check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"ҚР шалғайдағы аудандарының тұрғындары мобильді оқыту курстары арқылы білім ала алады", - АА "Қазақстан 2050 Стратегиясы"

1 мамырдан бастап шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін пилоттық режимде адамдар орындарында оқып, кәсіп алуына арналған мобильді оқыту курстары ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«Еңбек нарығын жаңғырту экономиканың жаңғыруымен тікелей байланысты. Осыған дейін орын алған кез келген ғылыми-техникалық революция және ағымдағы 4 өнеркәсіптік революция көптеген кәсіптердің жойылуымен, алынып тасталуымен және жаңа салалар мен жаңа кәсіптер пайда болатындықтан жекелеген салалардың толықтай жойылуымен байланысты», – деді Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін мобильді оқыту курстары ұйымдастырылатын болады.

«Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін мобильді оқыту курстары ұйымдастырылады. Бес облыста пилоттық режимде бастаймыз. Адамдар орындарында оқып, кәсіп ала алуы үшін 1 мамырдан бастап оқыту басталады», – деді Т. Дүйсенова.

Сондай-ақ, министр экономиканы жаңғыртудың ең өзекті тақырыбы еңбек ресурстарының біліктілігін арттыру екенін атап өтті.

«Экономиканы жаңғырту туралы айтқан кезде, ең үлкен өзекті міндет еңбек ресурстарының біліктілігін арттыру болып табылады. Осыған орай, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бар. Оның мақсаты – азаматтарды еңбек нарығында талап етілетін кәсіптік дағдыларға оқыту», – деп қосты Т. Дүйсенова.

Министр хабарлағандай, осы оқыту бағдарламасы бойынша азаматтардың стипендиялары, жол ақылары мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.

«Азаматтардың стипендиялары, жол ақылары мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, шалғайдағы елді мекендерден келетін адамдар біржолғы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 24 жастан жоғары адамдар екінші кәсіпке тегін оқи алады. Биылғы жылдың сәуірінде оқыту курсын барлық өңірлерде бастаймыз», – деп қорытындылады Т. Дүйсенова.

Бөлімдер:
29 наурыз, 2017 - 17:07 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші