check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2018 жылдан бастап Қазақстан азаматтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды алады - https://strategy2050.kz, 2016 жылғы 23 желтоқсан

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуімен республиканың барлық тұрғындары, баладан бастап зейнеткерге дейін, жұмыс жасайтынына немесе жасамайтындығына қарамастан, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті барлық дәрігерлік көмекті алады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің хатшылығы.

АСТАНА ҚАЛАСЫ23 Желтоксан , 12:48

Жүйені енгізу кезеңдеріне келетін болсақ, ҚР Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келесі кезеңдер қарастырылады.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалардың аударымдары мен жарналарының Қорға төлеу мерзімі басталады;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін жарналарды төлеуді бастайды.

МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін Қордан төленетін ақы 2018 жылғы 1 қаңтардан басталады. Осылайша, ҚР азаматтары мен оралмандарды МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы 2018 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асырылады.

Экономикалық белсенділігі төмен тұрғындар үшін жарнаны мемлекет төлесе, жалдамалы жұмыскерлер үшін олардың жұмыс берушілері төлейді. Салық төлеу органдарында тіркелген жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарна төлеуді өздері қамтамасыз етеді.

Бөлімдер:
30 желтоқсан, 2016 - 11:42 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші