check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2016 жылғы 1 қазандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың мониторингі бойынша ақпараты

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың мониторингі бойынша ақпарат

Әлеуметтік-еңбек саласы

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру

Қазіргі кезде елімізде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі үлгісі қолданылады, негізінен ол нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келеді және мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында базалық, міндетті ынтымақты, ерікті деңгейде әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті бөлуді көздейді.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 985 қаулысына сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 %-ға артты.

Арттыру нәтижесінде 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 11 965 теңгені құрады, базалық зейнетақы төлемін ескергенде зейнетақы төлемінің орташа мөлшері – 55 289 теңгені құрады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері: мүгедектігі бойынша – 30 191 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 26 908 теңгені, жасына байланысты – 11 887 теңгені құрады.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылардың саны 22,8 мың адамды құрады.

2016 жылдың басынан бері №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшерінің артуы есебінен тиісінше 19 980 теңгені және 17 774 теңгені құрады.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша МӘСҚ-тан төленетін еңбек қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайында берілетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері тиісінше 11 049,3 және 14 175,3 теңгені құрады.

Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін арттырумен қатар әлеуметтік заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі:

- 2014 жылдан басынан бастап бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болатын жұмыс істейтін әйелдерге, олардың зейнетақы жинақтарын көбейтуге және зейнетақымен қамсыздандырудың қажетті деңгейіне жетуге ықпал ететін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді. 2016 жылғы қыркүйек айында республикалық бюджеттен бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді 84,9 мың алушының жеке зейнетақы шотына МӘСҚ-тан 357,7 млн. теңге аударылды (бұл ретте, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бүкіл кезең үшін субсидиялардың жалпы көлемі 10,9 млрд. теңгені құрады);

- еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыста істейтін жұмысшылардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми деректері бойынша 2016 жылғы 1 қазандағы жағдайға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны – 391 500, аударылған жарналардың жалпы сомасы 98,8 млрд. теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында 2015 жылғы 2 тамызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

Ана мен баланы әлеуметтік қолдау

Заңнамаға сәйкес балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсетілді, 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша:

- мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақыны жалпы 16,1 млрд. теңге сомасында 72,8 мың адам алды;

- бала тууға байланысты жәрдемақыны 21,8 млрд. теңге сомасында 296,3 мың адам алды (бұл 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,4 %-ға аз);

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы 22,6 млрд. теңге сомасында айына орташа есеппен 141,0 мың адам қамтылды (бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,6 %-ға аз);

- табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына берілетін жәрдемақымен 543,7 мың бала қамтылды, бұл өткен 2015 жылғы 1 қазандағы  кезеңмен салыстырғанда 4,7 %-ға артық, бұл ретте тағайындау сомасы – 8,5 млрд. теңгені құрады (2015 жылмен салыстырғанда 11,3 %-ға артты).

Ағымдағы жылғы қыркүйекте бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайында МӘСҚ-тан 199,5 мың алушыға әлеуметтік төлем тағайындалды, бұл ретте МӘСҚ-тан берілетін төлем сомасы шамамен 5,8 млрд. теңгені құрады.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын әлеуметтік қолдау

Әлеуметтік көмек

2016 жылы табысы аз отбасыларды қолдау жалғасын тапты, атаулы әлеуметтік көмек 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 26,0 мың адамға тағайындалды, бұл 2015 жылғы 1 қазандағы жағдаймен салыстырғанда 25,3 %-ға төмен, бұл ретте тағайындау сомасы – 615,9 млн. теңге (2015 жылмен салыстырғанда 18,1 %-ға азайды). АӘК орташа мөлшері – 2636,6 теңгені құрады, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,5 %-ға артық.

2016 жылғы 2 тоқсандағы жағдай бойынша тұрғын үй көмегі 73,2 мың адамға, 1,5 млрд. теңге сома тағайындалды (2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 %-ға төмендеді). 2016 жылғы 2-тоқсандағы жағдай бойынша тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 3 329,3 теңгені құрады, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 %-ға артық.

Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек идеологиясын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсету бойынша жаңа тәсілдер Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында апробациялануда, әлеуметтік келісімшарт жасаған адамдар үшін шартты ақшалай көмек көрсетуді көздейтін, «Өрлеу» пилоттық жоба енгізілген.

2015 жылы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражат есебінен пилоттық аймақтағы 38 пилоттық аудан мен қалаларға көбейді.

2016 жылы АӘК көрсету бойынша жаңа тәсілдерді енгізу еліміздің барлық өңірлерінде пилоттық режимде жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге сома қарастырылған.

2016 жылғы 1 қазандағы шұғыл мәліметтерге сәйкес жалпы сомасы 899,8 млн. теңге болатын шартты ақшалай көмек 30,1 мың адамға тағайындалды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 468,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 431,4 млн. теңге бөлінді.

Азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар халық табысының өсу қарқынына әсер етеді.

2016 жылғы шілдеде жан басына шаққандағы номиналдық ақшалай табыстар 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (68 193 теңгеден) 9,3 %-ға артып 74 532 теңгені құрады.

2015 жылғы II тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2015ж. 2-т.-2,7 %) 0,1 %-ға азайып, 2,6 %-ды құрады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту реформасы жүргізілуде, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары стационар, жартылай стационар, үйде күту және уақытша болу жағдайларында мемлекеттік, жеке және үкіметтік емес секторларға кезең – кезеңімен енгізілуде.

Министрлік арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылардың санаттарын кеңейту жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылғы ақпан айында Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бекітілді; Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына, пробация қызметінде есепте тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) қызмет алушы адамдардың санатын кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, Тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту жоспарлануда.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен барлығы 97 мыңнан астам егде жастағы азаматтар мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар қамтылды.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын іске асыруға республикалық бюджеттен 2016 жылы 243,1 млн.теңге сомада ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, 2015 жылы 186,7 млн.теңге қаражат игерілді.

Елдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін тұрақты жаңғырту бағыттарының бірі үкіметтік емес секторда баламалы қызметтерді дамыту болып табылады, 2009 жылдан бастап өңірлерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру жыл сайын республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 

2009 – 2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты дамыту қызмет алушылардың санын 1,5-5 мың адамға көбейтуге мүмкіндік берді. Үкіметтік емес ұйымдардың саны осы кезеңде 4-тен 81 дейін өсті.

2015 жылы үкіметтік емес ұйымдарға ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтерді дамытуға республикалық бюджеттен бөлінген 586,7 млн.теңге қаражат игерілді, 2016 жылы осы мақсаттарға 837,3 млн.теңге сомада ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы

Қазақстан 2015 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялап, ұлттық заңнаманы Конвенцияның нормаларына сәйкестікке келтіру бойынша жұмыстар атқарды.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды (03.12.2015ж. қол қойылды), 24 заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді.

Аталған заңды іске асыру мақсатында 2016 жылы I тоқсанда автомобиль, теміржол, әуе көлігі, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, білім беру, ішкі істер, тұрғын үй және ақпарат саласындағы заңға тәуелді актілер жетілдірілді.

Мәселен, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге екіншіден жоғары емес қабаттан тұрғын үй беріледі (ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 163 қаулысы).

Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп – тұру құралдарын ұсыну қағидалары бекітілді (ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығы, ҚР Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13238 болып тіркелді).

Мүгедектің жұмыс орнын жабдықтауға және өндірістік ортасына қойылатын бірыңғай талаптарды айқындау, осындай жұмыс орындарын құруды тездету және мүгедектердің қоғамның еңбек өміріне жақсы интеграциялануы мақсатында мүгедектің жұмыс орнының стандарты бекітілді (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығы, ҚР Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 шілдеде № 13913 болып тіркелді).

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі жаңартылды, ескірген surdo-, тифлотаяқтар құралдары заманауи көпфункционлады гаджеттерге ауыстырылды (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1036 қаулысы). Аталған өзгерістер 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен бірге, 2017 жылы құралдар тізбесін барынша кеңейту жоспарланып отыр, бұл көру қабілеті бұзылған адамдар үшін жаңа тифлотехникалық құралдар (сөз шығаратын термометр, сөз шығаратын тонометр, сынақ жолақтары мен дыбыс шығаратын глюкометр); Міндетті гигиеналық құралдар (катетер, сіңіргіш жайма, табан айналысындағы теріні тегістеу мен қорғау үшін паста-герметик, қорғаушы крем, сіңіргіш ұнтақ (опа), иіс бейтараптандырғыш, тері тазартқыш, санитариялық жабдықталған кресло-үстел); дене бітімінің салдарынан өзіне өзі қызмет көрсетуі қиындаған мүгедектерге арналған қосымша техникалық құралдар (киюге, шешінуге және заттарды қармау үшін арналған құрал-жабдықтар; дәретхана бөлімдеріне арналған жиналмалы тірек тұтқалар, жуынатын бөлмелер үшін тұтқалар, дауыс шығаратын аппарат).

Мүгедектердің тіршілік әрекетінің негізгі саласындағы объектілері мен қызметтердің қолжетімділік жағдайына бағалау жүргізіледі.

2016 жылы республикалық бюджеттің қолдауымен жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 3 308 бірлік жол белгілері мен көрсеткіштерін орнату және 154 бірлік жүргіншілер өткелдеріне дыбыстық құрылғылар орнату жоспарланған.

Қоғамның мүгедектер проблемаларына позитивті қарым-қатынасын қалыптастыру үшін республикалық және өңірлік БАҚ-та 8,0 мыңнан материалдар орналастырылды.

Сондай-ақ, мүгедек адамдар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және жағдайларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында, 2016 жылы 15 маусым мен 15 қыркүйек аралығында елімізде «Халықпен біргеміз!» атты іс-шара өтті.

Үш ай аралығында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, өңірлер әкімдерінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшілерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді, кездесу барысында ел тұрғындарына мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары түсіндірілді (1 475 кездесу, 337 кеңес, «дөңгелек үстелдер» мен семинарлар өтті, БАҚ-та 658 мақала халықпен теледидар және радио бойынша жарияланды, 42 «тікелей желі», көрнекі құралдары арқылы 1 833 ақпарат терілді 80 стенд, билборд).

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралардың  үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдары) іске асырылуда.

Осы жылдың ақпан айында өңірлерде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеудің өңірлік жоспарлары әзірленіп, бекітілді.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 26,9 мың объект паспортталған, оның 17,2 мыңы бейімдеуге жатады, 9,7 мың объект бейімделген.

Қоғамда мүгедектердің проблемаларына позитивті қарым-қатынасты қалыптастыру үшін республикалық және өңірлік БАҚ-тарда 8,0 мыңнан астам материалдар жарияланды.

Ағымдағы жылдан бастап Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Қазақстан Республикасының 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі іске асырыла басталды.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қоғамдағы мүгедектердің позитивті қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жасалуда.

2014 жылғы тамыздан бастап Министрліктің бастамасымен ай сайын объектілерге бейімдеу жүргізудің сапасына қоғамдық мониторинг жасау акциясы жүргізіліп келеді.

2016 жылғы 2 тоқсандағы жағдай бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру шеңберінде 5 596 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

Еңбек нарығы және жұмыспен қамту. (Жұмыспен қамту-2020 жол картасы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарда)

Еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру мақсатында 2016 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жалғасын табуда (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысы). Оны іске асыруға есепті жылы 128,4 млрд. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 146,5 мың адам Бағдарлама қатысушыларының құрамына қосылды, олардың қатарында 93,8 мың адам (64,0%) жұмыссыз, 49,1 мың адам (33,5%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және 3 660  адам (2,5%) ішінара жұмыспен қамтылғандар болып табылады. Бұл ретте 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 45,6 %-ды, әйелдердің үлесі 44,0 %-ды құрайды.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халықтың нысаналы топтарының қатарынан 4 129 мүгедек, балалар үйлерінің 124 тәрбиеленушісі, мектептердің, орта және жоғары білім беру ұйымдарының 14 697 түлегі және басқа санаттағылар Бағдарлама қатысушысы атанды.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 2016 жылы ауылдық жерлерде 41 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарымен 5 243  жобаны іске асыру көзделген.

Нәтижесінде өткен жылдан бастап іске асырыла бастаған, жобаларды ескергенде, 2 411 жоба оның ішінде 1 081 жоба жұмыс аяқтады. Ашылған жұмыс орындарына 22 598 адам жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 12 090 мың адам немесе жұмысқа орналастырылғандардың 53,5%-ы бағдарлама қатысушылар.

Екінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 3 414 адамды оқыту жоспарланған. 1 963 адам оқуға жіберілді, оның ішінде 1 957 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Микрокредит алушылар саны 6 834 адам, оның ішінде қайтарылған қаражат есебінен 407 адам. Микрокредит алушылардың  54,0 %-дан астамы немесе 3 692  адам өз ісін ашып, кәсіпкер атанды. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы сүйемелденді. Бұл ағымдағы жылы қосымша тағы 5 344 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Бағдарламаға қатысушыларды оқыту және қоныстандыру бойынша шаралар қабылданды.

Үшінші бағыт бойынша өткен жылдан оқуды жалғастырушыларды қоса алғанда, кәсіптік ұтқырлықты арттыру үшін тегін оқумен 6 621 адам қамтылды, сондай-ақ оларға оқитын және тұратын орнына дейін жету үшін жолақыны субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды. 4 182 адам оқуын аяқтады.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы бойынша экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 752 адам қоныс аударды. Қоныс аударғандар қатарындағы еңбек етуге қабілетті адамның 62,4 %-ы жаңа тұрғылықты жер бойынша жұмысқа орналастырылды.

Еңбек нарығындағы шиеленісушілікті төмендету үшін жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын ашу жұмысын қолға алған.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 242,6 мың жаңа жұмыс орны ашылған, олардың ішінде 120,1 мыңы ауылдық жерлерде. Салалар бөлінісінде басым жұмыс орны сауда саласында – 29,0 мың, құрылыс саласында –25,9 мың, өнеркәсіп саласында – 18,0 мың жұмыс орны ашылған. Ашылған жұмыс орындарының жалпы санының 63,2%-ы тұрақты, ал қалғаны уақытша және маусымдық.

Жергілікті бюджет есебінен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары іске асырылуда, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республиканың жұмыспен қамту орталықтарына еңбек делдалдығы үшін 278,8 мың жұмыссыз азамат жүгінген, олардың ішінде 164,3 мыңы (58,9 %) жұмысқа орналастырылған.

2016 жылы Қазақстан Республикасы бойынша Кешенді жоспар шеңберінде жұмыссыздар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардар қатарынан 417,2 мың адамды қамту жоспарлануда, ол жұмыссыздардың жалпы санының 63,3% жұмыссыздар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 32,4% құрайды.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Кешенді жоспар шеңберінде 342,6 мың адам жұмысқа орналастырылған немесе 92,6 %.

Бағдарлама шеңберінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар, аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру республиканың еңбек нарығындағы жағдайға оң әсерін тигізді.

Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы екінші тоқсандағы жағдай бойынша

 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұрынғы деңгейде қалды, және 5,0% - ды құрады.

Жұмыспен қамтылғандардың саны тиісінше 8 575,3 мың адамнан 8 484,9 мың адамға дейін төмендеді. Жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 27,0  %-дан 25,7 %-ға дейін төмендеді.

Жастар арасында (15-28 жастағылар) жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың екінші тоқсанында 4,2 % деңгейді құрады, 2015 жылдың 2-тоқсанында 4,5 %-ды құраған.

Көші-қон үдерістерін реттеу (Министрліктің құзыреті бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тарту үшін квота белгілейді.

2016 жылға квота 63 мың бірлік немесе республиканың экономикалық тұрғыдан белсенді халқының 0,7 % мөлшерінде белгіленген.

Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесінде басымдық жоғары білікті мамандарға беріледі. 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың еңбек қызметтерін жүзеге асыру үшін 31 633 рұқсат берілді, оның ішінде 71%-ы І-ІII санаттағы қызметкерге, 23,5%-ы білікті жұмыскерге (4 санат), сонымен қатар 5,5% –ы маусымдық шетелдік қызметкерлерге.

Еңбекші көшіп-қонушылардың негізгі шыққан елдері Қытай (12 302), Түркия (3 726), Өзбекстан (3 219), Ұлыбритания (1 493) және Үндістан (1 384) болып табылады.

Рұқсат беру кезінде жүктелетін ерекше жағдайларды орындау шеңберінде ағымдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар қазақстандық азаматтар үшін – 12 051 қосымша жұмыс орнын құрды, кәсіптік даярлаудан 133 қазақстандық қызметкер, кәсіптік қайта даярлаудан 664 адам өтті және 11 адам біліктілігін арттырды.

Оралмандарды қоныстандыру. 1991 жыл мен 2016 жылғы 1 қазан аралығында 261 104 отбасы немесе 957 772 этникалық қазақ, оның ішінде 2016 жылғы 9 ай ішінде 1 148 отбасы немесе 23 971 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша оралмандардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан – 64,7 %, Түркменстаннан - 25,8 %, Қытайдан – 2,8 %, Моңғолиядан - 2,8 %, Ресейден – 0,9  % және 2,4 % - басқа елдерден келген оралмандар.

Оралмандардың шығу елдері олардың қоныстану өңірлерін алдын ала айқындаған. Оралмандардың ең көбі Алматы - 29,4 %, Оңтүстік Қазақстан – 28,0 %, Маңғыстау – 11,7 % және Жамбыл - 6,8 % облыстарына қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы адамдар саны 64,7 %, еңбекке қабілетті жастан төмен адамдар – 29,2% және зейнеткерлер – 6,1 % құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті оралмандар санының 10,6 % жоғары білімді, 18,6 % арнайы орта білімді, 67,2 % жалпы орта білімі бар, 3,6 %-ның білімі жоқ.

Еңбек қатынастары

Еңбек қатынастарын жетілдіру мақсатында мыналар іске асырылуда:

- Әлеуметтік шиеленісушіліктің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөніндегі кешенді жоспар (2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 1295 ҚБПҮ ҚР ҮҚ) (бұдан әрі – Жоспар). Жоспар шеңберінде жұмыста ұжым арасында туындайтын шиеленісушілік деңгейін анықтау үшін айсайын Еңбек қатерлері картасы қалыптастырылады. 2016 жылғы 27 қыркүйектегі жағдай бойынша наразылық акцияларының саны 7-еу болды (6 – Маңғыстау,1 – Шығыс Қазақстан облысында тіркелді);

- «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмасын орындалу шеңберінде кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының негіздеріне оқыту бойынша жұмыс жалғасуда. 2016 жылғы III тоқсандағы қорытындысы бойынша облыстардың, Астана және Алматы калаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар еңбек заңнамасының мәселелері жөнінде 1 613 семинар өткізді.

 Еңбек қатынастарын реттеу және азаматтардың құқығын қорғау үшін Әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдануда.

2015 жылдың басынан бері өндірістегі процестерді тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқығын және жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдіктері, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында меморандумдар жасалды. 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жасалған меморандумдар саны 111 мыңды құрады, оның 1 631 – ірі (қамту 85,4 %) және 109 552 – орта және шағын кәсіпорындар (қамту – 66,9 %).

Барлық деңгейде үшжақты комиссия жұмыс істейді, 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісім, 22 салалық және 200-ден астам өңірлік (облыс, қала, аудан деңгейінде) келісімдер жасалды.

Кәсіпорындар мен ұйымдарды ұжымдық шарт жүйесімен қамтуды кеңейту және оған мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 69,2 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпкерліктің 32,5 %-ы қамтылған. Бұл ретте ірі және орта кәсіпорындардың 84,4 %-ында ұжымдық шарт жасалған.

Өндіріс жағдайларын жақсарту (тәуекелді бағалау жүйесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды, кәсіпорындарды аттестациялауды енгізу) бойынша жұмыс жүргізілуде. (анықтама үшін: 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыс талабы бойынша аттестациялаудан өткен объектілердің саны 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (833 объекті) 82,8 %-ға төмендеп, 1 523-ді құрады, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша енгізілген халықаралық және ұлттық стандарттардың саны 2016 жылғы 1 қаңтарда 1 463 құрады). 2016 жылы 1 қазанда өндірісте 1 186 адам жарақат алды (2015 жылы – 1 280 адам), бұл ретте өндірістік жарақат салдарынан қаза тапқандардың саны 193 адам (2015 жылы – 187 адам).

Министрлік еңбекақы бойынша берешектерге апта сайын мониторинг жүргізеді және Бас прокуратурамен, өңірлік дағдарысқа қарсы штабтармен бірлесіп, олардың өтелуі бойынша шаралар қолданады.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпарат бойынша, 2016 жылғы 6 қазанда республикада еңбекақы бойынша мерзімі өткен берешектер (3 айдан жоғары) - 19 кәсіпорын 1 212 жұмыскер алдында берешегі 200,1 млн.теңгені құрады (2015 жылғы 6 қазанда 17 кәсіпорынның берешегі 762 жұмыскер алдында 271,9 млн.теңгені құраған).

Жалақы бойынша берешектердің өсімі Ақмола облысында (14,9 млн.теңге), Ақтөбе облысында (12,7 млн. теңге), Атырау облысында (6,8 млн.теңге), Батыс Қазақстан облысында (14,6 млн. теңге), Қарағанды облысында (47,2 теңге дейін), Оңтүстік Қазақстан (11,8 млн.теңге) облыстарында және Алматы қаласында (86,7 млн. теңге) байқалды.

Сонымен қатар, жалақы бойынша берешегі еңбек инспекторларының тексеру нәтижесі бойынша 2016 жылғы 1 қазанда 1 381 кәсіпорынның 39 615 жұмыскер алдында 5,6 млрд. теңге анықталды. Қабылданған ден қою шаралары, оның ішінде қатаң мерзімдер мен графиктер нәтижесінде 36 мың жұмыскердің құқықтары қорғалып, 5,2 млрд. теңге мөлшерде жалақы берешегі төленді.

Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау 2010 жылдың басында енгізілген қатерлерді бағалау жүйесінің (ҚБЖ) негізінде жүзеге асырылады.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 897 тексеру жүргізіп,13 614 еңбек заңнамасының бұзылу фактісін анықтады.

Ұйымдардың заңды тұлғалары мен лауазымды тұлғаларына қатысты анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 446,5 млн. теңгеге 3 206 айыппұл салды (2015 жылғы 1 қазанда – 313,4 млн.теңге).

Еңбекақы төлеу

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖМ) -7%-ға өсіп 22 859 теңге болып белгіленді.

Еңбекке ақы төлеу саласындағы ахуалды талдау республикада бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 2016 жылғы II тоқсанда 143 600 теңгені құрап, 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 15,6 %-ға өскенін көрсетеді. 2016 жылғы II тоқсанда нақты жалақының индексі 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 98,9 %-ды құрады.

Денсаулық сақтау саласы

Медициналық-демографиялық көрсеткіштер және сырқаттанушылық.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ Статистика комитеті) алдын ала деректері бойынша 2016 жылғы 1 қыркүйекте негізгі демографиялық көрсеткіштер 1000 адамға шаққанда мынадай көрсеткіштермен беріледі: халықтың табиғи өсімі – 15,74 (2015 ж. 8 айда – 15,00), туу – 23,22 (2015 ж. 8 айда – 22,68), өлім-жітім – 7,48 (2015 ж. 8 айда – 7,68.

Халықтың табиғи өсімінің орташа республикалық деңгейден төмен көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1,81), Қостанай (3,94), Шығыс Қазақстан (6,78), Ақмола (7,38), Павлодар (7,12), Қарағанды (7,81) және Батыс Қазақстан (12,07) облыстарында және Алматы қаласында (12,67) байқалады.

2016 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша республикада ана өлім-жітімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғанға шаққанда 2015 жылдың ұқсас кезеңіндегі 11,3-пен салыстырғанда 12,1-ті құрады. Ана өлім-жітімінің анағұрлым жоғары көрсеткіші Павлодар (21,3), Батыс Қазақстан (20,1)  Ақтөбе (19,9), және Оңтүстік Қазақстан (18,3) облыстарында тіркелген.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша 2016 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туғанға шаққанда 6,9%-ға азайып 9,0 құрады, 2015 жылғы ұқсас кезеңде 67 болған. Нәресте өлім-жітімінің анағұрлым жоғары көрсеткіші Қызылорда (11,75) Оңтүстік Қазақстан (10,70) және Шығыс Қазақстан (10,05) облыстарында тіркелген.

ДДСҰ ұсынған тиімді технологиялар енгізілуде (тиімді перинатальдық көмек, бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргізу). Медицина мамандарын осы технологиялар сондай-ақ жедел көмек көрсету бойынша оқыту жалғасуда. Әйелдер мен балаларға медициналық көмектің қажетті көлемін қамтамасыз ету үшін, медициналық ұйымдар перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейі бойынша бөлінген. Осыған байланысты, тиісті құралдармен (кювездер, инфузоматтар, өмірлік маңызды функциялардың мониторлары, ИВЛ заманауи аппараттары және т.б.) жабдықтандыру жүзеге асырылады.

Мамандандырылған медициналық ұйымдардың практикалық қызметінде әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін ДДСҰ ұсынған бағалау құралдары іске асырылды.

Ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету мақсатында жүкті, босанатын және босанған әйелдердің ауыр жағдайларын күнделікті мониторингілеу өңірлік деңгейде және республикалық деңгейде де жүргізілуде.

Ана және нәресте өлім-жітімін төмендету бойынша жедел шаралар қабылдау бойынша Республикалық штаб отырысы тұрақты түрде өтеді, сондай – ақ нәресте өлімін талдау нәтижелері ұсынылады. Мәселен, ағымдағы жылғы 9 айда штабтың 10 отырысы өтті.

Бала өлім-жітімін және пневмония мен сырқаттануды азайту, оның күрделі нысандарын алдын ала үшін, соңғы 5 жыл ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация жүзеге асырылады.

2016 жылғы 9 ай бойынша педиатрия бойынша -71, акушерия мен гинекология бойынша 8 клиникалық хаттама бекітіліп мақұлданған.

2016 жылы бірінші жартыжылдықта республиканың халқының сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 48170,1-мен салыстырғанда 55161,8-ді құрады.

2016 жылғы 9 айдың мәліметтері бойынша 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылар республика бойынша 8,2%-ды құрады, 2016 жылғы ұқсас кезеңдегі 54,8-бен салыстырғанда 59,7-ды құрады. Республикалық деңгеймен салыстырғанда жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (74,5), Ақмола (72,7), Қызылорда (66,4), Қостанай (65,6), Атырау (64,4), және Маңғыстау (59,9) облыстарында байқалады.

Туберкулезден болған өлім-жітім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 2016 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 5,7 %-ға түсіп, 3,3 құрады, 2015 жылғы ұқсас кезеңде 3,5-ді құрады.

КДК ТБ және туберкулезді жеделдетіп диагностикалау үшін инновациялық зертханалық технологиялар бойынша енгізу емдеудің басталған уақытын анықтау мен азайтуға мүмкіндік берді. 2016 жылғы көрсетілген кезеңде туберкулезбен ауыратын науқастардың дәріге сезімталдығы бойынша тестпен 99%-ы қамтылған.

Екінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен КДК ТБ емдеумен науқастарды қамту КДК ТБ тіркелген жағдайлар санының ішінен 2016 жылғы 7 айда  98,6 %-ы (ДДСҰ стандарты - 85 %) құрады.

Алғаш рет анықталған науқастар арасында бактерия шығаратын өкпе туберкулезі мен дәріге сақталған сезімталдығы 86,7 % (2015 жылы – 87,2%), сол сияқты көптеген дәрілермен әсер етпейтін туберкулезбен ауратын науқастар арасында 74 % (2015 жылы - 74,5) емдеу тиімділігін көрсетті.

Көптеген дәрілер әсер етпейтін туберкулезбен ауратын науқастарды туберкулезге қарсы екінші қатардағы дәрілермен емдеу 98,9% (ДДСҰ стандарты - 85 %) қамтиды.

Туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету бойынша Республикалық штабтың 2 отырысында республикадағы туберкулезбен күресудің өзекті проблемалары мен қабылданып жатқан шаралары тыңдалды.

2016 жылғы 9 айда ҚАЖ сырқаттанушылығының  көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 2071,2-мен салыстырғанда 2311,2-ді құрады. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында (3294,3), Оңтүстік Қазақстан (2877,9), Солтүстік Қазақстан (2854,0), Қызылорда (2823,4), Шығыс Қазақстан (2762,9) және Жамбыл (2664,2), облыстарында байқалады.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша 2016 жылғы 8 айда ҚАЖ-дан өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 213,18-бен салыстырғанда 179,85 -ны құрады. ҚАЖ-дан болатын өлім-жітім көрсеткіші республикалық орта көрсеткіштен жоғары көрсеткіштер Қарағанды (337,06), Солтүстік Қазақстан (273,96), Ақмола (264,95), Павлодар (216,87) және Батыс Қазақстан (205,74) облыстарында байқалады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулар мен өткір инсульттерді басқару, жіті миокард инфаркты мен жарақат кезінде босандыру және балалар медициналық көмек көрсету қызметінің интеграцияланған модельдерін енгізу жөнінде үйлестіру кеңесі құрылды.

Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулар мен өткір инсульттерді басқару, жіті миокард инфаркты мен жарақат кезінде босандыру және балалар медициналық көмек көрсету қызметінің интеграцияланған модельдерін енгізу жөніндегі үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  жанында тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады

«Жіті миокард инфаркты кезінде медициналық интеграцияланған көмек көрсетудің моделін (ЖМИ)» енгізу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

Кадрлық қамтамасыз етуді талдау кезінде ҚР бойынша кадрлық тапшылық (кардиологтер, функционалдық диагностика дәрігерлері) анықталды, 2014 жылдан кейін ЖОО бітіргендер мамандарды функционалдық диагностика (ЭХОКГ) бойынша қайта даярлау мүмкіндігі қарастырылуда.

2016 жылғы 9 айда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 199,3-пен салыстырғанда 202,2-ті құрады. Қатерлі ісіктен сырқаттанушылықтың барынша жоғары көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан (335,2), Павлодар (309,5), Қостанай (300,9), Шығыс Қазақстан (300,0), және Қарағанды (293,6), Алматы облыстарында байқалады, онкологиялық ауруларды ерте сатысында жүргізілген скрингтік тексеріп-қарау барысында анықтаулардың ұлғаюымен түсіндіріледі.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2016 жылғы 8 айда республикада қатерлі ісіктерден болған өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 93,34-мен салыстырғанда 89,55-ті құрады. Осы көрсеткіштің ең жоғары деңгейі Павлодар (143,33), Солтүстік Қазақстан (134,60), Шығыс Қазақстан (133,43), және Ақмола (121,07) облыстарында байқалады.

2016 жылғы 9 айда жазатайым оқиғалар, жарақаттану мен уланулардың саны 100 мың адамға шаққанда 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 2879,8-мен салыстырғанда 3156,3-ті құрады. Осы көрсеткіштің республикалық орташа деңгейден жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан (5421,3), Павлодар (5191,3), Қарағанды (4799,3), Солтүстік Қазақстан (4392,7), және Астана (3793,2) облыстарында байқалады.

Статистика комитетінің деректері бойынша 2016 жылғы 8 айда жазатайым оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болған өлім-жітім төмендеп және 100 мың адамға шаққанда 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 86,50-пен салыстырғанда 77,44-ді құрады. Өлім-жітім көрсеткіші республикалық орташа көрсеткіштен жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (132,75), Шығыс Қазақстан (126,66), Қостанай (112,84), Ақмола (105,13), және Павлодар (101,22) облыстарында байқалады.

Халыққа медициналық көмек көрсету және денсаулық сақтау ресурстары

2016 жылғы 1 қаңтарда 901 аурухана (703-ҚР ДСМ жүйесі, 161-жеке меншік және 37-басқа мекемелер) және 3 149 амбулаториялық-емханалық ұйым (2 141-ҚР ДСМ жүйесі, 161-жеке меншік және 67-басқа мекемелер) республика халқына медициналық көмек көрсетті.

143 орталық және аудандық аурухана, 61 ауылдық учаскелік және ауылдық аурухана, 1585 дәрігерлік және отбасылық дәрігерлік амбулатория, 4060 фельдшерлік-акушериялық және медициналық пункт республиканың ауыл халқына медициналық көмек көрсетеді.

Төсек орындардың саны (денсаулық сақтау жүйесінде) 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 94 487-бен салыстырғанда 2016 жылғы 9 айда 92 321-ке дейін төмендеді. Төсек-орындармен қамтамасыз ету 2016 жылғы 9 айда 10 мың адамға шаққанда 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 53,7-мен салыстырғанда 51,7-ді құрады.

2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 1997,7 мыңға қарсы 2016 жылғы 9 айда республика ауруханалық ұйымдарына емделуге 2059,7 мың науқас түсті.

2016 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамту 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 29,5-пен салыстырғанда 29,8-ды құрады, орта медициналық қызметкерлерімен қамту – 10 мың адамға шаққанда 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 79,0-мен салыстырғанда 78,4-ні құрады.

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon ser_na_1_oktyabrya_2016_goda_kaz.doc149.5 KB
11 қараша, 2016 - 19:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші