check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2015 жылғы 27 қарашада Семей қаласында Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету сұрақтарына қатысты дөңгелек үстел өтті

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияда жарияланған «АТОМ» жобасын іске асыру бастамасын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес 2015 жылғы         27 қарашада Семей қаласында Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету сұрақтарына қатысты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Семей қаласы әкімдігінің өкілдері, Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, Қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде «Невада-Семей» қозғалысының, Семей қаласындағы «Поколения» қоғамдық бірлестігінің, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының, Семей қаласы білім беру жұмысшыларының кәсіподақ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау, 2014-2015 жылдарға бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының халқына медициналық және радиоэкологиялық салдарын ретроспективті және проспективті талдау сұрақтары қаралды. Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша қатысушылар Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдарды қалыптастырды.

28 қараша, 2015 - 12:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші