check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтары ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралыкелісімні

Жоба

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы         сәуірдегі

№         қаулысымен   
                                                                            мақұлданған

 

Жоба

 

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше

мемлекеттердің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің

азаматтары ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды

тергеп-тексеру тәртібі туралы

 келісім

 

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің үкіметтері,

2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартты басшылыққа ала отырып, 

ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән бере отырып,   

төмендегілер туралы келісті: 

 

 1-бап

 

Осы Келісімде ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа мемлекеттің аумағында жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек қызметін жүзеге асырушы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірінің азаматтары ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі белгіленеді.

 

 2-бап

 

Осы Келісімде қолданылатын ұғымдар: 

қызметкер – ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа мемлекеттің аумағында жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен еңбек шартының негізінде еңбек қызметін жүзеге асырушы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірінің азаматы;

жұмыс беруші – жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде қызметкермен еңбек қатынастарына түскен жеке немесе заңды тұлға;  

өндірістегі жазатайым оқиға (бұдан әрі - жазатайым оқиға) – бұл оқиғалар қызметкердің өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс берушінің (оның өкілінің) тапсырмасы бойынша қандай да бір жұмысты орындауы кезінде, сондай-ақ жұмыс берушімен еңбек қатынастарына байланысты не оның мүддесіне сай жасалатын өзге заңды әрекеттерді жүзеге асыруы кезінде болса, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру қажеттілігіне, оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына не қызметкердің өліміне әкеп соққан, соның салдарынан қызметкер дене зақымын (жарақатын) алған оқиға, оның ішінде басқа адам келтірген дене зақымы (жарақаты); ыстық өту; күю; үсу; суға кету; электр тогының соғуы; жай түсуі; сәулелену; аңдар мен жәндіктердің қабуы не шағуы және олар келтірген басқа да дене зақымдары; жарылыстар, авариялар, ғимараттардың, құрылыстардың қирауы, табиғат апаттары және басқа да төтенше жағдайлар салдарынан болған зақымдар; сыртқы факторлардың әсерінен денсаулыққа келген өзге де зақымдар.

                                                      

 3-бап

 

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты қолданылатын қажетті шаралар, оның ішінде: жазатайым оқиға туралы хабарлау тәртібі; жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі  комиссияны құру тәртібі; жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру  мерзімі мен жүргізу тәртібі;   жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі;  жұмыс берушінің, денсаулық сақтау мекемелерінің, мемлекеттік қадағалау қызметтерінің және басқа да мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың жазатайым оқиғаға байланысты туындаған міндеттері; жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастырумен байланысты өзге мәселелерді шешу жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында және осы Келісімде белгіленеді.   

 

 4-бап

 

Осы Келісімге сәйкес тергеп-тексерілетін оқиғалар үшін Тараптар осы Келісімнің қосымшасы болып табылатын Жазатайым оқиға туралы актінің нысанын (Н-1Е нысаны) белгілейді. 

Акті орыс тілінде және қажет болған кезде аумағында жазатайым оқиға болған Тарап мемлекетінің мемлекеттік тілінде ресімделеді.

Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші  жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкерге немесе оның сенімді адамына Н-1Е нысанындағы актіні беруге міндетті, бұл ретте Актінің бір данасы жұмысқа орналастырушы мемлекеттің мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберіледі.    

Топтық жазатайым оқиғаны, ауыр немесе адам өлімімен аяқталған оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырушы мемлекеттің уәкілетті органы Н-1Е нысанындағы актіні тергеп-тексеру материалдарымен бірге зардап шеккен адам азаматы болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органына жібереді.  

 

5-бап

 

 Жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде жасалған 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты мертігуі, кәсiптiк ауруға ұшырауы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан келген зиянды өтеу құқығын өзара тану туралы келісімге сәйкес жүргізіледі. 

 

6-бап

 

Бір Тараптың мемлекеті аумағындағы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты белгіленген нысан бойынша берілген құжаттарды немесе олардың куәландырылған көшірмелерін басқа Тараптар растаусыз қабылдайды.   

 

7-бап

 

Тараптар осы Келісім күшіне енген күннен бастап 90 күн ішінде     депозитарийді осы Келісімді іске асыруға жауапты Тараптардың уәкілетті органдары туралы хабардар етеді.

Тараптар уәкілетті органы өзгерген жағдайда өзгерген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей бұл туралы депозитарийге  жазбаша хабарлайды.  

 

8-бап

 

Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының олар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелеріне әсер етпейді. 

 

9-бап

 

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.  

 

10-бап

 

Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және/немесе қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Тараптар арасында консультациялар мен   келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі. 

Егер дау тараптарының бірі екінші дау тарапына оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде дау тараптары дауды келіссөздер мен консультациялар арқылы реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған жағдайда, дау тараптарының кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына қарау үшін бере алады.

 

11-бап

 

Осы Келісім оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30-күні күшiне енедi.

 

12-бап

 

Осы Келісім күшіне енген күннен бастап оған ЕурАзЭҚ мүшелігіне қабылданған басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.  Қосылу туралы құжат депозитарийге сақтауға тапсырылады.

Қосылушы мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап күшіне енеді. 

 

                                                     13-бап

 

Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.   

Тараптардың әрқайсысының осы Келісімнен шығу туралы жазбаша хабарламаны депозитарийге жібере отырып, одан шығуға құқығы бар.  Мұндай Тарап үшін осы Келісімнің қолданысы депозитарий тиісті  хабарламаны алған күннен бастап  алты ай өткеннен кейін тоқтатылады.

201__жылғы «___»___________ _______________ қ. орыс тілінде бір дана жасалды.   

 Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады, ол осы Келісімнің  депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді. 

 

 

Беларусь Республикасының

Үкіметі үшін

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

 

Қырғыз  Республикасының

Үкіметі үшін

 

Ресей Федерациясының 

Үкіметі үшін

 

Тәжікстан Республикасының

Үкіметі үшін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоба

 

 

 

 

_______ Н-1Е нысаны

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтары ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімнің

ҚОСЫМШАСЫ

20___ ж. «____» ____________

БЕКІТЕМІН

____________________________

(кәсіпорынның басшысы/жұмыс беруші) 

____________________________

(қолы, Т.А.Ә.) 

20___ ж. «____» ____________

 

Мөр орны

 

 

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы

№ _____ АКТІ

 

 

1. Жазатайым оқиғаның болған күні және уақыты____________________

 

(жазатайым оқиға болған күн, ай, жыл және уақыты, жұмыс басталғаннан бергі толық сағат саны) 

 

2. Зардап шеккен адам қызметкері болып табылатын (болып табылған) ұйым (жұмыс беруші)______________________________

_________________________________________________________

(атауы, орналасқан жері, заңды мекенжайы,  ведомстволық және салалық тиесілігі; жұмыс берушінің – жеке тұлғаның тегі, аты-жөні)

Құрылымдық бөлімшенің атауы ______________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

 

3. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізген адамдар 

_________________________________________________________

(тегі, аты-жөндері, лауазымдары мен жұмыс орны) 

_________________________________________________________

 

4. Зардап шеккен адам туралы мәлімет:  ______________________

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

_________________________________________________________

жынысы (ер, әйел)

_________________________________________________________

туған күні

_________________________________________________________

кәсібі (лауазымы)

_________________________________________________________

орындау кезінде жазатайым оқиға болған жұмысындағы өтілі   ___________________________________________________

(толық жылдары мен айының саны) 

оның ішінде аталған ұйымда

_________________________________________________________

(толық жылдары мен айының саны) 

 

5. Еңбекті қорғау бойынша нұсқама жүргізу және оқыту туралы мәліметтер 

Кіріспе нұсқама

_________________________________________________________

(саны, айы, жылы)

Жұмыс орнындағы нұсқама 

(бастапқы, қайталама, жоспардан тыс, нысаналы) 

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

                                   (қажетін сызу керек)

Орындау кезінде жазатайым оқиға болған кәсібі немесе жұмыс түрі бойынша ______________________________________________

                               (саны, айы, жылы) 

Тағылымдама: «___»________20___ж. бастап «___»________20___ ж. дейін

_________________________________________________________

(жүргізілмеген болса, көрсету қажет) 

Орындау кезінде жазатайым оқиға болған кәсібі немесе жұмыс түрі бойынша еңбекті қорғау бойынша оқыту 

«___»________20___ж. бастап «___»________20___ ж. дейін

 (жүргізілмеген болса, көрсету қажет) 

Орындау кезінде жазатайым оқиға болған кездегі кәсібі немесе жұмыс түрі бойынша еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру________________

_________________________________________________________

(саны, айы, жылы, хаттама №)

 

6. Жазатайым оқиға болған орынның (объектінің) қысқаша сипаттамасы   ____________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(жазатайым оқиға болған орынды тексеру хаттамасында қамтылған мәліметтерге негізделе отырып, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар көрсетілген  оқиға болған орынның қысқаша сипаттамасы) 

Пайдаланылуы жазатайым оқиғаға ұшыратқан жабдықтар   __________________________________________________

(атауы, түрі, маркасы, жасалған жылы, жасаушы ұйым) 

 

7. Жазатайым оқиғаның мән-жайы ___________________________

_________________________________________________________

(жазатайым оқиғаның алдындағы мән-жайларды қысқаша жазу, жазатайым оқиғамен байланысты жайттарды және зардап шеккен адам мен басқалардың әрекетін және тергеп-тексеру барысында анықталған басқа да мәліметтерді сипаттау) 

7.1. Алған зақымдардың сипаты және зақымдалған орган, денсаулыққа келген зақымның ауырлығы туралы медициналық қорытынды_______________________________________________

7.2. Зардап шеккен адамның алкогольдік немесе нашақорлық масаң күйде болуы _______________________________________

(жоқ, иә - белгіленген тәртіппен жүргізілген куәландыру нәтижесі бойынша қорытындыға сәйкес масаңдық күйін және дәрежесін көрсету)   

7.3. Жазатайым оқиғаның куәгерлері  ____________________

_________________________________________________________

 (тегі, аты-жөні, тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефон №)

 

8.  Жазатайым оқиғаның себептері____________________________

_________________________________________________________

(заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілердің және жергілікті нормативтік актілер талаптарының бұзылуына сілтеме жасай отырып,  жазатайым оқиғаның негізгі және қосалқы себептерін көрсету)    

 

9. Еңбекті қорғау талаптарын бұзуға жол берген 

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты-жөні, лауазымы (кәсібі) осы актінің 8-т. көрсетілген жазатайым оқиғаға себеп болған заң бұзушылықтар үшін олардың жауапкершілігін көздейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілердің және жергілікті нормативтік актілердің талаптарын көрсету)

Бұл адамдар қызметкерлері болып табылатын ұйым (жұмыс беруші) 

_________________________________________________________

(атауы, мекенжайы) 

10. Зардап шеккен адамның кінәсінің дәрежесі (пайызбен) _______

 

11. Жазатайым оқиғаға себептерін жою бойынша іс-шаралар, мерзімдер _______________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Жазатайым оқиғаға тергеп-тексеру

жүргізген адамдардың қолдары                              __________________________

                                                                                                        (тегі, аты-жөні, күні)

                                                                                                                    _________________________

__________________________

__________________________

Бөлімдер:
30 мамыр, 2012 - 12:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші