A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Қазақстандықтар жыл басынан бері 43 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы алды", - АА "Қазақстан 2050" Стратегиясы"

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 42,1 млрд теңге қарастырылса, № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларға 0,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 505,3 мың адамды құраса, асыраушысынан айырылған жағдайда 171,5 мың адамды, жасына қарай 3,3 мың адамды байқатуда.

Аталған кезеңдегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа көлемі:  мүгедектік тұрғысында – 32 мың 28 теңге; асыраушысынан айырылған жағдайда – 28 мың 770 теңге; жасына қарай – 12 мың 719 теңге.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 наурызындағы дерекке сәйкес, елімізде № 1 және № 2 тізімдері аясында мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар саны 20,6 мыңды көрсетуде.

Ағымдағы жылдың басынан есептегенде, № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар көлемі тиісінше 21 мың 374 теңгеге және 19 мың 15 теңгеге көтерілді.

Бөлімдер:
29 наурыз, 2017 - 17:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші