A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР Премьер-Министрі және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі арасында 2016 жылға жасалған Меморандумның негізгі индикаторларына қол жеткізу жөніндегі есеп 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша

 

«1000 тұрғынға шаққандағы жалпы өлім-жітім» көрсеткіші бойынша (нысаналы мәні – 7,56)

         Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің алдын ала деректері бойынша 2016 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы халқының өлім-жітім көрсеткіші 4,5 %-ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда өткен жылдың ұқсас кезеңдегі 7,85-ке қарсы 7,5-ті құрайды (2016 жылғы қорытынды бойынша болжамды мәні – 7,56).  

Ағымдағы жылдың басынан бастап 2016 – 2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

Министрліктің негізгі қызметі өлім-жітімнің негізгі себептерден, оның ішінде қан айналымы жүйесінің ауруларынан, қатерлі ісіктерден, жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан болатын өлім-жітімді, сондай-ақ ана мен бала өлімін одан әрі азайтуға  бағытталған.

Осы мақсатта МСАК деңгейінде Ауруларды басқару Бағдарламасы үш нозология бойынша енгізілуде: артериальдық гипертензия, созылмалы жүрек ауруының жетіспеушілігі және қант диабеті. Ол дербестендірілген дер кезіндегі есепті, алдын алуды және білікті медициналық көмек көрсетуді қарастырады. Бағдарламаның ерекшелігі пациентпен әлеуметтік келісімшарт жасау болып табылады. Бағдарлама 7 өңірде пилоттық режимде іске асырылуда.

МСАК деңгейінде профилактикалық іс-шараларды күшейту негізінде елдің демографиясына тікелей әсер ететін аурулар бойынша интеграцияланған модель енгізу есебінен стационарлық көмектің сапасын арттыруға шаралар қабылдануда.

Қазіргі таңда аурулардың 5 тобы бойынша 5 Үйлестіру кеңесі құрылған, Жол карталары әзірленген және жауапты республикалық мекемелер айқындалған. 

Есепті кезеңде Үйлестіру кеңестері талдамалық жұмыстар жүргізді, соның барысында кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілу бойынша бірқатар проблемалар анықталып, оны шешу үшін келесі жұмыстар жасалған.

1313 медициналық ұйымды өңірлендіру жүргізілді.

Профиль бойынша медициналық көмек көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ клиникалық протоколдар мен стандарттарға талдау жасалды. Оларды өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Профильдер бойынша медициналық көмек көрсету деңгейінің сапасын бағалау индикаторлары құрылған.

Мамандарды бар кезеңде, процесте және деңгейде оқыту бағдарламалары әзірленіп, оқыту кестесі жасалды.

2016 жылғы 8 айлық қорытынды бойынша «100 000 тірі туылғанға шаққандағы ана өлім-жітімі (бұдан әрі АӨ)» көрсеткішіне қол жеткізу бойынша  (нысаналы мәні – 11,5)

    2016 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 32 жағдай тіркелген, өткен жылғы осы кезеңде 12,0-ге қарсы әр 100 мың тірі туғандарға шаққандағы көрсеткіш 11,4-ті құрады, 5 %-ға төмендеу үрдісі байқалады.

Бұл ретте, ана өлім-жітімінің ең жоғары көрсеткіші Павлодар (24,0),  Батыс Қазақстан  (22,8), Ақтөбе (22,4),  Қарағанды (18,5), Жамбыл (17,2), Оңтүстік Қазақстан (17,0), Шығыс Қазақстан (13,0) облыстарында тіркелген.

АӨ құрылымында жүктілік пен босануға қатысты себептер – 34,8 %-ды, жүктілік пен босануға қатысы жоқ себептер – 53,2 %-ды құрады. Басқарылатын себептерден болатын өлім-жітім деңгейінің төмендегені байқалады.

        Перинаталдық көмек көрсету деңгейі бойынша:  І деңгейде 1 жағдай (3,1 %),  ІІ – 4 (12,5%),  ІІІ – 25 (78%), республикалық деңгейде – 1 (3,1 %), жеке меншік клиникада – 1 (3,1%) өлім жағдайы болды. Өңірлендіру деңгейі бойынша өлім-жітімді талдау екінші деңгейде 2 есе төмендегенін көрсетті.

 «1000 тірі туылғанға шаққандағы нәресте шетінеушілігі» көрсеткішіне 2016 жылғы 7 айлық қорытынды бойынша (нысаналы мәні – 9,6)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2016 жылғы 7 айда нәресте шетінеушілігі 1000 тірі туғанға  шаққанда 2015 жылдың ұқсас кезеңіндегі 9,77-ге қарсы 9,28-ді  құрады.

 Нәресте шетінеушілігінің ең жоғары көрсеткіштері Қызылорда (12,26), Оңтүстік Қазақстан (10,9), Маңғыстау (10,2), Шығыс Қазақстан (10,06), Ақтөбе (9,96), Жамбыл (9,48), Қостанай (9,40) облыстарында тіркелген.

Нәресте шетінеушілігі себебінің құрылымында негізінде – перинаталдық кезеңде (ПК)  туындайтын жағдайлар – 54,5 %-ды және туабіткен даму кемістігі (ТДК) – 22,2 %, сепсистен – 6,5 %, тыныс алу мүшелерінің ауруынан 6,4% болатын өлім-жітім көптеп кездеседі.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ана мен нәресте өлім-жітімі көрсеткіштерін төмендету мақсатында жұмыс тиімділігін арттыру және бала тууға жәрдемдесу қызметінің интеграцияланған моделін енгізу бойынша Жол картасы бекітілген. Әр өңірде облыстық әкімдіктермен бірлесіп осы сияқты жол карталары әзірленіп, бекітілген.

«Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің және балалардың стационарлық емдеуге жатқызу тәртібі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 03 тамыздағы № 695 бұйрығы бекітілген.

Босандыру және балалар қызметінің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі үйлестіру кеңесі халықаралық тәжірибені және ДДҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып нормативтік құқықтық базаға талдау жүргізеді. Мәселен, бала тууға және балаларға жәрдемдесу бойынша 51-ден астам нормативтік құқықтық актіге, 96-дан артық клиникалық хаттамаға талдау жүргізілді, 30-дан артық клиникалық хаттама қайта қарауға дайындалды.

Қазақстан Республикасында Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты, 5 жасқа дейінгі балаларға педиатриялық көмек көрсету стандарты әзірленді, ана өлімі мен перинаталдық кезеңдегі өлім-жітімге, акушерлік практикада қиын жағдайларға құпия аудит жүргізу жөніндегі бұйрық қайта қаралды. 2016 жылдан бастап перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудиті енгізілді, бұл тек денсаулық сақтау саласына байланысты емес, басқа салалармен де байланысты (білім, құқық қорғау органдары) басты себептерді анықтауға мүмкіндік береді.

2016 жылы кадрлар тапшылығының мәселесін шешу үшін резидентура мамандарын (61 акушер-гинеколог, 77 неонатолог, 13 анестезиолог-реаниматолог) шығару және біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.

МСАК деңгейінде Жүкті әйелдердің тіркелімін толықтыру тұрақты негізінде жүргізіледі, қауіп-қатер тобына байланысты жүкті әйелдерге күнделікті мониторинг жүзеге асырылады.

«Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту» көрсеткіші  бойынша (нысаналы мәні – 54,4% және 19,1%)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Аталған индикаторды есептеу 2016 жылға арналған Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдесдесу шараларымен қамтылған жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесін және еңбек нарығының көрсеткіштерін есептеу арқылы жүргізіледі.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2016 жылға арналған кешенді жоспары әзірленіп, 2016 жылғы 1 сәуірде қабылданды.

Ағымдағы жылғы сәуірден бастап Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шаралары белсенді іске асырыла бастады (инфрақұрылымдық жобаларды жөндеу, микрокредиттер беру және т.б.).

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 313,5 мың адам қамтылды, олардың 235,7 мыңы жұмыссыздар (52,3%) және 77,8 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (15,2%).

Жалпы алғанда, жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалады деп күтілуде.

         «Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған жұмыспен қамтылған халықтың үлесі» көрсеткіші  бойынша (нысаналы мәні - 70,8 %)

Аталған индикаторды есептеу жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар санының жұмыспен қамтылған халық санына арақатынасы арқылы жүргізіледі.

Жұмыспен қамтылған халық санының ресми деректері ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сайтынан, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар санының деректері «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-тан алынады.

Деректерге сәйкес жұмыспен қамтылған халық саны 2016 жылғы тамыз айына 8 519,8* мың адамды құрады, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар саны бес айдың қорытындысы бойынша 5 437,9 мың адамды құрады, осылайша, тамыз айына көрсеткіш  1,2 %-ға асыра орындалды.

Аталған көрсеткішке қолжеткізуге бағытталған негізгі іс-шаралар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (ЖЗЖ) қатысушылардың мониторингін және зейнетақымен (әлеуметтік) қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Жұмыспен қамтылған халықты ЖЗЖ-мен қамтудың жалпы мониторингінен басқа Министрлік ай сайынғы негізде ЖЗЖ-ға қатысушылардың санын екi және одан да көп есеге азаюына жол берген кәсіпорындар мониторингі бойынша жұмыс жүргізеді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ҚР ДСӘДМ-нің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының Медиа-жоспарында көзделген  іс-шаралар шеңберінде тұрақты негізде жүргізіледі.

Жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде.

*Бағалау деректері

 

«АӘК алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті халық үлесі» көрсеткіші  бойынша (нысаналы мәні – 30 %)

         Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 26,0 мың адамға тағайындалған, бұл  2015 жылғы 1 қазандағы жағдайымен салыстырғанда 25,3 %-ға төмен, бұл ретте тағайындалған сома 615,9 млн. теңгені (2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,1 %-ға азайды) құрайды. АӘК-тің орташа мөлшері 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,5 %-ға ұлғайып, 2636,6 теңгені құрайды.

         АӘК төлеу дер кезінде және толық көлемде жүргізілуде. Аталған мәселе ЖАО-ның тұрақты бақылауында.

         АӘК алушылар құрамындағы еңбекке қабілеттілер санының төмендеу үрдісін атап өту қажет: 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,1 %-ға азайып (2015 жылғы 1 қазанға  – 29,6 %, 2015 жыл қорытындысына – 29,2 %, 2014 жылы – 30,8 %, 2013 жылы – 31,4 %), 2016 жылғы 1 қазанға – 27,5 % құраған. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылатын табысы аз азаматтарға әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмек көрсету бойынша «Өрлеу» жобасының іске асырылуымен түсіндіріледі.

         Аталған көрсеткіштің орындалмауының ықтимал қаупі бар, мәселен АӘК тоқсанға тағайындалады және алушылар құрамы келесі тоқсанда көбеюі жағына айтарлықтай өзгереді, тиісінше, еңбекке қабілетті адамдар саны артуда, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар; бала күтімімен отырған әйелдер, 1 және 2-топтағы мүгедектер; жалданып жұмыс істеушілер; жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар. Мысалы, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша АӘК алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлесі 29,9 % құрайды және 2014 жылдың соңында (2015 жылғы 1 қаңтарда) 30,8 %-ға дейін, яғни 0,9 пайыздық тармаққа артты.

2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайға «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 739,4 млн. теңге сомасында 27,1 мың адамға тағайындалды,  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 6 174 адам немесе «Өрлеу» жобасына қатысушылар құрамындағы еңбекке қабілеттілердің 89,4 %-ы тартылды.

Жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде.

 

                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon memorandum_rus.doc49 KB
Microsoft Office document icon memorandum_gos.doc53 KB
3 сәуір, 2017 - 15:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші