check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс Қазақстан Республикасына көшіп келген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақы төлеудің шарттары мен үлгілік ережесін бекіту туралы

2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс Қазақстан Республикасына көшіп келген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақы төлеудің шарттары мен үлгілік ережесі бекітілсін.

2. Жергілікті атқарушы органдар осы бұйрық күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс Қазақстан Республикасына көшіп келген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақы төлеудің шарттары мен үлгілік ережесін әзірлесін.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) заңда белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік басылымындарда және «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық республикалық орталығы» шаруашылық басқару құқығы бар республикалық мемелекеттік кәсіпорынының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. осы бұйрықтың орындалуын бақылау міндеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

қорғау министрі                                                                            Т. Дүйсенова

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon posobie-2_kaz.doc126.5 KB
Бөлімдер:
21 желтоқсан, 2015 - 16:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші