A A A
Мазмұнына өту

You are here

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсан N 1787-ХІІ Заңы

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Қазақстан Республикасының аталмыш Заңының күшi 1997 жылғы 1 сәуiрге дейiн тоқтатылды: төтенше, ең жоғары, жоғары, ең төмен радиациялық қауiптi аймақтарда және жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған және тұратын азаматтарға бiр жолғы ақшалай өтемақылар төлеуге қатысты бөлiгi, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелерiн ұстауға арнап республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржыны 1,5 есе көбейтуге қатысты бөлiгi - ҚР Президентінің

1994.03.20. N 1612 Жарлығымен.

      Ескерту. 12-баптың бір тармақшасының 1, 2, 3, 4, 5, 6 бөліктерінің күші қайта қалпына келтірілді - ҚР Заңының 1994.12.07. N 119.       Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қаруды сынау адамдардың денсаулығына және айналадағы табиғи ортаға орны толмас зиян келтірді, халықтың жалпы аурулары мен өлімін көбейтті. Бүкіл Семей аумағы мен Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының полигонға жақын жатқан аудандары экологиялық апат аймағы деп танылды.       Ядролық сынақтардың апатты зардабының қатерлі әсері уақыт озған сайын күшейе түсіп, ұрпақтан-ұрпаққа, ауысып, барған сайын қатерлі әсер етуде.       Бұл зардаптарды жою халықты емдеу, сауықтыру, оңалту, әлеуметтік қорғау және аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруды талап етеді.       Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon _зан.doc82.5 KB
11 желтоқсан, 2014 - 19:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші