check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
5-қосымша

 

 

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекiтiлген «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі – әлеуметтік төлемдер) тағайындау рәсімін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы;

еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.

6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:

1) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды элктрондық іс макетіне қосуға негіз болған жағдайда отыз жұмыс күніне аспайтын мерзімге электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйым бөлімшесіне қайтарады.

егер отыз жұмыс күні ішінде құжаттар ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады;

ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін қажеттілігіне қарай бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасын куәландырады;

әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.

2) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы екі жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды элктрондық іс макетіне қосуға негіз болған жағдайда отыз жұмыс күніне аспайтын мерзімге электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйым бөлімшесіне қайтарады;

ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін қажеттілігіне қарай бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасын куәландырады;

тағайындауға негіз болмаған жағдайда ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешімнің жобасын, бас тарту себебін көрсете отырып, куәландырады.

әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды элктрондық іс макетіне қосуға негіз болған жағдайда отыз жұмыс күніне аспайтын мерзімге электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйым бөлімшесіне қайтарады;

ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін қажеттілігіне қарай бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;

электрондық іс макеті Стандартқа  толық сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасын куәландырады;

тағайындауға негіз болмаған жағдайда ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешімнің жобасын, бас тарту себебін көрсете отырып, куәландырады;

автоматты режимде қабылданған шешімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;

ЭЦҚ-мен куәландырған кезде әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі;

Әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің бастығына (басшысына) жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды.

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)

уәкілетті ұйыммен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

 

10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:

1) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы;

2) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.

11. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйым немесе ХҚО өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдайтын маман:

1) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тағайындау немесе төлем фактісінің бар екендігіне сұрау салуды қалыптастырады;

2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;

3) мынадай мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ):

жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

«Еңбек нарығы» ААЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы бойынша;

«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқоры» АЖ жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу туралы, және куәландыру жүргізу және мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтамалар бойынша;

«Е қорғаншылық» АЖ-ға балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы анықтама бойынша;

«Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» АЖ-ға жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы анықтама бойынша;

«АХАЖ» АЖ-ға баланың (балалардың) туу туралы куәлiгі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді бойыншасұрау салу қалыптастырады;

4) құжаттарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;

5) сканерлеу сапасын және электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

 Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

6) өтінішті тіркейді;

7) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, тіркеу күні қызметті алу күні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі, ХҚО-да жүгінген өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, тіркеу күні қызметті алу күні көрсетілген қолхат беріледі.

Стандарттың 9-тармағымен көрсетілген тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құқығы болмаған жағдайда, тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.

Өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ХҚО көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.

Уәкілетті ұйымның бөлімшесі құжаттар қабылданған күннен бастап сондай-ақ ХҚО-дан екі жұмыс күні ішінде:

1)көрсетілетін қызметті алушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтаманы қалыптастырады;

2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық (қағаз түріндегі) электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;

3) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешімнің жобасының рәсімдеудің және әлеуметтік төлем мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді;

4) электрондық шешімнің жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.

12. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:

1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын қарайды және есептеудің және рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;

2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.

13. Электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға бес жұмыс күні ішінде телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

14. Көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:

ХҚО арқылы:

1) ХҚО бір жұмыс күні ішінде:

көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;

көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.

2) уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес келуін салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, әлеуметтік төлем мөлшерін есептеудің, электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;

уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:

есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;

көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.

уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы:

уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:

көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;

электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, сканерленген құжаттардың сапасын, әлеуметтік төлем мөлшерін есептеудің, электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;

уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:

1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;

2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.

15. ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады.

Уәкілетті ұйымның бөлімшесі белгіленген нысандағы әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны уәкілетті ұйымның бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде береді. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына SMS -хабар жібереді.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

 

 

 

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу»

мемлекеттік қызметті көрсету  регламентіне

1-қосымша

 

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін

қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің

(іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы

 

Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының)

Жүйелік-функционалдық бірліктердің атауы

Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім)

Орындау мерзімдері

Келесі іс-қимылдың нөмірі

1

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы

Келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде қол қою үшін көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жіберу;
 2) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтару

2 жұмыс күні

2

2

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы

Келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде қол қою үшін көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысына жіберу;
2) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтару

2 жұмыс күні

3

3

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) Жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдау;
2) жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны уәкілетті ұйымға немесе ХҚО-ға жіберу;
2) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтару

1 жұмыс күні

0

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 5.doc284.5 KB
13 маусым, 2015 - 20:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші