check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" ҚР ДСӘД министрі бұйрығының жобасы

Оралмандарды қабылдаудың

өңірлік квотасына енгізу жөніндегі

комиссия туралы үлгілік ережені

бекіту туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 11-бабы 9-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Коса беріліп отырған Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия туралы үлігілік ереже бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
  2. осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық - ақпараттық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
  4. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Оралмандарды қоныстандыру өңірлеріне енген облыстардың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының және Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылары (келісім бойынша):
  1. оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияны құрсын;
  2. оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия туралы ережелерді бекітсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрі                                                                                               Т. Дүйсенова

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

2015 жылғы «___» _____________

Е. Досаев ___________________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

2015 жылғы «___» _____________

Қ. Қасымов ___________________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

2015 жылғы «___» _____________

Н. Абықаев ___________________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

2015 жылғы «___» _____________

А. Дауылбаев ___________________

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Package icon kaz.zip41.99 KB
8 желтоқсан, 2015 - 14:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші