check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы ,20 наурыздағы № 111-Ө бұйрығы

«Прокуратура органдарында (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 111-Ө бұйрығының және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2016 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін шешімдері тізбесінің  3-тармағының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы  Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мынадай:
  1. «Прокуратура органдарында (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 111-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9391 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 маусымда жарияланған);
  2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік  даму министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін шешімдері тізбесінің 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13218 болып тіркелген, «Әділет»  ақпараттық-құқықтық  жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
  4. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің   Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

     Денсаулық сақтау және

  әлеуметтік даму министрі                                                    Т. Дүйсенова

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

_________________Ж. Асанов

2016 жылғы «16» желтоқсан

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prikaz_1022.doc63.5 KB
Microsoft Office document icon buyryk_1022.doc63.5 KB
Бөлімдер:
13 қаңтар, 2017 - 18:22 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші