A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округіне жұмыс сапары

2014 жылғы 17 сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы С.Е.Аманбаев пен Этникалық көші-қон басқармасының басшысы М.Е. Тоқсамбаев Ақтөбе облысы, Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округына барды.  

            Осы кездесудің мақсаты -  оралмандарды әлеуметтік қолдау, оларды «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамту және оралмандар мен этникалық қазақтарға артықшылықтар бойынша қолданылған шаралар туралы түсіндіру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралары бойынша оралмандармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

            Еңбекмині Көші-қон комитетінің өкілдері «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының әрбір бағытын іске асыру тетіктері туралы, сондай-ақ этникалық қазақтарды репатрияциялау саясатын жетілдірудің негізгі аспектілері туралы толық түсінік берді.

            Оралмандардың көші-қоны мәселелері бойынша (оларды тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету) мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылады (көшуге субсидия беру; сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін үлгілік тұрғын үйлерді беру; кәсіптік оқудан өту және жаңа қоныстанған жерінде жұмысқа орналасуға, психологиялық бейімдеуге жәрдемдесу).

            Кездесудің соңында ҚР Еңбекмині Көші-қон комитетінің өкілдері жергілікті атқарушы органдарға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын» одан әрі сәтті іске асыру мақсатында жан-жақты қолдау көрсету туралы өтініш білдірді.

30 сәуір, 2014 - 12:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші