check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР ДСЖӘД минисрінің бұйрығы

Оралмандар мен қоныс аударушыларды

қабылдаудың өңірлік квотасына

енгізу қағидаларын бекіту туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 11-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:
  1. 1-қосымшаға сәйкес Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары;
  2. 2-қосымшаға сәйкес Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары бекітілсін.
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық - ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жіберуді;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
  4. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
  3. Осы Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2016 жылғы
    1 наурызға дейін:
  1. осы Бұйрықпен бекітілген Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларының 3-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«3. Қазақстан Республикасына өз еркімен келген этникалық қазақ оралман мәртебесін алғаннан кейін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің уәкілетті органына не Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы береді.»;

  1. осы Бұйрықпен бекітілген Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларының 18-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«18. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері тұратын жеріне келіп, оралман мәртебесін алғаннан кейін  жергілікті атқарушы органға не Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.»;

  1. осы Бұйрықпен бекітілген Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 1-қосымшаның 4-қосымшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«*Уәкілетті орган мынадай:

  1. өтініш жасаушы адам мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және олар Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда уәкілетті органға не  Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінген кезде – оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не дәлелді бас тарту;».

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                                                       Т. Дүйсенова

ТіркемеМөлшер
Package icon kaz.zip71.35 KB
Бөлімдер:
8 желтоқсан, 2015 - 14:52 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші