A A A
Мазмұнына өту

You are here

ЖАҚСЫ ЗАҢ ЖАСАМПАЗДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

ЖАҚСЫ ЗАҢ ЖАСАМПАЗДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

 

Өткен ит жылы барша қазақстандықтар үшін жаман нәтиже ­ лер ­ мен аяқталған жоқ . Елімізде көптеген оң өзгерістер мен елеулі оқиғалар болды .

Егер Конституцияға жүгінер болсақ , Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде таниды . Тиісінше әлеуметтік қорғау мәселесі Президенттің , Парла ­ мент пен Үкіметтің жіті назарында болып келеді . Бұл үдеріс 2006 жылы да назардан тыс қалған жоқ . Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты және оның тиімділігінің ең басты ұстанымы халық ­ тың өмір сүру деңгейінің стандартын және сапасын көтеру болып табылады . Осыған сәйкес Еңбек туралы заңға өзгерістер енгізіліп , Халықты еңбекпен қамту , Еңбек мигранттарын жария ету туралы және өзге де заңдық құжаттар қабылданды . 2006 жылы жүргізілген әлеуметтік реформалар әлеу ­ меттік қамсыздандырудың жаңа үлгісін қалып ­ тастырды . Ол өзінің қатарына әлеу ­ меттік көмек көрсетуді ; әлеуметттік қызметті ; әлеуметтік сақтандыруды ; әлеуметтік қамсыздандыруды ; еңбек қарым - қатынасы саласындағы әлеуметтік кепілден ­ діруді қамтамасыз ету ; өнікті еңбекпен қамтуды ынталандыруды қосты .

Қоғам дамуы еңбек қарым - қатынастары ­ ның тиімділігімен анықталады . Қазіргі таңда еңбек қарым - қатынастары бірнеше заңдар ­ мен реттеліп отыр . Экономиканың қарқын ­ дап дамуы жаңа Еңбек кодексін жасауға жетеледі . Мәжілістен Сенатқа келіп түскен Еңбек кодексі бірінші оқылымда қабылдан ­ ды . Әрине , пісіп - жетілген заңдық құжат еңбек қарым - қатынасында қалыптасқан көптеген түйткілдерді шешеріне сенім мол . Оның басты мақсаты да еңбек қарым - қатынасында құқықтық реттеудің жаңа үлгісін қалыптастыру болып табылады . Менің пайымымша , бұл мәселе шешімін тапқан . Еңбек келісіміндегі тараптардың , яғни жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өз мәселелерін өздері шешуіне және өзара келісуіне барлық құқықтық жағдай жасалған . Мұны да өтіп кеткен жылдың басты жемісі деп атауға болады .

Жоғарыда айтып өткеніміздей , 2006 жылдың тағы бір маңызды шарасы Еңбек мигранттарына амнистия жасау туралы заңның қабылдануы болды . Ел экономи ­ касының қарқын алып , аймақтағы жетекші орынға көтерілуі – біз үшін мақтаныш , кейбір шетелдік жұмысшылар үшін нәпақасын табудың амалы . Сондықтан да олар екі қолға бір жұмыс табу үшін де мыңдап келіп жатыр . Солардың еліміз аумағында заңды жүріп - тұруына мүмкіндік беру үшін де заң қабылдадық . Ішкі істер министрлігі мәліметіне қарағанда , заң берген мүмкіндікті мыңдаған шетелдік жұмысшылар пайдаланған екен .

Үлестік қатынаспен тұрғын үй құрылы ­ сына қатысушы азаматтарымыз үнемі жапа шегіп келген - ді . Бұл мәселеге де нүкте қойылған секілді . Еліміздің бас газетінде жазылған бірқатар мақалалардан кейін үстіміздегі жылы әріптесім сенатор Ф . Галимовтың қолдауымен заң қабылданды . Сол сияқты меценаттық ­ пен және қайы ­ рымдылықпен айналысу мәселесі де заңдық тұрғыдан шешімін таппаған - ды . Комитет төрағасы Қуаныш Сұлтанов екеуіміздің бастамамызбен аталған заңдық құжатты дайындау Үкіметтің заң шығарушы ­ лық жұмыс жоспарына кіргізіліп отыр .

Таяуда ғана “ Қазақстан Рес ­ публикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы ” Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасы қабылданды . Бұл дегеніміз , еліміз өміріндегі , сондай - ақ сот жүйесіндегі өте маңызды оқиға және сот рефор ­ масындағы кезекті қадам деп қарастырған ләзім . Егер бұрнағы жылдармен салыс ­ тырар болсақ , онда сот жүйесіне деген азаматтардың сенімі жылдан жылға артып келе жатқанын көру қиын емес . Мысалы , 2001 жылы бар - жоғы 200 мың азаматтық іс қаралса , онда олардың саны 2005 жылы 1 миллионға жеткен . Қазір одан да асқан болар . Еліміздегі 2478 судьяның 1851- і аудандық соттарда жұмыс істесе , олар тарапынан 100 мыңдаған істер қаралатыны белгілі .

Егер тізе берсек, тарих еншісіне тиген 2006 жылда атқарылған шаруалар шаш етектен. Ол жыл игі істерімен ерекшеленді. Мен тек заңнамалар төңірегінде айтып өттім. Ал басқа салалардағы жетістіктер қаншама. Биылғы доңыз жылында да еліміз көптеген мәселелерді оң шешеді деп білеміз. Демек, бұл мемлекетіміздің дұрыс бағытта келе жатқандығының белгісі.

Авторы: Нұрлығайым ЖОЛДАСБАЕВА, Парламент Сенатының депутаты .

2007-01-01.

 

 

Ақпараттық -Талдау Орталығы осы материалды www.egemen.kz

Егемен Қазақстан газетінің сайтынан алынғанын хабарлайды

4 қаңтар, 2007 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші