check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

 

«Мүгедектігі  бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

Мүгедектігі  бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау

2

Көрсетілетін қызметті беруші (қызметті көрсететін орган)

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) алғаш мүгедектік белгілеу кезінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті беруші;

3) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, сондай-ақ мүгедектігі  бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу кезінде – www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну:

1) Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдай бойынша және жасына байланысты берілетін мелекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін жүгінген жағдайда – Мемлекеттік корпорация;

2) портал арқылы жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін жүгінген жағдайда және жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпаратты алу бөлігінде портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Көрсетілетін қызметті алушы (қызметті тұтынушы)

Жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін қызмет нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Көрсетілетін қызметті алушы жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

            3) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат      9.00-ден 18.30-ға дейін.

            Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

6

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтінішті, көрсетілетін қызмет берушіге жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

Қажет болған жағдайда (болуына қарай) мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:

1) Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;

  2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;

 3) госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;

 4) он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

  5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).

   Қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгіленген жағдайда қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжатты ұсынады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

          1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

4) асыраушының қайтыс болу туралы куәлігі не адамның хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылғандығы туралы соттың шешімі;

5) асырауындағы адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжат (туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әкесі екенін (анасы екенін) анықтау туралы куәлік, жеке куәлік және тағы басқалар);

Болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:

1) егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе, азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдарының белгiленген нысандағы анықтамасы;

2) егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылса, № 223 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі);

3) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;

4) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтамасы;

5) әскери қызметшінің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын анықтама.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау кезінде қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысатын адам жыл сайын еңбек қызметiн тоқтатқаны туралы жазбасы бар еңбек кiтапшасын, ол болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация адамның дара кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы ақпараттық жүйесінен және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісінің болмауы туралы сұрау жасайды.

Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігін растайтын құжат;

Порталда:

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.   

7

Қызмет құны және төлем төлеу тәртібі

Тегін

8

Қызметті көрсету мерзімі

Қызмет берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға (жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін) жүгінген жағдайда – құжаттардың топтамасын Мемлекеттік корпорацияда тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күніне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік көрсетілетін қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) Мемлекеттік корпорацияға ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;

порталда жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу үшін – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде, қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

9

Қызметті көрсету нәтижесі

«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама.

10

Нормативтік құқықтық актідет

1)Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Заңы;

2)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы » бұйрығы;

3)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі  бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4)«Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығы.

 

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 6_gsp_po_3_vidam.doc66.5 KB
10 наурыз, 2016 - 19:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші