A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы

 

«Кәсіби біліктілік туралы»

Қазақстан Республикасы Заңы жобасының

тұжырымдамасы

 

1. Заң жобасының атауы. «Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

 

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі

«Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының  тұжырымдамасы (бұдан әрі – заң жобасының Тұжырымдамасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту үшін жағдай туғызу жөніндегі Іс-шаралар жоспарының  «Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасын әзірлеуге қатысты 11-тармағын  орындау үшін әзірленді.

Заң жобасы Тұжырымдамасының негізіне Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің              2012 жылғы 3 қыркүйектегі  екінші сессиясының ашылуында  айтқан кәсіби біліктілік жүйесінде жаңа заң қабылдау қажеттігі туралы тапсырмасы алынды.

Елбасының 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласында «... ұлттық біліктілік жүйесін (ҰБЖ) құру жөніндегі  барлық жұмысқа екпін беру қажет, оның  нормативтік маңызы ғана емес,  шын мәнінде,  ол әрбір  кәсіп үшін  «жол картасы» болып табылады. ҰБЖ әр мамандық бойынша  кәсіби лифт  «құруға» мүмкіндік береді... Еңбек ресурстарының ортақ  нарығын құруды көздейтін Бірыңғай экономикалық  кеңістік  жағдайында, үш елде ұлттық біліктілік жүйелерін  құру  жөніндегі  қызметті үйлестіру маңызды» деп атап көрсетті.

Нарықтық экономика  жағдайында еңбек нарығы  елеулі өзгерістерге  ұшырады. Еңбек нарығының  құрылымында әжептәуір өзгерістер,  сондай-ақ  білікті қызметкерлерге  деген сұраныстың  табиғи көбеюі орын алды. Экономиканың  жаһандануы әсерімен қатар, ішкі  нарықтың   ырықтандырылуы  жүріп жатыр. Сарапшылардың пікірі бойынша, бүгінгі күні  икемділік пен ашықтық,  тұрақтылық пен өсім экономиканың күшті жақтары болып табылады. Еңбек нарығындағы жаһандану,  көші-қон мен бәсекелестік бүгінгі күні жаңа дағдыларға  қатысты  талаптардың күшеюіне әкеп соғады.

Алайда, осылармен қатар, еңбекке сұраныс пен ұсыныстың  кәсіптік-біліктілік теңгерімсіздігі, халықтың белгілі бір бөлігі үшін  жұмыстың болмауы,  экономиканың бірқатар негізгі салаларында еңбек өнімділігінің төмендігі,  еңбек әлеуеті  сапасының жеткіліксіздігі, қажетті біліктілігі жоқ қызметкерлер қатарының көп болуы  сақталуда.

ҰБЖ енгізу  еңбек ресурстарына деген  сұраныс пен ұсыныстың  ортақ мағынасына  қол жеткізуге бағытталған.  Бұл білім беру жүйесі мен  еңбек нарығының  өзара іс-қимыл жүйесін түбегейлі  өзгертуге тиісті шынайы қадам. ҰБЖ қолданыстағы біліктіліктерді  әртүрлі деңгей,  қызмет түрлері  мен құзыреті және т.б. бойынша  біртұтас  етіп біріктіреді,  жүйелейді, саралайды және сыныптайды. Ол біліктілігін ресми тану есебінен азаматтардың  сатылай сияқты жазықтық кәсіби ұтқырлығының да  дамуына  ықпал етеді, және сол арқылы азаматтардың  ғұмыр бойы  оқуына – lifelong learning мүмкіндік береді.

Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында елімізде Қазақстанның Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу жөнінде  үлкен жұмыс жүргізілді, мамандарды  сертификаттау да осыған кіреді.

ҰБЖ құру мәселелерінде  Дүниежүзілік банктің займы есебінен «Техникалық және  кәсіптік оқытуды жаңғырту» мен «Қазақстан Республикасында Техникалық және  кәсіптік оқытуды қолдау» жобалары өзекті рөл  атқарды. Жобалардың сарапшылары ұлттық біліктілік жүйесі тұжырымдамасын, Ұлттық біліктілік шеңберін, салалық біліктілік шеңберінің макеті мен  әзірлеу  әдістемесін, кәсіби стандарттардың  макеті мен  әзірлеу  әдістемесін, экономиканың бірқатар секторларының кәсіби стандарттарын, біліктілікті  растау мен берудің тәртібін әзірледі, білім беру ұйымдарында  мамандарды даярлау деңгейін  қоғамдық  аккредитациялауды, оның ішінде  ТжКО басқару жүйесінің үлгісін  қалыптастыру, сондай-ақ біліктілікті тәуелсіз бағалау жүйесін құру бойынша  алғашқы қадамдар жасалуда.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373  және Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен сегіз деңгейлі Ұлттық біліктілік шеңбері  бекітілді. Ол    ел ауқымындағы 8 деңгей бойынша   –  еуропалық үлгімен толық үйлесімді.

ҰБЖ негізінде  білім және ғылым, еңбек, ауыл шаруашылығы салаларындағы  Салалық біліктілік шеңбері әзірленді. Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Техникалық және  кәсіптік оқытуды жаңғырту» жобасы шеңберінде  81 мамандық бойынша кәсіби стандарттар әлемдік тәжірибені ескере отырып  дайындалды.

Заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін  Еңбек кодексіне,  «Білім беру туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау  саласындағы аккредитациялау туралы»  Заңдарға өзгерістер енгізілді.

ҰБЖ барлық компоненттері үшін  жауапты органдар белгіленді.

Ұлттық біліктілік шеңберіне – Еңбекмині БҒМ-мен бірлесе отырып.

Салалық шеңберлерге – салалық уәкілетті органдар.

Кәсіби стандарттарға – солар Еңбекминімен келісім бойынша жауапты.

Біліктілікті  растау мен берудің тәртібін салалық уәкілетті органдар  бекітеді.

Біліктілікті  растау мен беруді ИЖТМ Техникалық реттеу және  метрология комитеті аккредиттелген мамандандырылған ұйымдар  жүзеге асыратын болады.

Осылайша, Ұлттық және Салалық біліктілік шеңберлері, кәсіби стандарттар мен  мамандарды  базалық ұғымдар деңгейінде тәуелсіз сертификаттау саласындағы  негізгі заңнамалық база жасалды.

Қазақстан туристік  қауымдастығы («Қонақжайлылық индустриясының сертификаттау орталығы» ЖШС), «KAZENERGY» Қазақстандық қауымдастығы (Қоғамдық қордың құрылымдық бөлімшесі), Кен өндіруші және  кен-металлургия кәсіпорындарының Республикалық қауымдастығы (HR-жобалары жөніндегі департамент) жанында сертификаттау орталықтары құрылды.  Сертификаттау орталықтары пилоттық оқу орындарындағы түлектерді сертификаттау жұмысын жүргізеді.

2012 жылы  Қазақстан Республикасының БҒМ сертификаттау орталықтарын құруда жұмыс берушілер  бірлестіктерін (Қазақстан туристік  қауымдастығын, «KAZENERGY» Қазақстандық қауымдастығын, Кен өндіруші және  кен-металлургия кәсіпорындарының Республикалық қауымдастығын) қолдау бойынша  ынталандыру шараларын қабылдады. «Холдинг «Кәсіпкер» ҰАҚ республикалық бюджеттен бөлінген 57 млн. теңге сомасындағы қаражат шеңберінде үш қауымдастық жұмыс берушілердің  талаптарын ескере отырып кен-металлургия және  мұнай-газ,  туристік салалардағы мамандарға қойылатын  біліктілік талаптарын,  біліктілікті бағалауға арналған  теориялық және практикалық тест тапсырмаларын,  пилоттық қауымдастықтардың  тестілеуді  өткізуіне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді  әзірледі.

«ТжКО дамыту және  біліктілік беру республикалық орталығы» АҚ жыл сайын  ТжКО түлектерін сертификаттауды жыл сайын ұйымдастырады (2011 ж. 120 мамандық ,ойынша 122 мың адам,  2012 ж. – 150 мамандық бойынша 122,6 мың адам (79%).

Өңірлерде курстардан өткені туралы біліктілік бер ілмей сертификаттау басым. Жұмыс істеп тұрған сертификаттау орталықтары бар,  біліктілікті  тәуелсіз растау әдістемесін пысықтау жүргізілуде.

Бұл орайда,  жергілікті мемлекеттік органдар мен бірқатар ірі кәсіпорындардың қолдауы игі әсер етуде.

Тұтастай алғанда,  Қазақстанда шамамен  20 мамандарды сертификаттау ұйымы жұмыс істейді.  Соның ішінде 5 ұйым халықаралық талаптар бойынша  еңбек етуде.

Мысалы, мұндай сертификаттау  мына жерлерде  кең тараған және жүргізіледі:

Мәселен,  Ақтөбе облысында («СНПС- Ақтөбемұнайгаз» АҚ Кен байыту комбинаты), Атырау облысында («Қазмұнайгаз» АҚ),  Жамбыл облысында («КАЗФОСФАТ» зауыты), Қарағанды облысында («Арселор Миттал Теміртау» АҚ), Павлодар облысында («Ақсу ферросплав зауыты» АҚ, Электролиз зауыты);

Атырау облысы  кәсіпорындары жанындағы оқу орталықтары базасында («Шелл» оқу орталығы), Батыс Қазақстан облысында («Энергетика» оқу орталығы), Маңғыстау облысында (Ақтау тренинг орталығы),  сондай-ақ салалық оқу орталықтары жанындағы:  «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ қызметкерлерін  дамытудың бірыңғай орталығы (мұнайгаз саласы қызметкерлерін сертификаттау).

Бұған қоса, сертификаттауды халықаралық үлгідегі сертификат бере отырып,  шетелдік ұйымдар да  жүргізеді.  Мысалы, «Кнауф-Гипс» Қапшағай» ЖШС (Алматы қ. Астана қ. Батыс  Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарында), халықаралық үлгідегі сертификат  50 астам елде қолданылады (Америка, Қытай, Африка, Еуроодақ, ТМД елдері), «KazWeld» қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы» ОЮЛ (Атырау; Қарағанды облыстарында, 50 астам мүше елдер (АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей) танитын WWI Дүниежүзілік дәнекерлеу институты), Ақтау тренинг орталығы (Маңғыстау облысындағы халықаралық мұнай-газ компаниялары танитын дәнекерлеушілерді, метал конструкциялары монтажшыларын, құбыр монтажшыларын сертификаттау), «Бұзбай бақылау және  техникалық диагностика қазақстандық қауымдастығы» ОЮЛ (Бұзбай бақылау  халықаралық конгресі танитын, ұлттық аккредитациядан өтіп жатқан сертификаттар), Қазақстан Республикасы Қаржымині жанындағы Бухгалтерлер палатасы (бухгалтерлік есеп және қаржы қызметкерлерін халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау).

Алайда, мұндай жұмыстар жергілікті ауқымда ғана жүргізіледі, жалпы саясат,  үрдістері мен әдістемесі біріздендірілмеген. Біліктілік беру ұйымдары  нақты бір кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады, не  мамандарды қайта даярлау,  оқу курстарының ұйымдарының құрылымында болады.Мұндай ұйымдардың сертификаттары  еңбек нарығында ішінара сұраныста және  жекелеген кәсіпорындар ғана танитын болып отыр.

ҰБЖ одан әрі енгізу үшін  нормативтік,  ұйымдық  және институционалдық шешімдер керек,  осылардың жиынтығы ғана  жемісті нәтижеге қол жеткізеді. Бұл процес  салааралық үйлестіруді және барлық мүдделі тараптардың   белсенді қатысуын қарастырады.

 Сондықтан,  осы кезеңдегі  бастысы  мамандарды сертификаттау үшін  толық ауқымды заңнамалық базаны қалыптастыру болып табылады.

Бұл орайда, біліктілікті  растау жүйесінің негізі етіп  тәуелсіз сертификаттау  ұйымдарын қалыптастыруды алу қажет. Олар құрылымдардан және  дағды мен машықтарды  алу тәсілінен, яғни  білім беру ұйымдарынан,  даярлау, өздігінен оқу  курстарынан  және т.б. тәуелсіз болуға тиіс. Сондай-ақ,  нақты кәсіпорындардан – кадрларды тұтынушылардан да тәуелсіз болуы қажет.

Тек осылай ғана, жүйе жұмысының жергілікті шектелуінен құтылуға   және  оны  кем дегенде салалық ауқымда  жалпы республикалық  деңгейге таратуға болады.

Бұл сертификаттардың  еңбек нарығының ірі сегменттерінің сұранысына ие етеді.

Сондықтан,  әлемдік тәжірибені ескере отырып,  мынадай міндеттерді шешіп алу қажет.

Біріншіден,  Кәсіби біліктіліктер туралы заңның жобасы әзірлеу керек.

Екіншіден, қызметтер мен реттелетін кәсіп салаларының тізбесін айқындау қажет,  онда  біліктілікті растау жүйесі түзілетін болады.

Бірінші кезеңде бұл 3 сала: мұнай-газ және энергетика  кешені, кен өндіруші және кен-металлургия, туристік салалар  болуы ықтимал.

Бұл орайда, аталған салаларда біліктілікті  растаудың  тәуелсіз жүйесін іске қосумен қатар, оның  мамандар мен бизнеске  қажеттілігін де қамтамасыз ету керек.

Сондықтан, реттелетін  кәсіптер бойынша  жұмысқа қабылдау және  тиісті лауазымдарға қызметке тұру үшін міндетті құжат біліктілікке сәйкестік сертификаты болып табылады  деген ережені  ресми түрде бекіту  тиімді.

Бүгінгі күнге дейін бізде  оқу орындары  мамандарды оқытып қана қоймай, оларға біліктілік те беретін жүйе қолданылып келеді.

 

Бұлардың біріншісі де, екіншісі де  бір дипломда көрсетіледі және  жұмысқа қабылдау үшін жеткілікті деп есептеледі.

Дамыған елдерде бұлай емес – реттелетін  кәсіптер үшін  біліктілікті растау  сертификаты  міндетті түрде талап етіледі.

Қазақстан да осындай жүйеге  келуі керек.

Қазақстанның Еңбек кодексі бұған мүмкіндік береді – жұмысқа қабылдау кезінде  білімі туралы  және біліктілігі туралы құжаттар жеке көрсетіледі.

Әлемдік тәжірибе де осы қадамның  дұрыстығын дәлелдейді.

Бұл еңбек нарығы субъектілерінің біліктілікті растауға  деген шынайы қызығушылығын қамтамасыз етеді.

Осылайша, бұл жүйе шын мәнінде сұранысқа ие болады.

Үшіншіден, таңдалған салаларда заңнамалық құжаттардың: салалық біліктілік шеңберін, кәсіби стандарттарды, біліктілікті беру мен растаудың тәртібін толық жиынтығын  жедел әзірлеуді және  бекітуді қамтамасыз ету қажет.

Нақ осылардың негізінде мамандандырылған ұйымдар біліктілікті растауды жүргізетін болады.

Бұл орайда, Салалық шеңбер негізінде, қандай  деңгейге және  кіші деңгейге ауысқан кезде сертификаттау  жүргізілетінін қосымша анықтау  тиімді.

Мәселе  мынада, салалық шеңбердегі әр салада 8 жалпыұлттық біліктілік деңгейі болады. әрі олардың көпшілігі  тағы да кіші деңгейлерге бөлінетін болады.

Әлемдік тәжірибе де, өзімізде әзірленген Салалық шеңберлер де, мұндай кіші деңгейлердің  оншақты болатынын көрсетіп отыр.

Әрине,  олардың әрқайсысында тәуелсіз сертификаттау жүргізу мүмкін емес.

Сондықтан әрбір сала  өзінің айрықшалығына қарай, сертификаттау үшін негізгі деңгейлер мен кіші деңгейлерді таңдауы керек.

Бұл  Біліктілікті беру және растау тәртібінде  көрсетілуі керек.

Мұның бәрі  салалық уәкілетті органдардың  функциялары.

Тиісті  Қауымдастықтарға мыналарды:

- Біліктілікті растау орталықтарын құруды және  аккредитациялауды;

- Орталықтарды қажетті  ресурстармен қамтамасыз етуді;

- тестілеу теориялық тапсырмалары мен практикалық бейінді,  сынақтардың (немесе тестілердің) схемалары мен түрлерін және т.б. әзірлеуді қамтамасыз ету ұсынылады.

Төртіншіден,  мамандарды сертификаттау  орталықтары  бірыңғай әдістемелік және нормативтік деңгейде жұмыс істеуі қажет.

Сондықтан, біліктілікті  растауды салааралық әдістемелік  үйлестіруге жауапты  орган құру  мәселесін пысықтау қажет.

Бұл орган  кәсіби  тестілер деректерінің,  сертификаттау орталықтары мен сертификатталған мамандардың ұлттық базасын жүргізетін болады.

Бесіншіден, реттелетін кәсіптер үшін  кәсіби стандарттар базасында  оқытудың жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажет.

Сондай-ақ,  Еңбекминімен және салалық органдармен бірлесе отырып,  реттелетін кәсіптер бойынша ТжКО мен жоғары  білім ұйымдары түлектерінің  біліктілігін растаудың тәртібін келісуден өткізу қажет.

Бұл мамандарға деген сұраныс ахуалын түбегейлі өзгертеді – олар керек  кәсіптер бойынша дайындалатын және  сала талабы бойынша  даярланатын болады.

Алтыншыдан, «Техникалық реттеу туралы» Заңға  және  одан туындайтын құқықтық актілерге,  біліктілікті растау мәселелері бойынша  Еңбек кодексінде бекітілген терминдерді  тікелей пайдалану бөлігінде, толықтыру енгізу  керек болады.

Аталған заңда әзірше сөз  өнімдер мен қызметтер туралы ғана болып отыр.

Осы заңды мамандардың біліктілігімен толтыра отырып, әр адам өз біліктілігі дәл осы  заң бойынша  тексерілетінін түсінеді.

Реттелетін кәсіптер бойынша біліктілігі кәсіпорында  арттырылатын қызметкерлердің біліктілігін міндетті тәуелсіз растау  талабы енгізіледі.

Бұл мамандардың  біліктілігін  қай жерде – оқу орындарында немесе кәсіпорында алуына немесе  арттыруына қатыссыз сертификаттау  қажеттігін түйіндейді.

Мұның бәрі жекелеген салаларда біліктілікті тәуелсіз растау  жөніндегі пилоттық жобаны  іске қосуға және  сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстанда құрылатын Ұлттық  біліктілік жүйесі шеңберінде  мамандарды сертификаттау  жүйесінің механизмдері дайындалатын болады.

Пилоттық жоба  нәтижелері бойынша басқа да қызмет түрлеріне арналған  реттелетін кәсіптер тізбесін жүйелі негізде  кеңейтуге болады.

Бұл жобаны  Қазақстан үшін ұлғайту кәсіби кадрлардың  жаңа сапасына ұмтылыс жасауына мүмкіндік береді.

Білікті еңбек нарығындағы барлық ойыншылардың – білім беру жүйесінің, мамандардың өздері мен бизнестің мүддесін біріктірудің  мүлдем жаңа жүйесі    бұл ұмтылыстың  басты механизміне айналады.

Еңбек және білім беру салаларындағы бірыңғай Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) қалыптастырудың  заңнамалық негіздерін құру қажет.

Қазақстанда біліктілікті тәуелсіз бағалау  жүйесін дамыту, басқалардың қатарында, екі маңызды міндетті қойып отыр.

Бірінші міндет – сертификаттаудың қазіргі бытыраңқылығын, оның жергіліктілігін еңсеру. Мамандарды сертификаттайтын ұйымдардың  көпшілігі  нақты бір  кәсіпорынға немесе  біліктілікті арттыру ұйымына, бағдарламаға, және т.б. тығыз «байлаулы». Бұл мәселені кәсіби стандарттардың негізінде ұлттық сертификат енгізу жолымен шешуге болады.Кәсіби стандарттарды  әзірлеу процесінде  салалық қауымдастықтар реттелетін кәсіптерді айқындауы қажет. Жұмыс берушілердің сұранысына бағдарланған біліктілік жүйесін әзірлеу үшін, кәсіби стандарттар мен  біліктілік санаттарын әзірлеу процесінің мониторингі мен бақылануын қамтамасыз ету қажет.  Мұндай мониторинг жүргізуді  тиісті органға заңды тұрғыдан бекіту  керек.  

Ендігі міндет – кәсіби даярлықтың  сапасын тәуелсіз бағалау  жүйесінің (сертификаттау жүйесінің) заңдылығын арттыру. Қазіргі кезде Қазақстанда  барлығы  бес ұйым халықаралық талаптар бойынша  біліктілік береді.  Заңдылықты арттыруға  сертификаттау  ұйымын аккредитациялау, сондай-ақ оларды салалық кеңестер айқындаған процедура негізінде жұмыс істеуі ықпал етер еді. Кәсіби даярлықтың сапасын кәсіби стандарттардың негізінде бірыңғай бағалаудың сапасын қамтамасыз ету үшін бірыңғай  ұлттық бағалау  ұйымын құру тиімді. Өз саласын ұлттық деңгейде білдіретін  салалық кеңестер сертификаттау рәсімін дайындауды қамтамасыз етуі керек, өйткені, әр біліктілік санаттарына (мамандықтар) сәйкес келетін кәсіби стандарттарды  дәл солар әзірлейді. Оңтүстік Кореяда үкімет Кореяның адам ресурстарын дамыту қызметі сияқты мемлекеттік сертификаттау  ұйымдарына  қолдау көрсетеді. Сертификаттау  жүйесін дамытуды мемлекеттік қолдау Қазақстан үшін де маңызды.

Ұлттық біліктілік жүйесін  басқару және имплементациялау  бөлігіндегі  бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне  жүктеу мәселесін қарау және  шешу қажет, ол басқа министрліктермен және  ведомстволармен тығыз ынтымақтастықта  әрекет етер еді. Бағалаудың сапасын бақылауды  Ұлттық біліктілік орталығы не  өзге де  бағалаудың сапасын бақылау жөніндегі  ұлттық ұйым жүргізер еді. Бағалауды   (1) бағалау жөніндегі ұлттық ұйым; (2) салалық ұйымдар; (3) ерікті  (жекеменшік) ұйымдар жүргізе алады.

Сертификат берудің  екі негізгі тәсілі бар. Бірінші – біліктілікті бірыңғай тәуелсіз тестілеу. Екіншісі – арнаулы оқу және даярлау  бағдарламасынан өту нәтижелері бойынша.Оңтүстік Кореяда техникалық мамандықтар бойынша біліктілікті бірыңғай тестілеу механизмі жасалғаннан кейін,  жуырда  оқыту  курстарынан өту нәтижелері  бойынша  біліктілікті бағалау  жүйесін енгізу үшін  Жол картасын әзірлеу аяқталды. Корея тәжірибесімен  салыстырғанда, Қазақстанда  бірінші үлгіге – біліктілікті бірыңғай тестілеуге  бағдарлану тенденциясы   байқалады.

Елдің тұтастай дамуы үшін сәйкестік сертификаттары саласындағы саясаттың  үлкен маңызы бар.  Бұл  сертификат атқаратын функциялармен түсіндіріледі: (1) өндіріс қажеттілігін  білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; (2) жұмыссыздықтың  төмендеуіне ықпал етеді; (3) мамандардың біліктілігін, олардың  кәсіби өсуін үздіксіз арттыруды қамтамасыз етеді; (4) отандық өндіріске қажетті шетелдік  жұмысшыларды Ұлттық Біліктілік Шеңберіне сәйкес  сапада және санда импорттауға мүмкіндік береді.

Оңтүстік Кореяның тәжірибесі реттелетін сертификаттарды енгізудің жұмыс берушілерге де тиімді екенін көрсетеді. Атап айтқанда, ол жұмыс берушілерге: (1) жұмысқа білікті қызметкерлерді қабылдау; (2) сапалы тауарлар мен қызметтер өндіруді; (3) ішкі және  халықаралық  нарықтарда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету  мүмкіндіктерін береді. Екінші жағынан,  реттелетін сертификаттарды  жемісті енгізу үшін жұмыс берушілердің белсенді қатысуы  қажет.

Қазақстанда сертификаттардың рөлін арттыру мақсатында бірқатар мемлекеттік қолдау мен ынталандыру шаралары  қажет, атап айтқанда:

(1) мемлекеттік сатып алулар  шеңберінде келісімшарттарға (мысалы, құрылыс бойынша) өтінім беру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

(2) сертификат үшін үстемеақыны  қаржыландыруды қамтамасыз ету;

(3) кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін енгізу.

Осы  және басқа да қолдау  мен ынталандыру шараларын енгізу үшін тиісті  құқықтық база қажет.    

Дәл осы жүйе арқылы  бұлардың бәрі де соңғы нәтижеге мүдделі болады.

ҰБЖ құруға қажетті нормативтік база 2012 жылы  Еңбек кодексін «Ұлттық біліктілік жүйесі» тарауымен  толықтыру арқылы қалыптасты, ол 138-1 – 138-6  қамтитын алты баптан тұрады.

Баптың деректері қолданыстағы заңнамаға оның негізгі элементтерін: ұлттық біліктілік шеңберін,  салалық біліктілік шеңберін,  кәсіби стандарттарды, маманның  кәсіби даярлығын бағалау мен  оның  сәйкестігін  растау мәселелерін енгізу арқылы, ұлттық біліктілік жүйесін шын мәнінде  айқындайды.

Бұл  ҰБЖ көшу процесін іске асыруды бастау үшін қажет еді.

Алайда, Еңбек кодексінің көрсетілген ережелері кәсіби біліктілік жүйесін толыққанды енгізу үшін  жеткіліксіз болды, өйткені, жоғарыда көрсетілгендей, оның нормалары  тек негізгі ережелерді ғана қамтиды, осыған орай,  ҰБЖ реттеу мәселелерінде  ескерілмей қалған елеулі жағдайлар баршылық.

Осыған байланысты, көрсетілген ережелерді одан әрі  кеңейту және нақтылау қажет.

Қазіргі кезеңде,  бұл бағытта  жүргізілген жұмысты ескере отырып,  «Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу қажеттігі туып отыр.

Сонымен бірге, бірінші кезекте тиісті құқықтық қатынастардың зай заңның – Еңбек кодексінің немесе жеке «Кәсіби біліктілік туралы» заңның аясында  шешілетінін шешіп алу керек.

 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабының 5-тармағына сәйкес кодекс – осы Заңның 3-1-бабында  көзделген  аса маңызды бір тектес  қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқықтық нормалар  біріктірілген және жүйеленген заң.  3-1-бап бұларға қоса,  еңбек қатынастарын кодекс деңгейінде  реттелуін көздейді.

Жүргізілген талдау ҰБЖ  еңбек  құқықтық қатынастарымен тікелей байланыстарына қарамастан, құқықтардың «Білім беру» мен «Еңбек заңнамасы»  екі саласының тоғысына жақын тұрғанын көрсетіп отыр.

Бұл ең алдымен, кәсіптік біліктіліктің өзекті аспектісі еңбек қатынастары барысында  жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы  өзара қарым-қатынас қана емес, барлық деңгейдегі кәсіптік білім беру  орындарының  мамандарды даярлау деңгейінің  сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы еңбек нарығындағы ұсыныс пен  сұранысты теңгермелеу  шараларын  құру, сондай-ақ жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келтіру мақсатында қызметкерлердің кәсіби дамуын арттыру болып табылады.

Осыған байланысты «Кәсіби біліктілік туралы» жеке Заң әзірлеу орынды болып отыр.

Бұл ретте, Еңбек кодексінің 2-бабы 2-тармағына сәйкес осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.

Осылайша,  «Кәсіби біліктілік туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң жобасы) ережесіне арнап Еңбек кодексіне тиісті сілтеме норманы енгізу арқылы қаралатын заң жобасын әзірлеу үшін құқықтық негізді қамтамасыз ету мүмкін болады.

Еңбек заңнамасының ҰБЖ бөлігінде, ҰБЖ іске барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу үшін жеткіліксіз құқықтық нормалар бөлігі қамтылуы Заң жобасын әзірлеу пайдасының негізгі аргументі болып табылады.

Мәселен Еңбек кодексінің 10-тарауында тіпті кәсіби біліктілік жүйесін енгізу мақсаты да ашылмайды.

Бұл ретте, Еңбек кодексінде «ұлттық біліктілік шеңбері», «салалық біліктілік шеңберлері», «кәсіби стандарт» ұғымдарына анықтама берілгенмен, оның ережелерінде осы құжаттар бағытталған жетістіктердің  мақсаттары мен міндеттері айқындалмаған.

ҰБЖ субъектілердің (мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері, кәсіптік одақтар, жұмыс берушілер мен қызметкерлер, білім беру ұйымдары) құқықтары мен міндеттемелері, олардың өзара іс-қимыл механизмдері көзделмеген, олардың қызметтері қоғамдық қатынастарға қатысушылардың жауапкершілігіне, құқықтары мен міндеттемелеріне қарай институттар мен кіші институттар бойынша топтастырылмайды.

Салалық мемлекеттік органдар Ұлттық біліктілік жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде бірыңғай критерийлер мен тәртіптің болмауы, практикада Еңбек кодексінің осы ережелерінің әртүрлі оқылуына, аталған құжаттарды әзірлеу бойынша тәсілдерде бірізділіктің болмауына әкеледі.

Жалпы жоғарыда көрсетілгендер, салалық мемлекеттік органдар мен кәсіби біліктілік жүйесінің өзге де субъектілерінің Еңбек кодексінің                       10-тарауының нормаларын іске асыруын тек объективті түрде ғана емес, субъективті түрде де қиындатады. Нәтижесінде кәсіби біліктілік жүйесінің субъектілері көрсетілген нормаларды қолдануда институционалды рөлді және құқықтық мәртебені айқындау, құжаттарды салааралық үйлестіру мақсатымен бірізділікті қалыптастыру проблемаларына кезігеді.

Еңбек кодексінде тиісті орталық атқарушы органдардың құжаттарды бекіту бойынша өкілдігін ұсынатын бланкетті нормалардың едәуір саны бар.

ҰБЖ енгізуді іске асырудың қазіргі, қоғамдық қатынастарды қалыптастыру, тараптардың рөлдері айқындалған, ҰБЖ субъектілердің нормалары анықталған кездегі кезеңі сілтеме нормалары аз тікелей қолданылатын заңды әзірлеу қажеттігін белгіледі.

Заң жобасында Еңбек кодексінің 10-тарауында қамтылған, жоғарыда көрсетілген проблемаларды қоспағанда,  критерийлер мен механизмдерді ашу жолымен кәсіби біліктіліктің бірыңғай және тұтас жүйесін салуды көздейді.

Қолданыстағы еңбек заңнамасымен ұлттық біліктілік шеңбері сияқты мынадай құжаттарды; кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтау өткізу және қолдану тәртібін; мамандардың біліктілігінің сәйкестігін растау және біліктілік беру тәртібін бекітуді жұмыс берушілер бірлестіктері мен қызметкерлер бірлестіктерінің пікірлерін ескере отырып, тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары жүзеге асырады,  ораталық атқарушы органдардың – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрліктердің, салалық мемлекеттік органдардың өкілеттігіне жатқызылған.

 Сонымен қатар, аталған құжаттар салалық біліктілік шеңберлерді және кәсіби стандарттарды салалық уәкілетті органдардың бекітуі үшін негіз болып табылатынын ескере отырып, оларды Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде бекіту орынды. Бұл осы құжаттардың мәртебесін көтереді, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен келіскен кезде сол немесе өзге саладағы еңбек нарығының ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді.

Бұл ретте, көрсетілген құжаттарды әзірлеу үшін құқықтық негіздер Заң жобасында қамтылуға тиіс.

Заң жобасында кәсіби стандарттар саласындағы уәкілетті органды бекіту қажет, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болуға тиіс. Аталған Министрліктің құзыреті, оған салалық мемлекеттік органдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету бекітіліп, нақты жазылуға тиіс.

Сондай-ақ Үкіметтің, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, білім саласындағы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органның, Ұлттық кәсіпкерлер паласының, қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің, кәсіптік одақтардың құзыретін шектеу қажет.

Бұдан басқа, Еңбек заңнамасында жоғарыда көрсетілген құжаттарды әзірлеу және бекіту Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жұмыс берушілер және қызметкерлер салалық бірлестіктерінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Осылайша, аталған ұйымдар Қазақстан Республикасында кәсіби біліктілік жүйесін енгізу процесіне тартылған.

Дегенмен, заңнамасында құжаттарды әзірлеуде және келісуде олардың орны және рөлі, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасау механизмі болмаған кезде, көрсетілген ұйымдардың қатысуы, әсіресе, аталған құжаттарды әртүрлі салаларда әзірлеу және келісу кезінде тәсілдердің бірыңғай болмауы номиналды, формальды сипатта болады.

Жалпы, Заң жобасында мемлекеттік органдардың салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды бекітуіне қатысты мәселе талқылауды және реттеуді талап етеді.

Аталған мәселені жұмыс берушілер мен қызметкерлердің оны енгізуге өзара келісімі негізінде жасалған жүйе ретінде қараған жөн. Мәселен, жұмыс берушілер білікті мамандарды қажетсінеді, ал бітірушілер мен қызметкерлерді, тиісінше жұмыс, жалақының артуы және қызмет бабында өсуі қызықтырады.

Сондай-ақ, ҰБЖ элементтеріне өзгерістер объективті себептерге қарай, тұрақты мониторинг негізінде, еңбек қызметінің мазмұнына өзгерістерге қарай – еңбек қызметін талдау және оның нәтижелеріне қойылатын талаптардың қорытындылары бойынша  енгізілуге тиіс.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау және Ұлттық палатаның экономика салаларында кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестаттау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы функцияларын оған беру (13-бап) аясында көрсетілген құжаттарды бекіту, мемлекеттік органдардың келісімі бойынша   Ұлттық кәсіпкерлер палатасының не жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің/кәсіптік қауымдастықтың өкілеттігіне жатқызылуға тиіс.

Осыған байланысты, заң жобасында аталған мәселелерді реттеу көзделеді.

Еңбек кодексінде салалық біліктілік шеңберлер мен кәсіби стандарттардың ережелерін жұмыс берушілер мен қызметкерлердің орындауы міндетті болып табылатыны ашып көрсетілмеген, осыған байланысты аталған мәселе заң жобасында реттеуді талап етеді.

Сондай-ақ, ҰБЖ қолданылатын субъектілердің – кәсіптік-біліктілік білімі бар адамдардың  ортасын нақты шектеу жоспарлануда. Заң жобасында оның ережелерін қолданатын кәсіптерді айқындау қажет.

ҰБЖ элементтерін дамытуда, оның ішінде қаржыландыруда және бизнес қауымдастықтың қатысуында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселелерін реттеу жөн. Бұл процеске күшті біріктіру және бір саладағы компаниялардың белгілі бір саладағы бағыттарды қаржыландыру үшін коммерциялық емес қорлар құра алатын жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерін тартуға болады.

Сонымен бірге, Заң жобасында дуальды оқыту мәселелерін реттеу қажет, өйткені аталған әдістеме ҰБЖ дамытудың тиімді тәсілі болып табылады.

Кәсіптік даярлықты бағалауды құқықтық бекіту және біліктіліктің берілгенін растау мәселелеріне көңіл аудару қажет.

Заң жобасында сертификаттауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу, сондай-ақ біліктіліктің берілгенін растауды, оны өткізу механизмдері мен тәртібін жүзеге асыруға құқылы субъектілерді айқындау тәртібін реттеу көзделеді.

Біліктілікті білім беру ұйымдарының түрлеріне тәуелсіз сертификаттау орталықтары, оның кәсіпті өз бетінше игерген адамдарға беруге тиіс. Жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері мен кәсіптік қауымдастықтардың аталған  рөлге едәуір жақын болып келеді, олардың жұмыс берушілердің өкілдерін біліктілік беру процесіне тарту, сондай-ақ олардың адам ресурстарына қажеттілігі мен олардың құзыретіне қойылатын талаптарды анықтау мүмкіндігі бар.

Бұдан басқа, кәсіби даярлықты бағалаудың және біліктіліктің берілуін растаудың объективтілігі мен турашылдығы үшін механизмдер, мысалы кандидаттарды сертификаттауға оқытуға қатысы жоқ адамдардың өткізуі жолымен құру қажет.

Реттеуді талап ететін негізгі мәселелердің бірі сертификаттау процесінің міндеттілігін/еріктілігін заңнама тұрғысынан бекіту болып табылады.

Заңнамада персоналды сертификаттаудың барлық түрінің мәртебесін реттеу талап етіледі. Заң жобасының осы мәтінінде еңбек нарығында сертификаттарды тануды қамтамасыз ету механизмдерін реттеуді қажет етеді. Жұмыс берушілерді, бірінші кезекте, сертификаттары бар адамдарды жұмысқа қабылдауын ынталандыруға бағытталған шараларды көздеу қажет, бұл кәсіби біліктілік жүйесіне көшу процесін айтарлықтай және сапалы жылдамдатады.

Осыған байланысты, заң жобасын әзірлеу және келісуден өткізу, бірінші кезекте, жұмыс берушілермен, олардың салалық бірлестіктерімен, Ұлттық  кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ халық арасындағы нысаналы аудиториямен жүргізілетін түсіндіру және ақпараттық жұмыстармен сүйемелденуге тиіс.

Заң жобасында кәсіптік өз бетінше игеру нысандарын, сондай-ақ өз бетінше, оның ішінде өндірісте тәжірибе жинақтау жолымен біліктілігін арттырған адамдарға біліктілік беру тәртібін реттеу көзделеді.

Кәсіптік білім беру ұйымдарын аяқтағаннан кейін біліктілік берілгені туралы сертификаттардың міндетті болуы туралы талаптар белгіленген жағдайда, Заң жобасын іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру талап етілуі мүмкін. Керсінше жағдайда, қаржылық жүктеме оқу орнын аяқтаған адамдарға түседі.

ҰБЖ Қазақстан Республикасының аумағында енгізген жағдайда, шетелдік азаматтардың біліктілігін тану механизмдеріне қатысты мәселе туындайды, осыған байланысты осы мәселені Заң жобасында реттеу көзделеді.

Бұдан басқа, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ҰБЖ мәселелерін қозғайтын, даярлықты бағалау және біліктілік беру бөлігіндегі    ережелерін алып тастау және оларды «Кәсіби біліктілік туралы» Заң жобасында реттеу талап етіледі.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып,Заң жобасы «Білім туралы», «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына түзетулер енгізуді көздейтін ілеспе заң жобасын әзірлеу қажеттігіне әкеледі.

Бұл Қазақстанда адам капиталының сапасын арттыруда маңызды қадам болады.

Заң жобасы отандық біліктілік жүйесін реформалау процесінің органикалық жалғасы болып табылады.

  

3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты

Заң жобасының негізгі мақсаты кәсіби біліктілікті реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру болып табылады.

Заң жобасының негізгі міндеттері мыналар:

ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерді, кәсіби стандарттарды, мамандардың біліктілігін сертификаттау жүйесін қамтитын ұлттық біліктілік жүйесін дамыту;

салалар үшін қажетті біліктілікті дамыту;

еңбек нарығын дамыту және оны басқару;

еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

 

 

 

4. Заң жобасының реттеу нысанасы

Заң жобасының нысанасы жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өзара іс-қимылы процесінде туындайтын кәсіби біліктілікті дамыту мәселелеріндегі қоғамдық қатынастар болып табылады.

 

5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасының құрылымы:

1-бап. Заң жобасында пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Кәсіби біліктілік жүйесі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

3-бап. Заң жобасының қолданылу аясы

4-бап. Кәсіби біліктілік жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету

5-бап. Кәсіби біліктілік жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

6-бап. Кәсіби біліктілік жүйесінің құрылымы

7-бап. Кәсіби біліктілікті реттеу жөніндегі ұлттық комиссия

8-бап.

9-бап. Біліктілікті дамыту орталығы

10-бап. Кәсіби біліктілік

11-бап. Реттелетін кәсіптер

12-бап. Кәсіби біліктілікті қаржыландыру жүйесі

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу

Заң жобасы 5 тараудан тұрады:

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Мемлекеттік органдардың құзыреті, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қызметкерлердің салалық бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың кәсіби біліктілік саласындағы функциялары

3-тарау. Ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері

4-тарау. Кәсіби стандарттар

5-тарау. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандар біліктілігінің сәйкес келуін растау        

6-тарау. Шет мемлекеттер мамандарының біліктілігін тану

7-тарау. Қорытынды ережелер

 

6. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және  әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заң жобасын қабылдау: еңбек нарығын және білім беру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын айқындау, оқушылардың біліктілік бойынша білімнің әртүрлі траекторияларын жоспарлауы, біліктілік деңгейді арттыру, кәсіби біліктілікті және оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қызметкерлер мен бітірушілердің біліктілігіне; білім беру және біліктілікті сертификаттау нәтижелерін бағалауға, салалық біліктілік және тарифтік жүйелерге бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету.

 

Құқықтық салдар:

1. Мынадай мәселелерді заңды тұрғыдан шешу үшін құқықтық негіз құру:

1) ұлттық біліктілік жүйесін дамыту;

2) жастарды жұмысқа орналастыру.

Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіби біліктілік жүйесін Қазақстан Республикасында тиімді енгізу үшін нормативтік-құқықтық негіздер құрылатынын Заң жобасын қабылдаудың құқықтық салдары деп атап өткен жөн.

Халықты өмір бойы кәсібилігін арттыруға ынталандыру жолымен Қазақстанның адам капиталының тұрақты дамуы; өндірістік және өзге де кәсіпорындарды кәсіби кадрлармен, оның ішінде оқы орнын аяқтағаннан кейін, қосымша оқусыз бірден жұмыс істеуге қабілетті еңбек кадрларымен   қамтамасыз ету проблемасын шешу.

Жеке кәсіпкерлер субъектілерінің, кәсіпкерлер мен қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің белсенділігін арттыру, қызметкерлерді оқыту және кәсіптілік сапасы саласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

Заң жобасын қабылдаудан ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының барлық саласын дамытудағы қосымша импульс түрінде мультипликациялық әсер күтілуде.

 

7. Басқа заңнамалық актілерді әзірленетін заң жобасымен бір уақытта (кейіннен) сәйкестікке келтіру қажеттігі

«Кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының ілеспе Заңының жобасы «Білім туралы», «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер енгізуді көздейді.

 

8. Заң жобасы нысанасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі

Заң жобасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

1) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

2) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

4) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

5) «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы         5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

6) «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 406 қаулысы;

7) «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысы;

8) «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы                            24 қыркүйектегі № 373 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығы;

9)  «Ауыл шаруашылығы саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 20 бұйрығы;

10) «Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндет атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374 бұйрығы;

11) «Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 ақпандағы  № 20 бұйрығы;

12) «Мұнай-газ саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 132 бұйрығы;

13) «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығы

14) «Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 264 бұйрығы.

 

9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қызметкерлердің біліктілігі деген ұғым бұрыннан қолданылса да, дегенмен оған деген жүйелі тәсіл мемлекеттік деңгейде тек XX ғасырдың соңғы тоқсанында қалыптаса бастады.

Бұл дамудың сапалы жаңа деңгейіне өтудің жолы болды.

Оңтүстік Кореяның тәжірибесін мысалға келтіруге болады.

1973 жылы онда «Ұлттық техникалық біліктілік жүйесі туралы» заң қабылданды.

Және технология саласында әлемдегі дамыған елдер деңгейіне серпіліс жасау міндеті қойылды.

Біліктіліктің 7 жалпы ұлттық деңгейі анықталды және бір деңгейден екінші деңгейге өту тәуелсіз кәсіптік тестілеу нәтижелері бойынша ғана жүзеге асырылады деп белгіленді.

Нәтижесі – Оңтүстік Кореяның ЖІӨ 100 есеге өсті және технологиялық елдердің әлемдік элитасына жол ашылды.

Осыған ұқсас тәсілдер Еуропа Одағында да қолданыла бастады.

Ұлттық шеңберлер үшін үлгі ретінде Еуропалық біліктілік шеңбері әзірленді.

Олардың негізінде Салалық біліктілік шеңберлері мен Кәсіби стандарттар әзірленді. Кәсіби стандарттар үш түрлі функцияны орындайды:

- нарықтың мамандардың кәсіптеріне қоятын талаптарын жинақтайды;

- мамандарды оқыту және даярлау бағдарламасын құру үшін негіз болып табылады;

- салалық шеңбер сияқты мамандарға біліктілік беру және оны растау үшін база болып табылады.

Әлемдік тәжрибені талдау үш негізгі қорытындыға әкеледі.

Бірінші – озық елдерде мамандардың біліктілігіне және сертификаттауға қойылатын жалпыұлттық талаптарды қалыптастыру жүруде.

Екінші – бірде-бір елде барлық кәсіптер қамтылмайды, тек ел үшін басымды кәсіптер ғана қамтылады.

  • Оңтүстік Кореяда – 727, Германияда – 400, Данияда – 123 және т.б.

Және де барлық кәсіптер заңнама тұрғысынан реттелмейтін және реттелетін деп бөлінеді.

Үшінші қорытынды – мамандарды сертификаттау жүйесінің оқу орындарынан, сол сияқты нақты жұмыс берушілерден тәуелсіздігі.

Және онымен біліктіліктің барлық негізгі деңгейлерін – жетекші инженерлер мен өндіріс басшыларына дейін қамту.

Сертификаттау бойынша  әлемдік тәжірибені зерделеу барлық елдер үшін мынадай тәсілдер жалпы болып табылады:

1. Әрбір елде біліктілікті бағалауды және сертификаттауды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік орган және осы органның аккредиттеу жөніндегі жеке ұйымы болады.

2. Біліктілікті бағалау және сертификаттау еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі (Шотландияда, Голландия, Данияда – Салалық дағдылар жөніндегі кеңестер әзірлеген кәсіби стандарттар негізінде; Оңтүстік Кореяда – Еңбек министрлігінің біліктілік жүйесі шеңберінде бақылауы; Сингапурда – Жұмыс берушілердің өндірістік дағдылар жөніндегі кеңестің біліктілік шеңбері негізінде).

3. Сертификаттау орталықтары аккредиттеледі

Бұл ретте әртүрлі елде сертификаттауға қатысты түрлі модельдер мен тәсілдер қалыптасты:

- мақсаттары бойынша: Ұлыбританияда – ол мамандардың сапасы саласында әлемдік деңгейге қолжеткізу, Кореяда – экономикалық тұрғыдан көтерілу, жаңа технологияларға негіздеу үшін енгізілді;

- сертификаттау органдарының жекеменшік нысаны бойынша: мемлекеттік: Кореяда, Ұлыбританияда, Францияда; мемлекеттік емес: Германияда; аралас: Нидерландта, Данияда, АҚШ-та;

- институционалдығы бойынша: Біліктілік жөніндегі агенттік – Кореяда, Ұлыбританияда; Өнеркәсіп/Қолөнер палаталары – Германияда; Жұмыс берушілер бірлестіктері жанындағы 17 ұлттық сараптама орталығы – Нидерландта; Кәсіпорындар жанындағы бағалау орталықтары – Ресейде, Сертификаттау жөніндегі мемлекеттік комиссия – Францияда;

- міндеттілік және кәсіптерді қамту бойынша: бірде-бір елде барлық саланы сертификаттау талаптары жоқ: Норвегияда, Исландияда, Португалияда, Германияда, Швейцарияда – реттелген және реттелмеген кәсіптер; Германияда – 400, Кореяда – 727, Данияда – 123;

- сертификаттардың игерлері үшін жеңілдіктер бойынша: едәуір жоғары лауазымда жұмыс істеу мүмкіндігі, материалдық қолдау, жалақыға үстемеақы, жұмысқа орналасу (Корея, Ұлыбритания, Германия).

Біліктілік шеңберлері, кәсіби стандарттар: кәсіби даярлау бағдарламаларын, экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келетін (барынша толық, нақты) кәсіби оқытудың барлық түрлерін бағалау, сертификаттау және аккредиттеу әдістерін әзірлеу; түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларының байланысын және кәсіби даярлық жүйесінің тұтастығын күшейтуді, сәйкесінше, әлеуметтік экономика саласында өзгерістерге тез және бірдей жауап беруге қабілетті тиімді және икемді жүйесін құруды қамтамасыз ету кезінде пайдаланылады.

Оңтүстік Кореяда ұлттық кәсіби біліктілік жүйесінің әлеуметтік әріптестермен өзара тығыз байланыста даму тәжрибесі орын алған.      

1973 жылы техникалық және технологиялық салалардағы сәйкестік сертификаттарын қоса алғанда, Оңтүстік Кореяның ұлттық техникалық біліктілік жүйесін енгізуді және имплементациялауды  жан-жақты қамтитын Ұлттық техникалық біліктілік туралы Заң қабылданды. Аталған заңнамалық актінің негізгі міндеттері: (1) елді экономикалық дамыту үшін білікті кадрлармен қамтамасыз ету; (2) өндірістің қажеттілігіне сәйкес сертификаттар әзірлеу; (3) сертификат иелерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру; (4) мамандардың кәсіби тұрғыдан өсуі үшін олардың біліктілігін арттыруын ынталандыру болып табылады.

Қазіргі сәтте Оңтүстік Кореяда26 техникалық еңбек санатында және қызмет көрсету саласында әртүрлі мамандықтар бойынша 512 кәсіби және техникалық сертификаттар қолданылады. Кореяның Адам ресурстарын дамыту қызметіне және Оңтүстік Кореяның Сауда-өнеркәсіп палатасына біліктілік емтихандарынан өтуге өтінім берген кандидаттардың жалпы саны  1973 жылдан бастап 2011 жылдар ішінде 75 миллионнан астам адамды құрады, оның ішінде 24 миллионы (40 %) емтиханнан ойдағыдай өтті.

Кәсіби біліктілік жүйесі ТжКО ұйымдары (білім нарығы) мен кәсіпорындар (еңбек нарығы) арасындағы интерфейсті білдіреді. Ол оқу нәтижелерін еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие біліктіліктерге бағыттай отырып, сигналдық (ақпараттық) функцияны орындайды. ТжКО ұйымдары беретін аттестат (диплом) сол немесе өзге білім беру мекемесінде оқу бағдарламасының аяқталғанын растайды, бірақ өндіріске талап етілетін дағдыларды игергеніне кепілдік бермейді. Сондықтан кәсіби даярлық сапасын тәуелсіз бағалау қажеттілігі туындайды, онда өндіріс, оның ішінде жұмыс берушілер қауымдастығы үміткер сол немесе өзге сертификатқа қандай біліктілікті игеруге тиіс екенін айқындайды.

 Бұл жағдайда жұмыс берушіге сәйкестік сертификаты оның иесі талап етілетін біліктер мен дағдыларды толық игергендігін білдіреді, ал  оның иесіне табысты жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді. Ұлттық біліктілік шеңбері негізінде берілетін сәйкестік сертификаты, сонымен бірге қызмет бабында өсуді және тиісінше жалақының өсуін қамтамасыз етеді. Сәйкестік сертификатының өмір бойы оқу идеясы негізінде қоғам және жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру үшін маңызы зор.

Оңтүстік Кореяда үкімет Кореяның адам ресурстарын дамыту қызметі сияқты мемлекеттік ұйымдардың сертификациясын қамтамасы етті және қамтамасыз етуді қолдайды. Оңтүстік Кореяның тәжрибесі көрсеткендей, реттелетін сертификаттарды енгізу жұмыс берушілер үшін де пайдалы. Атап айтқанда, ол жұмыс берушілерге: (1) жұмысқа білікті қызметкерлерді қабылдауға; (2) сапалы тауарлар өндіруге және қызметтер көрсетуге; (3) ішкі және халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, жұмыс берушілердің белсенді қатысуы реттелетін сертификаттарды ойдағыдай енгізу үшін қажет.

Біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды пайдалану:

жұмыс берушілерге:

өнімділікті арттыруға, өндіріс (өнімдер) және қызметтер сапасын жақсартуға, сонымен қатар өзінің бәсекеге қабілеттілігін қолдап қоймай, күшейтуге; кадрларды іріктеуде және фирмаішілік оқуды жүргізуге  шығындарды төмендетуге; қызметкерлердің білімін, білігі мен құзыретін тиімді жаңартуға (арттыруға);

қызметкерлерге:

нақты кәсіп үшін қажетті біліктер мен білімдерді айқындауға; кәсіби даярлыққа қажеттілік пен мүмкіндіктерді барынша нақты бағалауға; қызмет бабында өсудің нақты және айқын жолдарын айқындауға және іске асыруға; сертификаттау/аккредиттеу рәсімдерін өту үшін ұсынымдар алуға; ұлттық экономика шеңберінде өз ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіби білім жүйесін реформалауда Ұлыбританияның тәжрибесі қызықты (1-сурет). Оның үкіметі алдына мақсат қойды – 2020 жылға әлемдік рейтингте елдің бәсекеге қабілеттілігі  13-орыннан 8-орынға көтерілуге тиіс. Бұл үшін «адам ресурстарын басқарудан» «адам капиталын басқаруға өту ұлттық идеяға ұласуға тиіс, өйткені адам – біліктілік «иесі» – «білім экономикасын» дамытудың негізгі факторы болады. 

   

 

1-сурет. Ұлыбританияның кәсіби білім беру жүйесі

Сарапшылардың пікірі бойынша табиғи ресурстарға қолжетімділік шектелген және экономикалық ахуал тез өзгерген жағдайда, бәсекеге қабілеттіліктің өсуінің маңызды шарттарының бірі даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру және жұмыс күшінің біліктілігін тұрақты арттыру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін Ұлыбританияда ұлттық деңгейде жұмыс күшінің сапасын қамтамасыз ету жүйесі әзірленді, ол мыналарды қамтиды:

  • Ұлттық кәсіби стандарттар  (National Occupational Standards);
  • Салалық біліктілікті дамыту жөніндегі кеңестердің желісі (Sector Skills Councils);
  • оқытудың әртүрлі деңгейі мен түрлерінің өзара байланысын қамтамасыз ететін кәсіби білім беру және даярлау бағдарламалары           (14 жастан және одан жоғары жастағы топтар үшін);
  • Ұлттық біліктілік шеңбері (сегіз деңгейден тұрады), ол білім берудің барлық түрлерін, сондай-ақ кәсіби даярлықты алу жолдарын суреттейді;
  • бағалау жүйесі және алдыңғы білімнің нәтижелерін тану;
  • жұмыс берушілердің өңірлік ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта кәсіби оқыту бағдарламасы.

Соңғы кезде академиялық және кәсіби біліктілік арасындағы айырмашылық ақырындап жоғалуда, біліктілік деңгейіне талаптарды қалыптастыруды, кәсіби стандарттар мен біліктілікті әзірлеуді және бағалауды тек жұмыс берушілердің ұйымдары ғана жасай алады. Ұлыбританияда осы жауапты міндеттерді Салалық біліктілікті дамыту жөніндегі кеңестер ұсынады, олармен тиісті өкілеттіктер мен қаржыландырулар ұсынылады. Кеңестердің міндеттеріне:

  • қажетті білімдер мен құзыреттерді (экономикада сұранысқа ие) айқындау, сондай-ақ келешек қажеттіліктерді болжамдау (оның ішінде өмір бойы оқу саясатын әзірлеу);
  • ұлттық кәсіби стандарттарды әзірлеу, қолдау және жаңарту;
  • біліктіліктердегі «айырмашылықтарды» (skills gaps) – экономиканың қажеттілігі мен еңбек нарығының сұранысы арасындағы айырмашылықты қысқарту;
  • біліктілікті реттеушімен және біліктілікті беру жөніндегі органмен өзара іс-қимыл;
  • біліктілікті беруге жауап беретін барлық ұйымдар және барлық деңгейдегі және түрдегі білім беру мекемелері үшін стандарттарға еркін (тегін) қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Кеңестер әлі құрылмаған салаларда бұл қызметті кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі әлеуметтік жұмыс топтары (standards setting bodies) атқарады. Бүгінгі күні Ұлыбританияда 23 Кеңес жұмыс істейді, олар ұлттық экономиканың 90 % қамтыған.

     Біліктілікті реттеуіш (ұлттық біліктілік агенттіктері) кәсіби біліктіліктерге талаптар белгілейді, біліктілік беру органдарына аккредитация жүргізеді, Ұлттық біліктілік шеңберінің критерийлерін айқындайды және мәлімделген біліктіліктердің (кәсіби стандарттардың) жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келуін тексереді.

Біліктілік беру жөніндегі органы (барлығы 100-ден артық) кәсіби біліктілікке сараптама және Ұлттық шеңбер үшін біліктілікті аккредиттеуді жүргізеді.

Жұмыспен қамту және біліктілік жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс беруші ұйымдардың қатысуымен қалыптастырылады; ол кәсіби стандарттарды зерттеу, талдау және дамыту бойынша жұмысты үйлестіреді, Салалық біліктілікті дамыту жөніндегі салалық кеңестерді лицензиялайды, жұмыспен қамту деңгейін арттыру, біліктілік және өнімділік жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

Оқудың түпкі нәтижелерін бағалауға және біліктілігіне ерекше назар аударылады. Бұл нәтижелерді бақылаудың жұмыс күші сапасын қамтамасыз ету  жүйесінде маңызы зор, өйткені оқу орындары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасына оларды қаржыландыру деңгейі тәуелді болады.

Сапаны қамтамасыз ету жүйесінің негізінде «құзырет» деген ұғым бар. Құзыретті әзірлеу еңбек нарығын зерттеуден басталады, ол:

  • кәсіптің/сектордың өлшемдерін негізгі қасиеттерін;
  • кәсібі бойынша/секторда табысты жұмыс істеу үшін қандай біліктер қажет екенін;
  • ағымдағы сәтке біліктермен қамтамасыз етілу өлшемдері мен сапасын;
  • жұмыс күшімен қамтамасыз етілудің сәйкессіздігін және кемшіліктерін;
  • әрекеттердің басымдығын түсінуге мүмкіндік береді.

Зерттеулер нәтижесінің негізінде кәсіби стандарттарды, біліктілікті, бағалау стандарттарын, сондай-ақ оқу бағдарламаларын, материалдар мен оқу құралдарын әзірлейді.

Кредиттер (алынған біліктілікті бағалай бірліктері) жүйесі арнаулы құжаттарда тіркелетін оқыту нәтижелерін белгілеуге және «біліктілік» жинауға мүмкіндік береді. Оқудағы үлгерімі үшін (нақты жетістіктерге жету) – әдеттегідей нақты бір оқу блогы аяқталуы бойынша  оқушыларға белгілі мөлшерде кредиттер беріледі. Біліктіліктің өсуін жиналған кредиттер көрсетеді, өйткені бағалаудың бірізділік жүйесі біліктілік пен біліктілікті беру органдары арасында кредиттерді ауыстыруды қамтамасыз етеді. Кредиттердің жинақталуы және ауысуы біліктілікті құрамдау қағидаларымен реттеледі (2-сурет). Берілген кредиттерді барлық институттар таниды; институттардың өздері біліктілікті реттеушінің (мемлекеттік органның) аккредиттеу рәсімдері арқылы таниды.

    

2-сурет. Біліктілік және кредиттер шеңбері

 

Оқу бағдарламаларын белгілі бір провайдерлер жұмыс берушілермен бірлесіп әзірлейді. Кәсіби оқыту тәсілдері соңғы 30 жылда күрделі өзгеріске ұшырады: олардың бәрі қазір құзыреттер моделіне негізделеді. Оқытудың мазмұнына ғана емес, қызметкер алған біліктілікті тану әдістері де өзгерді. Атап айтқанда, практикалық тәжірибе (формальды емес және формальды) жинау  арқылы:

  • тікелей жұмыс орнында;
  • нақты өмірлік (кейіпті) жағдайларда;
  • кейстерді талдау;
  • жоспарлау және практикалық тапсырмаларды орындау және т.б.

өз бетінше оқу нәтижелерін бағалау және тану жүйесін әзірлеуге және имплементациялауға аса назар аударылады.

         Кредиттер жүйесі жекелеген элементтерден өрнек құрастыру сияқты қызметкердің біліктілігін қалыптастыруға көмектеседі. Ол бағалаудың ашықтығына және дәйектілігіне кепілдік береді, сондай-ақ адамның кәсіби тұрғыдан дамуын және оның карьерлік траекториясының икемділігін қамтамасыз етеді.

         Кәсіби білім жүйесін реформалау және қызметкердің, жұмыс берушілер мен барлық қоғамның мүдделерін ескере отырып, нарықты реттеудің жаңа моделін әзірлеу кезінде  Ұлыбританияның тәжірибесі пайдалы болады.

 

10. Заң жобасын  іске асыруға байланысты  күтілетін  қаржы шығындары 

         Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды көздемейді.

Бөлімдер:
4 шілде, 2014 - 15:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші