A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

20.01.2010 Г.

 

ҚазақстанРеспубликасының 2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағыәлеуметтік-экономикалықдамуының қысқашақорытындылары 

 

2009 жылғы желтоқсандағы тауар айналымының көлемі 2009 жылғы қарашамен салыстырғанда 15,3%өсті.

 Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 2525250,1 млн. теңгені құрып, 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3,9% азайды.

Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы 6496251,3 млн. теңгені құрып, 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,0% азайды.

2009 жылғы қарашада халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары баға бойынша 35140 теңгені құрды. Өсім 2008 жылғы қарашамен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 12,1%, нақты ақшалай табыстар үшін – 6,0% құрды.

2009 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 532,9 мың адамды құрды. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 6,3% құрды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2009 жылғы желтоқсанның соңына 53,4 мың адамды құрды немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі, бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,7%-ын құрды.

2009 жылғы қарашада қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 66890 теңгені құрды. 2008 жылғы қарашаға қарағанда өсім 12,3% болды. Нақты жалақы индексі 2008 жылғы қарашаға 106,1% құрды.

Тұтыну бағаларының индексі 2009 жылғы желтоқсанда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,2% құрды. Азық-түлік тауарларына бағалар 3%, азық-түлік емес тауарлар – 8,6%, ақылы қызметтер көрсетуге 8,4%-дан артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2009 жылғы желтоқсанда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 31% артты.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 101,0% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4546,9 млрд. теңгені құрды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 2,1% артық.

2009 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда айналымы (ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 62984,4 млн. АҚШ долларын құрып, 2008 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 37,8% азайды. Экспорт 37607,7 млн. АҚШ долларын құрады (43,8% азайды), импорт – 25376,7 млн. АҚШ долларын құрады (25,9% азайды).

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 8925,2 млрд. теңгені құрды, бұл 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 1,7% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде 6,1% өндіріс өсімі байқалды. Өңдеу өнеркәсібінде (4,5%), электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде (1,9%) өндіріс өсімінің төмендеуі белгіленді.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 1620,3 млрд. теңгені құрып, 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 13,8% артық.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 336,8 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрып, 2008 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,9% төмендеді.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2010 жылғы 1 қаңтар 298028 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5% артты, оның ішінде 50 адамнан кем емес қызметкерлері бар – 282503 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 188800 құрды, оның ішінде 174250 бірлік – шағын кәсіпорындар. Республикадағы шағын бизнес субъектілерінің саны 213454 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,1% артты.

2009 жылғы 1 желтоқсанға мемлекеттік бюджет түсімдері  3167,7 млрд. теңгені, шығыстары 3437,2 – млрд. теңгені, бюджет тапшылығы – 269,5 млрд. теңгені құрады. 2008 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда түсімдер 11,1%-ға, ал шығыстар 8%-ға төмендеді.

2009 жылғы IІІ тоқсанда кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесі табыс ретінде 966,9 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2008 жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейден 37,1% төмен. Пайдалылық деңгейі 24,8% құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 38,4%.

Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына кредиттік салымдары 2009 жылғы қарашаның соңына 7822,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,8% артты. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлесті салмағы 84,6%, шетелдік валютадағы кредиттер 49,9% құрды. Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 6257,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті айға қарағанда 20,1% артық. Жеке тұлғалардың депозиттері тиісінше 25,2% артып, 1806,9 млрд. теңгені құрады.

  

Орындаушы:

Жарияланымдар және ақпаратты тарату басқармасының бастығы

 

Баспасөз қызметі:

Мекен-жай:

Қайсабаев Руслан

Сәрсембина Айжан

Жандаева Динара

010000, Астана қаласы

тел.               8(7172) 749509                    8(7172) 749509      тел. 8(7172) 749257 begin_of_the_skype begin_of_the_skype_highlighting             8(7172) 749257      end_of_the_skype_highlighting

Сол жағалау, Орынбор көшесі 8

R.Kaisabaev@stat.kz

asarsembina@stat.kz

dzhandaeva@stat.kz

Министрліктер үйі 4 кіреберіс

Бөлімдер:
21 қаңтар, 2010 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші