A A A
Мазмұнына өту

You are here

Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар үшін хабарландыру

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 204-бабының талаптарына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар болуы керек.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған мамандандырылған ұйымдардың тізімін өзектендіруде.

Мамандандырылған ұйымдарды Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне 2017 жылдың 1 мамырына дейін мынадай ақпаратты жолдауды сұраймыз: атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар болуы.

Ақпарат берілмеген жағдайда, Сіздің ұйымыңыз Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған мамандандырылған ұйымдардың тізімінен алынып тасталатын болады.

Бөлімдер:
2 наурыз, 2017 - 10:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші