check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы   № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына мынадай  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (Қазақстан Республикасының САПП, 2012 ж., № 23, 323-бет):

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу қағидаларында:

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;

5) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«5) шетелдік жұмыс күші – шетелдік жұмыс күші – жұмысқа өз бетінше орналасатын, сондай-ақ корпоративішілік ауысу шеңберінде уақытша ауыстырылатын, маусымдық шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;»;

 7) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«шетелдік қызметкерлер – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген немесе жұмыс берушілер тартқан, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде көшіп келушілер;»;

3-тармақ келесі мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған экономика секторларында корпоративішілік ауысу шеңберінде ауыстырылған шетелдік қызметкерлерге қолданылмайды.»;

Аталған қаулымен бекітілген Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру қағидалары мен шарттарында:

3-тармақта:

7) тармақша келесі мазмұнда жазылсын:

«7) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру – Қазақстан Республикасына корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тарту үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда белгіленген құжат жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған экономиканың секторлары/шағын секторларының тізбесіне 10-қосымшаға сәйкес беріледі;»;

ТіркемеМөлшер
Package icon pprk_gos.zip196.81 KB
Бөлімдер:
5 қаңтар, 2016 - 19:39 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші