A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының кейбiр мәселелері туралы

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының кейбiр мәселелері туралы

 

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы ** сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) болып қайта аталсын.

2. Еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету Орталық қызметінің негізгі мәні ретінде айқындалсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

         Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                                                           К. Мәсімов       

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pprk_o_pereim_ao_kaz_-_pril.doc54.5 KB
4 сәуір, 2016 - 10:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші