check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Тараз қаласындағы оралмандармен кездесу

2014 жылы 17 сәуірде Жамбыл облысы әкімдігі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимаратында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері оралмандармен қоғамдық ұйым өкілдерімен және ІІД қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оралмандардың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

Аталған кездесуде ҚҰ «Ақмеңтей» Дурали Аманжол, ҚҰ «Оралмандар және еңбек мигранттары» Тириболсын Ербол и ҚҰ «Жастар тілегі» Исламбек Дастан, ІІД өкілі Аимбек Арай Данабекқызы және оралмандар қатысты.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы С.Е. Аманбаев өз баяндамасында оралмандарды қазақстандық ортаға бейімделуіне жне кірігуіне мақсатты жұмыс жүргізуді атап өтті.

Кездесу барысында Қоғамдық қорлар, Қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында жұмыспен қамту мәселесімен және оралмандардың әлеуметтік мәселелерімен өз ара ынтымақтаста іс қимыл жасау атап көрсетілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері  «Халықты жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасының бағыттары, сондай-ақ өтникалық көші-қон саясатын жақсарту, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына еңбек көші-қонына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы бойынша түсініктемелер берді.

Кездесу қорытындысы бойынша оралмандардың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік қорғалуын жетілдіруге бірлесіп жұмыс атқаруға қол жеткізді.         

6 қаңтар, 2015 - 19:00 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші