A A A
Мазмұнына өту

You are here

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ ҚОЛДАУ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ ҚОЛДАУ

 

 

 

 

Азаматтардың еңбек ету қабілетінен, жұмысынан айырылу немесе асыраушысынан айырылуына әкеліп соқтыратын жағдайлар туындағанда, оларды әлеуметтік қорғау мақ­сатында құрылған, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі екі жылдан бері жұмыс істеп келеді.

2007 жылғы 10 қаңтарда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жаңа Үкіметке әлеуметтік сая­саттың барлық бағыттары бойынша жұмыс­тарды жалғастыруды нақтылап тапсырды. “Әлеуметтік салада біз көп істер атқардық және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді одан әрі жетілдіреміз”, деді. Әлеуметтік саясат бұл әр түрлі топтағы халықтың материалдық және өмір сүру жағдайына мемлекеттің мақсатты түрде ықпал етуі, сонымен қатар, ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы да жүзеге асырылады.

Үкімет басшысы К.Мәсімовтің, Парла­мент депутаттарының, Президент Әкімші­лігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен 2007 жылдың 22 қаңтарында өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің алқа мәжілісінде ағымдағы жылы міндетті әлеуметтік сақтан­дыру қызметімен халықты қамтамасыз етуді ұлғайтудың негізгі міндеттері сараланды.

“Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа барлық азамат­тар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. 2005, 2006 және 2007 жылдар міндетті әлеумет­тік сақтандыру жүйесін кезең-кезең­мен енгізу жылдары болып заңмен қарас­тырылған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдардың ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу ны­санынан 2005 жылға – 1,5 %, 2006 жылға – 2 %, 2007 жылға – 3 % мөлшерінде белгі­ленген.

Осылайша, қорға әлеуметтік аударымдарды төлеу әлеуметтік аударымдардың белгіленген ставкасы бойынша жүргізіледі. Жалдамалы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарынан төленеді. Өздеріне табыс әкелетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, алатын табыстарынан әлеуметтік аударымдар төлейді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен әлеу­мет­тік аударымдардың мөлшері 38 866 587,2 мың теңгені құрады, сондай-ақ әлеуметтік ауда­рымдарды уақытында төлемегені үшін өсімақы – 204 299,7 мың теңге болды. Орташа алғанда 2005 жылдың басынан бері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бір қатысушысына 14 938,8 теңге сомада әлеуметтік аударымдар тө­лен­ген. Желтоқсан айында өсімақыны қоса есеп­тегенде бір адамға төленген әлеуметтік аударымдардың мөлшері – 872 теңгені құрады.

2006 жыл үшін 25 163 209,4 мың теңге сомада әлеуметтік аударымдар түсті, бұл 2005 жылғыдан екі есе көп, яғни 2005 жылы түскен әлеуметтік аударымдардың мөлшері 13 703 377,9 мың теңгені құрады. Сонымен қатар 2006 жылы түскен өсімақының мөлшері 151 999,2 мың тең­ге болды, бұл 2005 жылға қарағанда 3 есе көп.

Желтоқсан айында 3 205,3 мың адамға әлеуметтік аударымдар төленді, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға тиіс халықтың 64,2%-ын құрайды. Желтоқсан айында әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істеген барлық кезеңіндегі ең жоғарғы көрсеткіш болды. 2006 жылдың желтоқсан айында олардың саны алдыңғы айға қарағанда 2,8 % және 2005 жылдың желтоқсан айына қарағанда 11,3 % көп.

“Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соңғы 24 айда ең болмаса 1 рет әлеуметтік аударымдар жүргізілген, әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған тұлғалар 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4 500 мың адамды құрады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға тиісті жұмыспен қамтылған халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейі 90,2 % құрады.

Әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны мен әлеуметтік төлемдер алуға құқы бар адамдар санының арасындағы аздаған айыр­ма­шылық төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды жүйелі түрде төлемегендігімен байланысты болуы мүмкін.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Мемлекет­тік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргі­зіл­ген әлеуметтік төлемдердің мөлшері 205 284,4 мың теңгені құрады, оның ішінде:

l еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша – 135 142,4 мың теңге;

l асыраушысынан айырылуы бойынша – 67 513,3 мың теңге;

l жұмысынан айырылуы бойынша – 2 628,7 мың теңге.

2006 жыл үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 9 595 алушыға 195 070,4 мың теңге сомаға әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

l еңбек ету қабілетінен айырылуы бойын­ша 7 056 алушыға – 128 761,6 мың теңге;

l асыраушысынан айрылуы бойынша 2 324 алушыға – 63 737,5 мың теңге;

l жұмысынан айырылуы бойынша 215 алушыға – 2 571,3 мың теңге сомаға.

2006 жыл үшін төленген әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2005 жылы жүргізілген әлеуметтік төлемдерден 19 есе көп.

Желтоқсан айында алынған әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері:

l еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша бір алушыға – 2 883 теңге;

l асыраушысынан айырылуы бойынша бір алушыға – 4 148 теңге;

l жұмысынан айрылуы бойынша бір алушыға – 11 410 теңгені құрады.

Желтоқсан айындағы әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап төленген ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Оның саны 2006 жылдың қараша айымен салыстырғанда 499 адамға немесе 6 % көбейді, ал 2005 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 6857 адамға немесе 4,7 есеге артты.

2006 жылы 8 215 алушыға қайтадан әлеу­меттік төлемдер тағайындалған, осы кезеңге 322 алушыға әр түрлі себептер бойынша әлеуметтік төлемдерді беру тоқтатылған. 2006 жылы әлеуметтік төлемдер алушылардың жалпы саны 9 595 адамды құрады.

2006 жыл бойы алушылар саны ай сайын орта есеппен 17 % өсіп отырды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік саладағы мемлекет саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Еңбек процесіне тартылмаған әр түрлі әлеуметтік топтағы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға қол жеткізу үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру қоғамдағы әлеу­меттік әділеттілікті қамтамасыз етуге жасалатын жағдайлардың бірі болып табылады.

Авторы: Сансызбай ЖОЛДАСБАЕВ, “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры”

АҚ президенті, экономика ғылымдарының кандидаты.

 

2007-01-26: “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті" ААҚ,

5 ақпан, 2007 - 06:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші