check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру Ережесін бекіту туралы

2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру Ережесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) заңда белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік басылымындарда және «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық республикалық орталығы» шаруашылық басқару құқығы бар республикалық мемелекеттік кәсіпорынының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. осы бұйрықтың орындалуын бақылау міндеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                          Т. Дүйсенова

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon priglashenie-2_kaz.doc157.5 KB
Бөлімдер:
21 желтоқсан, 2015 - 16:13 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші