A A A
Мазмұнына өту

You are here

Атырауда далада түнеп жүрген мүгедек әйелге үй берілді - www.zakon.kz, 2016 жылғы 20 желтоқсан

Жаңа пәтерде әйел емін-еркін жүріп тұра алады.

Жатақхана қирап қалғаннан кейін далада қалған бірінші топтағы мүгедек Жамал Бисенғалиева баспаналы болды. Бұл туралы stan.kz, “Мой Город” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін мүгедек әйелдің өз құқығын қорғай алмай жүргені айтылған еді. Оған себеп көпқабатты үйдің кіреберісінде арнайы пандустың болмауы. Осыған байланысты ол өзіне берілген Нұрсая ықшамауданындағы үйден бас тартқан.

“Қарашаның аяғында мені қала әкімі Серік Шәпкенов қабылдап, желтоқсан айында жаңа үй берілетінін айтты. Осылайша маған жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады”, – деді ол. Жаңа пәтерде әйел емін-еркін жүріп тұра алады. Баспананың көлемі 35 шаршы метр.

Бөлімдер:
30 желтоқсан, 2016 - 11:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші