A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ақпараттық-талдамалық материал

2013 жылғы 31 шілдеде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылып, Қазақстан Республикасының Үкіметі оның құрылтайшысы мен акционері болып белгіленді.

БЖЗҚ барлық зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша құқықтық мирасқор болып табылады және алдын жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бөлінген барлық зейнетақы активтерін шоғырландырады.

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын және олардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы қорларынан аудару  ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 24.09.2013ж. № 356 бұйрығымен бекітілген кесте бойынша салымшылардың өз зейнетақы жинақтарына меншік құқығы сақтала отырып, толық көлемде жүзеге асырылатын болады.   

БЖЗҚ зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқаратын болады.

Инвестициялауды ұйымдастыру үшін ҚР Ұлттық Банкіне инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық портфельдерді басқаратын ұйымдарды таңдау құқығы беріледі. Бұл ретте, инвестициялық стратегия мен БЖЗҚ зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат берілген қаржылық құралдардың тізбесі жөніндегі ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мақұлдайтын болады.

Оның дербес құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Кеңестің құрамына ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің өкілдері, қаржылық нарық қатысушылары мен отандық тәуелсіз сарапшылар кіретін болады.

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша мемлекеттің зейнетақы жинақтарының сақталуы жөніндегі кепілдік сақталатын болады.

Осылайша, мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуы және инвестициялық табыстылығын қамтамасыз етуге жауаптылығы арттырылады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы              18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бекітілді, оларға сәйкес БЖЗҚ салымшыға (алушыға) ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта мыналар:

1) нақты түскен күнін көрсете отырып, БЖЗҚ-да салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап түскен зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, аударымдардың сомасы;

2) әрбір ай үшін есептелген инвестициялық табыс (шығын) сомасы және БЖЗҚ-да салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап сұралатын күнгі жай-күйі бойынша жалпы сомасы;

3) БЖЗҚ-да салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен инвестициялық табыстан және зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақының мөлшері;

      4) БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап ұсталған жеке табыс салығының күні мен сомасын көрсете отырып, зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы туралы мәліметтер қамтылады.

БЖЗҚ салымшыны (алушыны) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы салымшы (алушы) таңдаған тәсілге сәйкес хабардар етеді:

      1) электрондық – салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе жеке келісімде көрсетілген салымшының (алушының) электрондық мекенжайына (e–mail) хабарлама жіберу;

      2) салымшы (алушы) тікелей БЖЗҚ-ға өзі өтініш жасаған кезде;

      3) берілген пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып, интернет қызметтері арқылы салымшы (алушы) өзі өтініш жасаған кезде;

      4) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы.

Бұған қоса, барлық азаматтар «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсімі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына  (ХҚО) жүгінуіне болады, онда жинақтаушы зейнетақы қорларына 10-пайыздық міндетті жинақтаушы жарналарының ұсталынған және аударылған сомалары бойынша мәліметтер көрсетілетін болады.

Зейнетақы жинақтарының инвестициялық табыспен қоса есептегендегі сомалары  жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін үзінді-көшірмелерде беріледі.

Сонымен қатар, ХҚО-дан міндетті жинақтаушы зейнетақы қорларынан 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналарының келіп түсуі туралы мәліметтерді және зейнетақы жинақтары (10% + инвестициялық табыс) туралы жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірмелерді алған кезде   инвестициялық табысты құрайтын айырмаға   назар аудару керек.

Сондай-ақ уәкілетті ұйымнан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы БЖЗҚ электронды хабарламаны алған күнінен бастап салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептелетіндігін ескертеміз. 

29 қазан, 2013 - 15:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші