check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы      № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3,            36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат;        № 33, 309-құжат; 2010 ж., № 45, 402-құжат; 2011 ж., №47, 630-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережелерінде:

13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды (бірінші, екінші және үшінші орындарды) анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Конкурс лауреаттары бұл атақ берілгеннен кейін екі жыл бойы эмблеманы жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын иеленеді. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын, сондай-ақ Гран-при алғаннан кейін екі жыл ішінде оны алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.»;

аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөнiндегi комиссияның  құрамында:

«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

  Президенті                                                                      

 

Астана, Ақорда,            2012 жылғы

                                №

Бөлімдер:
20 ақпан, 2012 - 17:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші