check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау

2

Көрсетілетін қызметті беруші (қызметті көрсететін орган)

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы ақпарат беру кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Көрсетілетін қызметті алушы (қызметті тұтынушы)

Жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін қызмет нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

 

5

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тұратын жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

6

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау үшін жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын ұйымның анықтамасын ұсынады.

Ұйым таратылған жағдайда жұмыс орны, атқарған лауазымы, кәсiбi, жұмыс кезеңдерi, мұрағат iсiнiң нөмiрi, оның беттерi көрсетiлген, мөрмен және мұрағат директоры мен мұрағатшының қолы қойылып расталған мұрағат анықтамасы ұсынылады.

Мұрағат құжаттары болмаған кезде, жұмыс сипаты немесе еңбек жағдайлары және олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысымен бекітілген Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізіміне немесе Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы белгіленеді;

5) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:

еңбек кітапшасы;

егер еңбек қызметi туралы жазбалар еңбек кiтапшасына енгiзiлмесе немесе түзетулер бар болса, мұрағат мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар;

бiлiмi туралы құжат;

әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама).

Олардың болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:

«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;

әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;

бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкерiнің жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының (зайыбының) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде тұрғанын растайтын құжат.

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

7

Қызмет құны және төлем төлеу тәртібі

Тегін

8

Қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік көрсетілетін қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;

порталда – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;

9

Қызметті көрсету нәтижесі

«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.

10

Нормативтік құқықтық актідет

1)Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 414-I «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы»Заңы;

2)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы » бұйрығы;

3)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламентін бекіту туралы» бұйрығы.

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 7_gsp.doc54 KB
10 наурыз, 2016 - 19:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші