check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 202, 203, және 204-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4888 болып тіркелген, 2007 жылғы 23 қазанда № 162 «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;»;

2) тармақшаның күші жойылды деп танылсын;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесінде:

бірінші парақтың оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі міндетін атқарушының

2007 жылғы 31 шілдедегі

№ 182-Ө бұйрығына

1-қосымша»;

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл

сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының

жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер

 мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары

зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті

жұмыстардың тізбесі»;

осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке   жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 

     

 

Министр                                                                       Г. Әбдіқалықова     

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

 _____________________ С. Қайырбекова

 

2012 жылғы «  __  » сәуір

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon к Приказу 182 каз.doc41 KB
Бөлімдер:
6 маусым, 2012 - 09:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші