check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
2-қосымша

 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін  тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінтағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент)  «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  28 сәуірдегі № 279 «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген)бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт)  сәйкес әзірленді және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін(бұдан әрі – МБЗТ) тағайындау рәсімін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

МБЗТ тағайындау, сондай-ақ МБЗТ тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған немесе ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

уәкілетті ұйымда немесе ХҚО-да - МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама;

порталда – МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы МБЗТ тағайындау туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.

6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:

1) МБЗТ тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің бөлім (басқарма) маманы екі жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтарады.

  Егер талап етілетін құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім шығарады;

негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, МБЗТ тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде МБЗТ тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады.

МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.

2) МБЗТ тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.

негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді; 

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, МБЗТ тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде МБЗТ тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады.

МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.

3) МБЗТ тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.

негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді; 

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, МБЗТ тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады,  тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде МБЗТ тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;

қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;

ЭЦҚ-мен куәландырған кезде МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.

МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлемге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.

7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде МБЗТ тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің бастығына (басшысына) жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес ұсынылған.

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы

10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы;

2) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

11. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдайтын маман:

1) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тағайындау немесе төлеу фактісінің болуына сұрау салу қалыптастырады;

2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;

3) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – АЖ) арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге:

«Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

«Е Қорғаншылық» АЖ-ға – қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша сұрау салу қалыптастырады;

4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;

5) сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;  

6)  өтінішті тіркейді;

7) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын, ХҚО-да тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін  тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда немесе зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.

  ХҚО өтінішті қабылдаған жағдайда, МБЗТ тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштен және көрсетілетін қызметті алушы тұпнұсқаларда ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді қоса алғанда, құжаттардың топтамасынан тұратын,   ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.

Уәкілетті ұйымның бөлімшесі, оның ішінде ХҚО-дан құжаттардың толық топтамасымен келіп түскен өтінішті қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде:

  1. электрондық шешім жобасымен электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады;
  2. МБЗТ мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
  3. электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.

12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап уәкілетті ұйымның филиалы екі жұмыс күні ішінде:

1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;

2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

13. Қосымша құжаттарды іс макетіне қосу қажеттілігіне байланысты көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:

уәкілетті ұйымның бөлімшесі:

1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) 25 жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабардар етеді;

2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:

көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;

электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жете ресімдейді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін, МБЗТ мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;

уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап уәкілетті ұйымның филиалы екі жұмыс күні ішінде:

1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;

2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

14. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға өзі жүгінгенде береді.

Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді.

15. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың МБЗТ тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті берушінің (көрсетілетін қызметті алущының) портал арқылы МБЗТ тағайындау туралы ақпаратты алу кезіндегі қадамдық іс-қимылы мен шешімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;

9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;

10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);

11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы туралы ақпарат осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.

Қызмет көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 3-қосымшада графикалық нысанда көрсетілген.

16. Ақпаратты ұсыну уақыты уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.

17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының МБЗТ тағайындауға өтінішті портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде беруге мүмкіндігі бар. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), ауданның коды бойынша уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесін автоматты түрде айқындау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу; 

6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін енгізу процесі;

9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету үшін сұрау салуды куәландыру және порталда көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ), «Қазпочта» акционерлік қоғамына жіберу;

13) 4-шарт – ЕДБ-да көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін ЭҮТШ арқылы тексеру;

14) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелері расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету үшін электрондық құжатты (сұрау салуды) куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы уәкілетті ұйымның ААЖ-ға жібереді;

16) 5-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ЭҮП-тен келіп түскен электрондық құжатты (сұрау салуды) қызметті көрсету үшін талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

17) 11-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

18) 12-процесс – ЗТМО ААЖ-да электрондық құжатты тіркеу және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау туралы хабарламаны жіберу;

19) 13-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметтің нәтижесін (МБЗТ тағайындау туралы не МБЗТ тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген хабарламаны) электрондық құжат нысанында алуы. Тағайындау және тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама осы Регламенттің 4 және 5 қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары графикалық нысанда осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 6-қосымшада көрсетілген.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 7-қосымшаға сәйкес «Базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

 

 

 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
1-қосымша

 

 

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген қызметкерлер
арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің
сипаттамасы

 

Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының)

Жүйелік-функционалдық бірліктердің атауы

Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім)

Орындау мерзімдері

Келесі іс-қимылдың нөмірі

1

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы

Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау

1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту)  туралы электрондық шешім жобасы мен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу;

2) Электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөліміне қайтару

2 жұмыс күні

2

2

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы

Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау

1) ЭЦҚарқылыэлектрондық шешім жобасы куәландыру және қызметтіберушінің басшысына МБЗТ тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жолдау;

2) Электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөліміне қайтару

1 жұмыс күні

3

3

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау

1) МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау;

2) ХҚО немесе уәкілетті ұйымның бөлімшесіне   МБЗТ тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама жолдау;

3) Электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөліміне қайтару

1 жұмыс күні

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
                                                                                    2-қосымша

    

Нысан            

    

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті бойынша ______________

 

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат

Азамат (ша) _________________________________________________________
                             (тегі, аты, әкесініңаты (олболғанкезде)

Мемлекеттікбазалықзейнетақытөлемі _____ теңгемөлшеріндетағайындалды.

Тағайындалғанкүні 20__ жылғы «___» ________

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.

штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
4-қосымша

 

Нысан

 

 

№ __________Тағайындау туралы хабарлама

____________________________________
_____________________

(төлемнің түрі)

 

20__ жылғы «___» ___________

Азамат (ша)________________________________________________________

                             (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған күні ____ жылғы «___» ____________  

Тағайындау  туралы 20__ жылғы «___»______     № _______ шешім

Тағайындалған сома: 20__ жылғы «___» ____________ бастап

______________________________________________________________теңге

                                      (сомасы жазбаша)

 

Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды

__________________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты,әкесінің аты (ол болған кезде)

 

 

 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
5-қосымша

           

Нысан

 

 

№ __________Тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама

_________________________________________________________

(төлемнің түрі)

 

20__ жылғы «___» ___________

 

Азамат (ша)________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған күні ____ жылғы «___» ____________  

Тағайындаудан бас тарту туралы 20__ жылғы «___»______     № _______ шешім

 

____________________________________________________________________
________________________________

                                      негіздеме (себебі көрсетілсін)

тағайындаудан бас тартылды

 

Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды

__________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты,әкесінің аты (ол болған кезде)

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 2.doc421 KB
13 маусым, 2015 - 19:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші