check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан  Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394

қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің

орташа жалақысын есептеудің бірыңғай ережесін

қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды  бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы

3 маусымдағы № 135-ө бұйрығына өзгерістер мен

толықтыру енгізу туралы

 

 

                               Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен сәйкестікке келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы                                   29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2008 жылғы 3 маусымдағы № 135-ө бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы              № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»;                      

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы                  № 1132 қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің  16-тармағы  5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы  29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы  29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарда:

3-1-тармақта:

1) тармақша алынып тасталсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) үш айдағы орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргізе отырып, еңбек шарты Кодекстің 61-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда тоқтатылған кезде (61-бап);»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) қызметкерге жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде (100-баптың 2,             2-1-тармақтары);»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) қызметкерлерге олардың орташа жалақысынан есептелетін еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеу (159-бап);»;

11), 12) тармақшалар алынып тасталсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) жұмыс берушi таратылған не жұмыс берушi қызметiн тоқтатқан жағдайда, қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерiнде; еңбек шартын жасасу кезiнде жұмыс берушi еңбек жағдайлары туралы дәйексiз ақпарат берген не жұмыс берушi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемi жүргiзiлген кезде (157-бап);»;

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) медициналық қорытынды негiзiнде жүктi әйелдi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтын басқа жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ жүктi әйелге қолайсыз өндiрiстiк факторлар әсерiн болдырмайтын басқа жұмыс берiлгенге дейiн жұмыстан босатылған жағдайда орташа жалақыны сақтау (191-бап);»;

мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

«17-1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс уақытына орташа жалақыны сақтау (194-1-бап);»;

19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19) бітімгерлік комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөніндегі келіссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақыны сақтау (296-бап);»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кемірек қызмет атқарған жағдайда (мысалы, алты ай жиырма күн) немесе он екі күнтізбелік ай кезінде қызметкердің жұмыста болмаған жағдайлары орын алса (мысалы, қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында, жалақысы сақталмайтын демалыста болуы, ауырғанына байланысты жұмыста болмауына, бос тұрып қалу уақыты және т.б.), есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмеген болып есептеледі. Бұл жағдайда есеп айырысу кезеңі болып нақты жұмыс атқарған уақыты табылады, ал орташа күндік (сағаттық) жалақы нақты жалақыдан және осы кезеңде нақты жұмыс атқарған күндерден (сағаттардан) айқындалады.»,

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады («Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңының 5-бабы). Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз –Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Кодекстің 96-бабына сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.».

2. Ішкі бақылау департаменті (Г.С. Әлімбекова) осы бұйрық  қолданысқа енгізілгеннен кейін:        

1) жұмыста басшылыққа алу үшін Министрліктің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарына жіберсін;

2)   Министрліктің веб-сайтына орналастырсын.

   3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Министр                                                                                 С. Әбденов

                                                                        

Бөлімдер:
12 желтоқсан, 2014 - 19:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші