A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту

ЖОБА

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының  2) тармақшасына, 32-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың  шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесі  айқындалсын.

 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің  күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ   2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                             Б. Сағынтаев

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 1_pprk_gos.doc63.5 KB
Microsoft Office document icon pz_gos.doc69 KB
Microsoft Office document icon kagidalar_kaz.doc106 KB
Microsoft Office document icon pp-1.doc42.5 KB
Microsoft Office document icon pp-2.doc62.5 KB
Microsoft Office document icon pp-3.doc33 KB
7 наурыз, 2017 - 18:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші