A A A
Мазмұнына өту

You are here

9 жүкті әйел ауруханада лифт ішіне қамалып қалды - https://baq.kz, 2017 жылғы 10 қаңтар

Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында 9 жүкті әйел лифт ішіне қамалып қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі алматылық Маржан Амановаға сілтеме жасап. Оның айтуынша, әйелдер шамамен 20 минут бойы лифт ішінде байбалам салған.

«Бұл жүкті әйелдер патологиясының үшінші бөлімінде болған. Біз шошып қалдық, жыладық, айқайладық (...) Лифт екінші және үшінші қабат арасында тұрып қалды. Қасымызда медбике болды, барлығы 10 адам болдық. Лифт 600 келіге дейін салмақты көтере алады. Салмақ асырып жібердік деп айту да мүмкін емес, біз оның қалай тұрып қалғанын білмей қалдық. Ол бірден тоқтады да, қисайып қалды, - деді сонда болған әйелдердің бірі. - Біз көмек сұрай бастадық. Ғимараттың артында бір ер адам бізді сабырға шақырып, лифттің қазір жоғарыға көтерілетінін айтты. Содан біз айқай салдық, қатты шошыдық. Мен осыған кінәлі адамдардың жазалануын сұраймын», - деді Аманова.

Әйел Tengrinews.kz редакциясына болған жағдайдың видеосын жолдады.

Сондай-ақ, ол полицейлерді шақырғанын және қазір құқық қорғау органдарындағыларға арыз жазып жатқанын айтты. Бұл оқиға Бостандық ауданында болған екен.

Ал медициналық мекеменің бас дәрігері Айгүл Әбдрахманова оқиға орнына осы мәселемен айналысатын Алматы-лифт мамандарының келгенін айтты.

«Лифт тексерістен өтті, барлығы дұрыс. Мұндай форс-мажор жағдайлар болады ғой. Олар медбикемен бірге болды. Ешкім де оны кінәлі етіп жатқан жоқ, бұл мәселені өз арамызда шешіміз. Ал әйелдерден кешірім сұрадық», - деді бас дәрігер.

Бөлімдер:
20 қаңтар, 2017 - 18:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші