A A A
Мазмұнына өту

You are here

Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған шарттарын бекіту туралы

Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің

2015 жылға арналған шарттарын бекіту туралы

 

 

«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»                   2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және             «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту               2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға  жәрдемдесуге  кредит берудің 2015 жылға арналған шарттары бекітілсін.

2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тиісті мәслихаттар              2015 жылға арналған облыстық бюджеттерге тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін берсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Жергілікті  атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы  кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2015 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

                Премьер-Министрі                                                        К. Мәсімов 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon proekt_kaz.doc39.5 KB
Microsoft Office document icon poyasn-kaz.doc49.5 KB
24 ақпан, 2015 - 19:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші