаржы талап етеді. Бұл арада ел арасында "Үкімет қосқан 500-600 теңге не болады" деген пікір туып жатады. Есептей келсек, оның өзі Мемлекет үшін жүздеген миллиард теңге қаржы. Оны ойлап жатқан кім бар?

Ал енді әупірімдеп алған сол қаржыны Парламентке ұсынғанда тағы да бізге "халықтың қамын ойламайды" деген кінә артады. Осыған орай, әлеуметтік сала министрі де барлаушы сияқты "ыстық жүректі, салқын қанды" болу керек дегім келеді. Қарапайым тілмен айтсақ, аз қамтылған, тұрмысы төмен адамдарға барынша молырақ көмек көрсетуге ұмтылу керек және "көрпеге қарай көсілу" қажеттігін де ұмытуға болмайды. Сайып келгенде, кетере алмайтын шоқпарды білекке ілудің қажеті жоқ. Ал салқынқандылық жан-жақтан анталаған сынға төзу үшін керек.

Ендігі бір мәселе, әлеуметтік қорғау мен арамтамақтықтың аражігін айыру. Мәселен, батыстағы өркениетті елдерде әлеуметтік салада біздегіге керісінше реформалар қолға алына бастады. Оның себептері көп. Бүгінгі күні экономикасы жоғары дамыған елдерде жұмыс істеп бас ауыртпай, үйде отырып, әлеуметтік көмекпен-ақ уайым-қайғысыз өмір сүру етек алып барады. Нақты мысал келтірер болсақ, АҚШ-та 4 миллион адам үшінші әулетінен бері мүлдем жұмыс істемейді екен. Олар әлеуметтік төлемақыға арқа сүйеп алған. Үкімет беретін ақша тамаққа, киімге, үй-жайға жетеді. Соны місе тұтып отырады.

- Бізге ондай қауіп төніп тұрған жоқ қой.

- Әрине, әзірге біздің мемлекетте ондай топтар жоқ. Дегенмен, бізде де "Үкімет не береді" деген ыңдын байқалып қалады. Қандай мемлекет үшін болсын мұндай маргенальді топтар өте қауіпті. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті - әлеуметтік көмек көрсету ғана емес, мүмкіндігінше жұмыс істеп, ақша табуға жағдай жасау. Сонда ғана халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге мүмкіңдік туады.

- Бүгінге соңғы сұрақ болсын, отбасыңыз жайлы оқырмандарға аз-маз мағлұмат бере кетсеңіз.

- Отбасымда екі ұл, бір қызым бар. Олардан төрт немере сүйіп отырған әжемін. Уақыт келе мен де әлеуметтік сала министріне өкпе-наз айтатын зейнеткердің бірі болармын. Әзірге жағдай осындай.

-Гүлжан Жанпейісқызы, мазмұнды әңгімеңізге рахмет! Сұрақтар туындап жатса тағы да жолығып, ой белісерміз деген сенімдеміз.

 

 

 

Материал «Медиа-Систем» Агент тігінен алынған

7 желтоқсан, 2006 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші