A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-5), 9-6), 9-7) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                            Т.Б. Дүйсенова

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 1-kosymsha.doc81.5 KB
Microsoft Office document icon 2-kosymsha.doc110 KB
Microsoft Office document icon 3-kosymsha.doc97 KB
Microsoft Office document icon 4-kosymsha.doc32 KB
23 шілде, 2015 - 14:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші